1 Технологиялық карта Күні: Білім беру саласы



бет2/24
Дата03.01.2022
өлшемі138.89 Kb.
#450158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Көркем әдебиет 4

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Біздің балабақшада»

Мақсаты: а) Балабақшадағы сыйластық туралы түсініктерін кеңейту;

Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері, хрестоматия, ковролан тақтасы, суреттер, қақпақтар, жіптер.

Оқу іс-

әрекетінің

кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Балабақшам менің

Жаңа қадам жасадым,

Қош болып тұр, бесігім

Мен қуанып ашамын

Балабақша есігін.

Қайырмасы

Әлдилеген елім,

Сәбиіңмін сенің,

Сәбиіңмін сенің,

Балабақшам менің.

Айтып берер тәтелер

Әсем өлең, жақсы аңыз.

Ойыншықтар әперер

Қандай жақсы бақшамыз.

Шеңбер бойына тұрып, өлеңге сәйкес қимылдар жасайды.




Ұйымдастырушылық ізденістік

Кіріспе әңгіме

-Балалар, бүгін біз сүйікті бақшамыз туралы ой-пікірімізді ортаға салайық.

-Осы балабақшада сендер не үйренгендеріңді айта аласыңдар ма?

-Дұрыс айтасыңдар! Сендер көп нәрсені осы балабақшада үйреніп жатырсыңдар. Себебі сендер күні бойы осы балабақшадасыңдар. Сондықтан «Балабақша- өз үйіміз» деп айта аламыз.

-Ал сендер қалай ойлайсыңдар, балабақша деген атау не үшін берілген? «Балабақша»- бұл әдемі атау. Мысалы, бақшада жас жеміс ағаштары өссе, ал балабақшада Отанымыздың жас ұландары- сендер өсіп жатырсыңдар, бұл жерде сендер жақсылыққа, достыққа, әдептілікке, мейірімділікке, бір-біріңді және үлкендерді сыйлауға үйреніп жатырсыңдар.

-Қазір мен сендерге М. Әлімбаев ағамыздың «Біздің балабақшада» деген өлеңін оқып берейін.

Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз.

Балапандай өсіріп,

Мәпелейді бақшамыз.

Бұл-екінші үйіміз,

Бір туғанбыз бәріміз,

Біз- осы үйдің гүліміз,

Біз- осы үйдің сәніміз.



Сұрақ- жауап

- Осы оқылған өлең шумағында не туралы айтылған?

- Сендерге балабақша несімен ұнайды?

Балалардың жауабын тыңдап, қорытындылау.

-Дұрыс айтасыңдар. Біз күні бойы балабақшада боламыз, бұл-біздің екінші үйіміз, біз осы балабақшаның гүліміз, сәніміз.

Тыныштық сәті (баяу әнмен)

Кірпігімізді төмен түсірсек

Көзіміз жұмылады.

Таза ауада еркін тыныстаймыз!

Ғажап қана ұйықтасақ,

Шаршағанымыз ұмытылып,

Денеміз босаңсиды.

Күн жылына бастады,

Қыстың соңғы күндерінде

Арықтардан су ағып,

Қар ери бастады.

Түн болды!

Аспанда әдемі жұлдыздар жарқырап,

Жайнап шыға келді.

Таң атты! Күн шықты! Көктем келді!

Күннің сәулесі жарқырап

Денемізді жылытты.

Алғашқы бәйшешек гүл ашып,

Жұпар иісін ауаға таратып,

Жымиып күліп, күнге қарай созылды.

Ауаны терең жұтып,

Еркін тыныс алыңдар!

Оянатын сәт келді, оянамыз, тұрамыз,

Керілеміз, күлімдейміз

Бәрекелді қандай тамаша!

Сергіту сәті (әуенмен орындалады)

Кел, балақан, балақан,

Шапалақта алақан:

Жай, жай, жай!

Қозғап барлық денені,

Қолды қатты соқ енді:

Сарт,сарт,сарт!

Тықылдатып таяқты,

Ақырын бас аяқты:

Жай, жай, жай!

Айтқан кезде өлеңді,

Қатты басқын еденді:

Тарс, тарс, тарс!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет