1 технологиялық карта тәрбиеші: Қуанышева Б. Д күні


Меңгереді: қарақұйрықтың жаз және қыс маусымындағы тіршілігі туралы білімді игерді, қарақұйрық жануарының азайып кетуінің себебін. № 13 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА



бет28/40
Дата01.03.2024
өлшемі165.03 Kb.
#493676
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40
Экология негіздері

Меңгереді: қарақұйрықтың жаз және қыс маусымындағы тіршілігі туралы білімді игерді, қарақұйрық жануарының азайып кетуінің себебін.

13 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА


Тәрбиеші: Қуанышева Б.Д
Күні: 10.12.2015
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.
Тақырыбы: Ызғарлы қыс келді (табиғатқа саяхат жасау).
Мақсаты: Қысқы табиғатты бақылап, қарапайым өзгерістерді атай білуге үйрету. Қысқы табиғат ққбылыстары (қардың жауғаны, аяз) туралы түсініктерін кеңейту.
Қажетті құрал-жабдықтар: бала санына жететіндей жіңішке таяқшалар.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, практикалық.



Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтіқ іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотива-циялық-қозғау-шылық

- Балалар, айналаға көз салыңдаршы, не байқап тұрсыңдар?
- Қар жылдың қай мезгілінде жауатын еді?
«Қыс туралы кім көп біледі?» ойыны.

- Айналаның бәрі аппақ қар.
-Қыс мезгілінде.
Балалар шеңбер бойына тұрып,
бір-біріне ойыншықты бере
отырып, қыс мезгілі туралы
айтады.




- Балалар, ағаштарға қараңдаршы, қандай өзгеріс байқап тұрсыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар, ағаштар да қар жамылған. Кәне, енді бәріміз сол ағаштарға барайық.
-Біз жүріп келе жатқанда қандай дыбыс естіледі?
- Ал қардың неліктен сықырлайтындығын білесіңдер ме?
Бүгін ауа райы қандай болып тұр?
- Қар күн суық, аяз болғандықтан сықырлайды екен. Ал күн сәл жылынса болды, қар сықырламайды. Кәне, тағы да аяқтарынмен қарды басып жүріп көріңдерші.
- Міне, балалар, ағаштарға да жеттік. Ағаштардың бұтақтары майысып тұр, себебі: олардың бұтақтарына қар жабысып қалған. Демек, балалар, қар қандай екен?
- Дұрыс айтасыңдар, қар жабысқақ екен. Оны дәлелдеу үшін қолдарыңмен қарды ұстап көріңдерші.
Бірақ та қарды қолғапсыз ұстасаң қар жабыспайды.
Қарды қолғапсыз ұстасаң тез ери бастайды екен. Демек, қар ериді. Қар ерігенде не пайда болады?
- Дұрыс айтасыңдар, енді өздерің жүріп келген жолға қараңдаршы, не байқалады?
- Ол кімдердің ізі?
Яғни, балалар, қардың үстімен адам немесе жануар жүрсе де із қалады екен. Міне, мына із ненің ізі деп ойлайсьщдар?
Демек, қардың үстіне сурет салуға да болады екен. Біз қазір қардың бетіне құстың ізінің суретін саламыз.
Қардан тағы да не жасауға болады?
Оларды балалар бір сөзбен қар мүсіндері деп атаймыз. Міне, қардың жабысатындырын тағы да дәлелдедік. Егер де қар бір-біріне жабыспаса, онда біз мүсін жасай алмайтын едік. Алайда қардың барлығынан мүсін жасай алмаймыз. Себебі: кейбір жауған қарлар жабыспайды. Мысалы, алғашқы жауған қарды қанша домалатсақ та оларды жабыстыра алмаймыз. Олар ақша қар деп аталады.
Енді қарды бақылайық. Қар неге ұқсайды?
Сол жұлдызшалар бір-бірімен ұйыса біріккен кезде
жапалақтап жауады екен. Жалпы қар түйіршіктері жұлдызша түрінде ғана емес , әртүрлі болады екен. Ол туралы біз кейінірек әңгімелесеміз.

- Ағаштарды қар басып жатыр.
Балалар балабақша ауласындағы ағаштарға аяңдап барады.
- Қар сыңырлайды.
- Жоқ білмейміз.
- Суық болып тұр.
Балалар әрі-бері жүріп қардың сықырлағанына мәз болып қуанады.
- Жабысқақ.
Балалар қолғап киген қолдарымен қарды ұстап, жерге қайта тастайды да, қолғаптарына жабысқан қарды көреді.

Қар еріп кетеді.


- Су пайда болады.
- Іздер байқалады.
- Біздің ізіміз.
- Құстың, қарғаның ізі.
Балалар тәрбиеші алдын ала
дайындап қойған жіңішке
таяқшаларды алып сурет салады.
- Аққала, қолтырауық, тасбақа жасауға болады.
Жұлдызшаларға ұқсайды.
Ойынымен қызықты.
Сырғанаң тебеміз, шаңғы тебеміз.
Коньки тебеміз.
Өйткені жазда қар жаумайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет