67
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
Сурет 12. Төгінді мөлшерін дақ көлемі арқылы анықтау үлгісі
7.10 Ластанған материалдарды алаңнан шығару
Төгілу тоқтатылған соң, төгілу аймағынан айқын
ластанған
топырақты жинап алып, пластикалық қаптарға салып сұрыптаңыз.
Бұндай әдісті қолдануғы болатындығына күмәндансаңыз, ЭЕӘ
өкілінің кеңесіне жүгініңіз хабарласыңыз.
Әсер тиген аймақта ластанудың
барлық сыртқы белгілері
жойылмайынша тазалау жұмыстарын жалғастыру қажет.
Төгіндіні тазалау жұмыстарының тиімділігі компанияның ЭЕӘ
өкілімен анықталады. Егер төгінді мөлшері 1 баррельден
асса, барлық ластанған материалдың алынғандығына көз
жеткізу үшін қалған топырақтың сынамасын алуды (14-бөлімді
қараңыз) ұйымдастыру қажет. Егер
әсер тиген алаңның әбден
тазартылғаны расталса, ол жер таза, алмастырушы топырақпен
қайта толтырылады.
Азғантай көлемдегі ластанған топырақты (50 кг дейін)
арнайы
ыдыстарға (0,78 м3) жинауға болады. Алаңнан шығарылатын
топырақ көлемі одан көбірек болса ЭЕӘ бөлімімен кеңескен жөн.
Төгіндіні жинау үшін пайдаланылған барлық құрал-саймандары
(маталар мен сорбенттер,
сондай-ақ ластанған арнаулы
жұмыс киімдер, шүберектер, қолғаптар) сұрыпталып, арнайы
белгіленген бөлек контейнерлерге салынады да, ластанған
топырақпен араласпауы тиіс. Төгіндіні жинау үшін пайдаланылған
құрал-саймандар дереу алмастырылуы/толықтырылуы қажет.