3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда», «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
І нұсқа
Оқу мақсаты
|
10.1.3.1 оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени
|
|
тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин
|
|
сөздердің мағынасын түсіну;
|
|
|
|
10.2.2.1
|
ғылыми-көпшілік
|
және
|
публицистикалық
|
|
мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі
|
|
мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып,
|
|
тыңдаушыға әсер ету.
|
|
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
|
|
|
|
тақырыпқа сәйкес сөздер мен терминдердің
|
|
мағынасын ажыратады;
|
|
|
мәтін бойынша монолог, диалог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу этикетін қолданады.
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Қазіргі заманғы халықаралық экономикалық қатынастардың даму кезеңінде әлемдік шаруашылық байланыстарының жүйесінде жетекші орынды халықаралық сауда алады. Сыртқы сауда саясатының ішінде алдыңғы қатарда Дүниежүзілік Сауда ұйымы кіреді. Ол тауар және қызмет көрсетулердің халықаралық саудасын реттеуде, меншік құқығын қорғау, халықаралық сауда дауларын шешуде, әлемдік сауда саясатын қалыптастыруда маңызды рөлге ие. Дүниежүзілік Сауда ұйымы шеңберінде көпжақты келіссөздер, консультациялар және қатысушы мемлекеттердің ресми және ресми емес кездесулері өтіп тұрады.
Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс - тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Сол ықпалдың әсерінен мемлекеттің сыртқы саясаты күшейеді.
Қазақстанның алдында халықаралық еңбек бөлінісі жүйесінде нақты орынды иелену міндеті тұр. Республика отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экпорт пен импорт құрылымын реттеу, мемлекеттік төлем және сауда балансын жүйелендіру, мемлекет тарапынан экспорт-импортты бақылау және салық салу жүйесін жетілдіру, мемлекеттің нормативті-құқықтық базасын жүйелендіру сияқты міндеттерді қамтитын экономикалық дамудың маңызды бағыттарды анықтауы тиіс.
Қазақстанның ДСҰ-на кіруі тек республиканың осы ұйымға кіруінің экономикалық мүмкіндігін талдауды ғана емес, осы қадамның салдарларын талдауды да қажет етеді.
ДСҰ-ға мүше болудың тағы бір артықшылықтарын айтатын болсақ, ДСҰ-ға мүше елдер халықтарының әл-ауқатын, өмір деңгейін жоғарылатуына, тауарлар және қызметтермен толық қамтылуына қол жеткізуіне, сонымен қатар нақты кірістердің жоғарылауы және үнемі өсуіне ықпал етуіне мүмкіндік алады.
(197 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |