1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Еңбек нарығы және сұраныс». Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау І нұсқа


«Ұлттық таным және мерекелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет22/77
Дата24.11.2023
өлшемі5.66 Mb.
#484351
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   77
10 КЛАСС БЖБ ТЖБ (1)

«Ұлттық таным және мерекелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
ІІ нұсқа



Оқу мақсаты

10.3.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды
анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясы мен байланысын анықтау;
10.4.3.1 шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш
құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу.

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды, факті мен көзқарасты ажыратады, мәтін идеясымен байланыстырады;

  • көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын қолданып, шығармашылық жазба жұмысын жазады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

25 минут

1-тапсырма


1. Мәтінді оқып, 3 негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз.Мәтіннен факті мен көзқарасты ажыратып, оны идеясымен байланыстырып, 1 сөйлеммен жазыңыз.
...Сауыққа өз әлімізше жақсы даярланғанбыз. Клубтың театрын алғамыз. Билет екі күн бұрын қыдыртып сатылған. Жетішатырдың қазақтары қандай тыраш: қатын-қалаш, бала-шағасымен келді — залға сыймай кетті. Мұндайда саналы жеңгейлердің де пайдасы үлкен тиеді ғой. Рәзия жеңгей неше түрлі тәтті нандар пісіріп, жеміс алып, баласының тойы болатындай қызмет істеген. Оспанбек ағайдың үйіндегі жеңгей де қоңыр қаздай байпаңдап, екі бөшке қымызды сатып, ақшаны көпіртіп алып жатыр. Қарындастарымыз да программа сатып, сымпылдап жүгіріп жүр. Мұқтаж шәкірттер кенелмеген не қалды? Жастардың тұңғыш журналы аяқтанбасқа не қалды?
Халық мұнша жиылады деген есте жоқ. Мына топты, анау қызметті көрген соң көңіліміз көкке серпіп, аяғымыз сайға тимей жүр. Жұрт у да шу, мәз-мейрам.Сауықты Наурыз мейрамына арнаған соң қазақтың ескі ырымын да істегенбіз. Сарқасқа құрт көжені тай қазанға жүздіріп, бұқтырып қойғанбыз. Ішіне жылқының басын салып, екі-үш табақ ет асып, үлкендердің алдына тартпақ болғамыз.Ойын басталмай-ақ, жұрт қымызға бас қойып жатыр. Жәлен сықылды мұғалімдер Наурызды түсіндіріп, жастардың талабын құттықтап, мінбеге шығып сөз сөйлеп жатыр. Біреулер: «Ата-бабамыздың жоралығын істейік» деп, төс қағысып, көрісіп жатыр. Ойын басқарушы Әбіжанда ес жоқ, кішкене жұтып келсе керек. Әбіжан болмаса, сауық осындай болар ма еді? Билетті дендеп өткізген, әйелдерге тамақты әзірлеткен, кілем, ыдыс, сайман бар жабдықтың бәрін тапқан сол. Әбіжан — мақтаншақ жігіт. Жарнамаға, программаға «Басқарушы» деген аты жазылғаны Әбіжанға зор атақ. Әбіжанның таныс емес адамы жоқ, құрдасы емесі тағы жоқ. Ол жұрттың бәріне еркін. Берсе қолынан, бермесе жолынан тартқандай ғып алады. Оның ойыны қайсы, шыны қайсы екенін адам да білмейді. Ойынды Әбіжандай кісі басқарсын...
(236 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет