1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Еңбек нарығы және сұраныс». Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау І нұсқа



бет60/77
Дата24.11.2023
өлшемі5.66 Mb.
#484351
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   77
10 КЛАСС БЖБ ТЖБ (1)

Айтылым


Жағдаят: Сіз «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасы» деген мақаладан үзінді оқыдыңыз.
Тапсырма: Мәтін мазмұны бойынша өз пікіріңізді 8-10 сөйлеммен білдіріңіз (сыныптасыңмен диалогке түсуге болады). Сөз әдебі мен сөйлеу этикетін ескеріңіз, интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолданыңыз.

[10]
«Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасы


2014 жылдан бастап Қазақстанда «Серпін – 2050», «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді.
2015 жылдан бастап Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті осы жобаны жүзеге асыруға қатысатын жоғары оқу орнының бірі ретінде бекітілді. Университетке 2015 жылы «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша оқытуға 450 грант бөлінді.
Бағдарлама мақсаты – халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру. Бұл бағдарлама бірінші жылы педагогикалық мамандықтар бойынша іске асқан, кейіннен оның аясы кеңейіп, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтарын қамтып отыр.
(86 сөз)
www.ektu.kz/enrollee/admission/serpin/serpin.aspx




Балл қою кестесі





Сұрақ

Жауап

Балл

Жалпы балл

1




(әр 2 дұрыс жауап үшін
1 балл)



5













1-Д

1







2-А










3-В

1







4-Е










5-С

1







6-Ж







2

Білім алушының басқа да
жауаптары ескеріледі.

1







1

















































Оқылым

Cұрақ

Жауап

Балл

Жалпы балл

3

Негізгі ақпарат

«Рахат» акционерлік қоғамы Қазақстандағы кондитерлік өнім өндіретін ірі өндіріс орындарының бірі.

Қосымша ақпарат

«Рахат» акционерлік қоғамы – 70 жылдық дара тарихы бар,

Қосымша ақпарат

Кондитерлік өнімдер алғаш рет 1942 жылы шығарыла бастады.

Білім алушының басқа да баламалы жауаптары ескеріледі.

3 (әр жауапқа 1 балдан)




4

Факті үшін «Рахат» АҚ-ның қазақстандық басқа кондитерлік өнім өндірушілерден өзгешелігі – алуан түрлілігі мен айрықша шоколад өнімдерін шығаруда басымдық танытуы.
Көзқарас: Әрине, алуан түрлілігі мен айрықша шоколад өнімдерін шығаруда басымдық танытуы.



2




5

Компания келешекте өндіріс көлемін ұлғайтуды және экспорт көлемін арттыру жолы мен өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлауда.

1




6

А

1




7

Мәтін жанры – ғылыми мақала.
Жанрлық ерекшелігін танытатын аспектілер:

  1. Риторикалық сұраулы сөйлем: Тәттілер өнеркәсібін дамытуға қандай мүмкіндіктербар?

  2. Автордың қолдауын, пікіріне дәлел келтіру үшін қолданылған қыстырма сөздер: әрине, мәселен;

3.Публицистикалық стиль жанрына сай ауыспалы осы шақтағы етістіктердің қолданылуы;
4.Автор ойын дәлелдейтін фактілік деректер (сандық, сапалық деректер).

1
2
(мақала
жанрына сай кез келген 2 аспектіні анықтаған
жағдайда)






Жазылым

Балл

Мазмұны мен дұрыс жазылуы
(5 балл)

Тілі (5 балл)

5

Өте жақсы
Жауап толық, қарапайым және күрделі идеяларды тиімді ашады. Жазба жұмысының құрылымы мен жазылуы жоғары деңгейде, негізгі және қорытынды бөлімдері нақты жазылған, келтірілген аргументтері байланысқан және мазмұнын ашады.

Өте жақсы
Жазба жұмысында тәуелдік және көптік жалғауларын сөздерде орынды қолданған.
сын есімдерді сөйлем мазмұнына қарай сәйкес келтіріп жазған, сөздік қоры мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Нақты және жүйелі, елеусіз қателері бар.

4

Жақсы
Көптеген түрлі мысалдар мен
сілтемелерді қолданған, қарапайым және кейбір күрделі идеяларды ашады. Жазба жұмысының логикалық дамуы
жақсы, өз пікірін келтіріп, қорытынды жасай алады

Жақсы
Тәуелдік және көптік жалғауларын көбіне сәйкес, орынды қолданады. Сын есімдерді сөйлемдерде қолдануға тырысады, сөздік қоры жеткілікті, стильдік қолданысы
дұрыс. Жалпы нақты, елеусіз қателері ақпарат беруге кедергі келтірмейді.

3

Қанағаттанарлық
Жазбада бірнеше мысалдар келтірілген, бірақ барлық жағдайда негізді емес. Қарапайым идеяларды жазғанымен, олар ашылмайды. Жазба жұмысында белгілі бір толыққанды жүйелі ой логикалық жағынан дамытылмаған.

Қанағаттанарлық
Тәуелдік және көптік жалғауларын дұрыс жалғап қолданады, сын есімдерді
сөйлемдерге қатыстырады, бірақ стильдік қолданысында қателіктер жібереді. Көбіне
нақты, қателері бар, бірақ қандай да бір ақпаратты түсінуге болады.

2

Төмен
Негізгі тақырыпты ашуға тырысады, бірақ көптеген қателіктер мен сәйкессіздіктер кетіреді, тек қарапайым идеяларды ашады. Жазба жұмысының құрылымы сақталмайды, идеялар дамытылмайды.

Төмен
Сөздік қоры шектеулі, жеке сөздер мен сөз тіркестері,ішінара жай сөйлемдер жазылған. Қайталаулар көп, сөздік қоры
мен сын есімдердің қолданысы жеткіліксіз. Тәуелдік және көптік жалғауларын жалғауда қателер жібереді. Орфография
мен негізгі грамматикалық формалар қате қолданылған, мағынасы кейде түсініксіз.

1

Өте төмен
Жауап түсініксіз, тақырыпқа байланысты сілтемелер аз, сұраққа
жауап бермейді. Жазба ұмысының
құрылымы мен аргументтерді
қолдануы төмен деңгейде, идеялары жүйесіз.

Өте төмен
Тек қарапайым сөйлемдер мен шектеулі сөздік қорды қолданады, көп құрылымдары аяқталмаған және орфографиялық қателіктер жіберген. Бұл мазмұнды түсінуге қиындық келтіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет