1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Еңбек нарығы және сұраныс». Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау І нұсқа


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



бет63/77
Дата24.11.2023
өлшемі5.66 Mb.
#484351
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   77
10 КЛАСС БЖБ ТЖБ (1)

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
І нұсқа


Тыңдалым
Аралым - ай
Бар азапқа бір өзің қанықсың ғой,
Ауыр сынын тағдырдың алыпсың ғой,
Кеме тілген келбетің теніз едің,
Бұл күнде тамшы болып қалыпсың ғой.

Секіріп, шалқып жүрген құздан тасқа,


Жүректе жылуы жоқ мұздан басқа.
Осындай адамдардың кесірінен,
Не қалды сенен қазір тұздан басқа?

Қайтеміз, жағдайың еш оңалмай жүр,


Баяғы балғын шақтар оралмай жүр,
Аралдан әуелеген аққу-қаздар,
Айдынын айналшықтап қона алмай жүр.

Жанары жасқа толған жаралым-ай,


Қайғының оғын құшқан маралым-ай,
Баяғы шалқар теңіз оралса деп,
Адамға арман болған Аралым-ай.
Е.Ермек

1. Әр шумақтан мәтіндегі негізгі идеяны айқындайтын 1 ақпаратты тауып жазыңыз.



1

2

3

[3]
2.Мәтінде жалпыадамзатқа ортақ қандай мәселе көтеріледі? 2 сөйлеммен пікіріңізді жазыңыз.


_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]


3.«Жүректе жылуы жоқ мұздан басқа.
Осындай адамдардың кесірінен,
Не қалды сенен қазір тұздан басқа?» деген тіркестің астарлы мағынасы қандай?
2 сөйлеммен түсіндіріңіз.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]
4.Мәтіннің мазмұнын қысқаша 3 сөйлеммен жазыңыз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

[2]



Оқылым
Ғалымдардың пікірінше, түпсіз терең мұхиттар 4 миллиард жылдан беру өмір сүріп келеді. Мамандардың айтуына қарағанда, су байырғы заманнан бері алдымен ойпат жерлерге жинала бастаған. Судың буланып, жаңбыр болып жерге тамшылануынан мұхит бассейндерінің алғашқы кезде 10-15 пайызы тола бастаған. Оны кейіннен жерасты сулары толтырған. Бұл болжам ғана.
Жер шарында төрт мұхит бар: Атлант, Тынық, Үнді және Солтүстік мұзды мұхит. Су астында да тіршілік пен адамзатқа қажетті қорек бар. Егер адамдар мұхит пен теңіз астындағы керекті қоректі ағзаға пайдаланса, ол 290 миллиард жылға жетер еді деген тұжырым жасайды. Бірақ біз су астындағы пайдалы витаминдерді қаншалықты пайдаланып жүрміз? Теңіз орамжапырағы мен балдырлардың өзінде пайда барын ғана білеміз.
Қазіргі таңда мұхит жер бетінің 71 пайызын жауып жатыр сонымен қатар әлемдік су қорының 97 пайызы мұхитқа тиесілі болып отыр. Сондықтан біздің планетамызды Жер шары деп атағаннан гөрі, «Мұхиттар планетасы» деп айтуға да болады. Өкінішке қарай, жер бетін соншалықты су басып жатқанымен, олардың барлығы да ішуге жарамсыз. Мамандар бұл судың 1 пайызы ғана тұщы деген дәлел келтіреді.
(161 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет