1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Еңбек нарығы және сұраныс». Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау І нұсқа



бет17/77
Дата24.11.2023
өлшемі5.66 Mb.
#484351
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   77
10 КЛАСС БЖБ ТЖБ (1)

https://kk.wikipedia.org/wiki

2-тапсырма


Мәтін мазмұны бойынша жұпта диалог құрастырыңыздар. Диалог барысында төменде ұсынылған сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыздар.


Сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формалары: сіз қалай ойлайсыз, сіздің пікіріңізше, мен сіздің пікіріңізбен толықтай келісемін, кешіріңіз, бірақ мен басқаша ойлаймын, сіздің осы туралы ойыңызды білсем деп едім, өте құнды пікір айттыңыз.
Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері.
Глобусты алып қарасақ, жер шарының көпшілік бөлігін су басып жатқанын көреміз. Ол Дүниежүзілік мұхит деп аталады. Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл жер бетінің бөлігі немесе 361млн км2 тиеді. Мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан құрлық жер материктер немесе континенттер деп аталады. Дүниежүзінде 6 материк бар. Олар: Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия және Антарктида. Құрлықтың барлық жағынан су қоршаған шағын бөлігі арал деп аталады. Құрлықтың су кеңістігіне терең сұғынып кіріп тұрған бөлігін түбек деп атайды . Дүниежүзілік мұхит 4 бөліктен тұрады. Тынық мұхит – Жер шарындағы ең үлкен әрі ең терең мұхит. 1520-1521 жылдары Ф.Магеллан дүние жүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш рет жүзіп өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға ұшырамағандықтан, саяхатшылар оған «Тынық мұхит» деген ат берді. Ең терең жері – Мариан шұңғымасы бар. Оның тереңдігі 11022 м.
Үнді мұхиты Оңтүстік жарты шардың едәуір бөлігін алып жатыр. Бұл – ең жылы мұхит. Үнді мұхиты суының таза, көгілдірлігімен де көзге түседі. Солтүстік Мұзды мұхит - мұхиттардың ішіндегі ең шағыны (14 млн.км2). Ол Солтүстік Америка және Еуразия жағалауларымен шектеледі. Оның көпшілік бөлігін жыл бойы мұз басып жатады.
(173 сөз)
http://bilimdiler.kz/geographia/5137-duniezhuzilik-muhit-zhane-onyn-bolikteri.html




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет