Бағалау критерийі
|
Білім алушы
анықтайды, факті мен көзқарасты ажыратады, мәтін идеясымен байланыстырады;
Көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын қолданып, шығармашылық жазба жұмысын жазады.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Орындау уақыты
|
25 минут
|
Тапсырма
Мәтінді тыңдап, 3 негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз. Мәтін идеясымен байланысын 1 сөйлеммен жазыңыз.
Наурыз қазақ жерінде сан ғасырлардан бері ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатса да, Кеңес үкіметі бұл мерекені "діни мейрам" деп танып, 1926 жылы ресми түрде тойлауға үзілді-кесілді тыйым салды. Наурыз мейрамы 1988 жылы қайта жаңғырды.
Қазақстан президентінің жарлығымен елімізде Наурыз мейрамы 2010 жылдан бері үш күн тойланады. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен 2010 жылы Наурыз халықаралық мейрам мәртебесіне ие болды. 2016 жылы ЮНЕСКО 12 ел – Ауғанстан, Әзербайжан, Үндістан, Иран, Ирак, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан және Түркия атынан Наурызды адамзаттың мәдени мұрасы тізіміне енгізді.
Қазақстанның батысында Наурыз мерекесі 14 наурыздан басталады және "Амал" немесе "Көрісу" деп аталады. Халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен төс қағыстырып, құшақтасып амандасады. Жақсы тілектер айтып, жастар жағы үлкендерге сәлем бере барып, батасын алады. Көрісу мейрамы бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Бұл дәстүрі Қазақстанның тек батысында ғана емес, еліміздің барлық өңірінде де жалғасын тапса игі еді.
Ойымызды тобықтай түйсек, жаһандану мен қалаланудың заманында қазақтың ұлт болып, мемлекет болып сақталып қалуының бірден-бір кепілі – ұлттық рухани тірегімізді – ата салтымыз бен ғұрып-әдеттерімізді, дегдарлық құндылықтарымызды, таза да хақ санамызды жоғалтпау.
(173 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |