4.6 Бақылау сұрақтары
Сұраныстың анықтамасы мен қызметі.
Сұраныс құру тәсілдері.
Іздеу мен ауыстыру қалай жүзеге асырылады?
Фильтр түрлері?
Фильтрлеудің артықшылығы мен кемшілігі?
Сұраныс параметрлері қалай беріледі?
Қиылысқан сұраудың басқа сұраулардан артықшылығы.
5. ЕСЕП БЕРУДІ ҚҰРУ.
5.1 Есеп беруді құрудың мақсаты.
Access-те есеп беруді жасау, негізгі тапсырма қорытындысын баспаға шығару қажет. Баспаға шығаратын мәліметтер қандай түрде және қаншалықты көлемде болуы қолданушының өңдеуіне байланысты.
Есеп беру бойынша қарастырылатын тапсырмалар
МҚ-да барлық студенттердің тізімін баспаалау үшін есеп беруді жасау;
Емтихан тапсырған студент және оның тапсырған емтихандары туралы есеп жасау;
Жасаған қиылыс сұрауы ьойынша есеп беруді жасау.
5.2 Есеп беруді орындау қадамдары.
Алдыңғы тарауларда қарастырылған «Сессия» МҚ ашып, «Отчеты» кірмесін таңдаймыз. Барлық студенттердің тізімін шығаратын есеп беруді жасау үшін МҚ-нан студент кестесін пайдаланымыз:
Есеп беру «Отчеты» кірмесін таңдап, «Создать» батырмасын басамыз. Пайда болған «Новый отчет» сұхбат терезесінен «Автоотчет:ленточный» -ды, терезенің төменгі жағындағы ақпарат көздері менюінен «Студент» кестесін таңдап, «ОК» басамыз (Сурет 43);
Сурет 43 – Есеп берудің түрін таңдау терезесі
Пайда болған есеп беру терезесінің құрылысын көріп шығып, терезені жабамыз. Пайда болған хабар беруші терезе сұрағына «Да» деп жауап беріп, есеп беру атын «Студент_Тізімі» деп жазып «ОК» батырмасын басамыз (Сурет 44);
Сурет 44 – Құрылатын есеп беруге ат беру терезесі.
«Студент_Тізімі» есеп беру өрістерінің орналасуына өзгерістер жасау үшін, МҚ мәзірінен «Конструктор» бөлімін таңдап, пайда болған терезеден мынандай өзгерістер жасауға болады: тақырыбын «Студенттер тізімі» деп атайық, тақырыбының жоғарғы жағына төмендегі бет нөмерін және есеп беру мерзімін апарып орналастырайық (Сурет 45);
Сурет 45 – Есеп беруді конструктор арқылы өңдеу терезесі.
есеп беруді конструктор арқылы өңдеу терезесін жауып, шыққан хабар беруші терезесіне «Да» деп жауап береміз. Есеп беру «Отчеты» кірмесінен «Студент_Тізімі» есеп беруін ашып, өңдеудің қорытындысын көруге болады. (Сурет 46).
Сурет 46 – Есеп беру қорытынды терезесі
Келесі есеп беруіміз – емтихан тапсырған студент және оның тапсырған емтихандары туралы. Ол үшін алдында жасалған қарапайым сұранысты қолданамыз.
Есеп беру «Отчеты» кірмесін таңдап, Құру «Создать» батырмасын басамыз. Пайда болған Жаңа есеп беру «Новый отчет» терезесінен «Мастер отчетов» - ты және терезенің төменгі жағындағы ақпарат көздері тізімінен «Сұраныс» қарапайым сұранысын таңдап, «ОК» батырмасын басамыз (Сурет 47);
Сурет 47 – Есеп берудің «Есеп беру шеберін» («мастер отчетов») түрін таңдау терезесі.
пайда болған Есеп беруді құру «Создание отчетов» терезесінен таңдау батырмасының көмегімен Фамилиясы, Бағасы өрістерін іріктеп аламыз, «Далее» батырмасын басыңыз.
Сурет 48 – Есеп беруге қажетті өрістерді таңдау терезесі.
пайда болған терезеде «Далее» батырмасын басыңыз.
Сурет 49 – Есеп беру құрылымының терезесі.
келесі терезеден «Далее» батырмасын үнсіз келісім бойынша баса береміз, себебі топтастыру бізге қажет емес (Сурет 52);
Сурет 50 – Есеп беруде топтастыру шартын қою терезесі.
Пайда болған терезеден бірінші сорттау терезесінен «Бағасы» өрісін таңдап, кему бойынша сұрыптау шартын орнатып «Далее» батырмасын басамыз. (Сурет 51);
Сурет 51 – Сұрыптау шартын қою терезесі
Келесі қадамда есеп беру макетін таңдап, «Далее» батырмасын басамыз (біздің жағдайымызда үнсіз келісім бойынша тұрған қалпын қабылдай саламыз (Сурет 52);
Сурет 52 – Есеп берудің макетін таңдау терезесі.
Келесі қадамда есеп берудің стилін таңдап, «Далее» батырмасын басамыз (Сурет 53);
Сурет 53 – Есеп берудің стилін таңдау терезесі.
Пайда болған терезеден есеп берудің атын «Емтихан тапсырған студенттер» деп беріп, «Готово» батырмасын басамыз (Сурет 54);
Сурет 54 – Есеп беруді атау терезесі.
Құрылған есеп беру құрылымын көріп шығып, терезесін жабайық. МҚ мәзірінен «Емтихан тапсырған студенттер» есеп беруін таңдап «конструктор» режиміне көшейік. Ашылған терезеде суреттегідей өңдеулер жасаймыз (Сурет 55);
Сурет 55 – Есеп беруді конструктор бойынша өңдеулер жасау терезесі.
өңдеулер жасап болғаннан кейін «конструктор» терезесін жауып, пайда болған хабар беруші терезесінде «Да» деп жауап береміз. «Емтихан тапсырған студенттер» есеп беруін көреміз (Сурет 56)
Сурет 56 «Емтихан тапсырған студенттер» есеп беруінің нәтижелік терезесі.
Достарыңызбен бөлісу: |