44. Садуақас ата туралы не білесіз?
Түркістан қаласынан солт.батысқа қарай 44 шақырым жерде Кентау қаласына қарасты Жібек жолы ауылдық округі аумағы, көне Қаратөбе археологиялық ескерткішінің оңтүстік-шығыс бетінде 300 метр жерде орналасқан. Заманында қандай болғаны белгісіз, ал қазір тек құлпытасы ғана сақталған. Құлпытасы күйген кірпіштен қаланған. Айналасы темір шарбақпен қоршалған, құдығы бар, күтімді жер. Құлпытасының ұзындығы – 10,2 метр, ені – 1,6 метр, биіктігі – 1,5 метр. Қабірінің ұзындығы 10,2 метр, ені 1,7 метр. Маңында көне шикі кірпіштен сақталынып қалған дуалдар бар. Сәдуақас ата жайлы деректер өте аз, дегенмен, Әмір Темірдің вакуфтық қолхатында «Хазрати Сағди Уаққас» деген атпен кездеседі. Сәдуақас ата жайында екі түрлі аңыз бар. Бірінде ол Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың сахабасы, яғни көзін көрген сенімді әскер басы делінсе, екіншісінде Әзірет Сұлтанның ұрпағы деп көрсетілген.
Сәдуақас ата туралы деректер аз. О.Дастановтың «Әулиелі жерлер туралы шындық» атты кітабында ғана кішігірім мәлімет кездеседі. Сәдуақас ата туралы екінші деректі «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің археологы, ғалым, т.ғ.к М.Тұяқбаевтың «Ұмыт қалған әулиелер» атты мақаласынан кездестіреміз. Мақала да Әмір Темірдің Түркістан өңіріндегі жерлерді өзі құрған үш қорға мәңгілікке бөліп бергендігі, түсетін түсімді қалай бөлу керек екендігі және бұл қорларды кім басқаратыны жайлы айтылады. Жоғарыда айтылған қордың үшіншісі Алла жарылқағыр ұлы Әзірет Сағди Уаққас қорына тиесілі болғандығын көрсетеді.
45. Шаш ана туралы баяндаңыз
Қарашаш ана, Айша Xатун — Қожа Ахмет Ясауидің анасы. Қарашаш ананың әкесі мұса шейх Ибраһим ата (Ибараһим Шейх) шәкірттерінің бірі болған. Қарашаш ана туралы деректер аз кездеседі. Содан бізге жеткені 13—14 ғ-ларда тұрғызылған Қарашаш ана күмбезі. Ясауидің шешесінен жастай айырылғанына қарағанда Қарашаш ана 1099-1100 жыл шамасы қай тыс болған.[1]
46. Қарахан ата туралы баяндаңыз
Қарахан кесенесі - Қазақстанда 11 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша-Махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған. Күмбезі ғана құлаған кесененің төрт қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы 19 ғасырдың 90-жылдарына шейін сақталған. 1905 жылы оның құлаған бөлігі түгелдей бұзып алынып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салынған. Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкент ишаны Сайд Бакханов қаржыландырған. Кейінгі салынған кесене алғашқысына ұқсамайды. Қас беті Айша бибі кесенесіне ұқсас болғанымен, кірпіштерінің өрнектеліп қалануы жағынан Бұқарадағы ортағасырлық Исмаил күмбезіне еліктеушілік байқалады. Қарахан кесенесі төрт бұрышты, ортаңғы кең бөлмеден және үш кіші бөліктен тұрады. Орталық бөлменің төбесі киіз үйге ұқсатылып жабылған. Артқы жағында екі мұнарасы бар. Кесененің қас беті оңтүстікке қараған, ал оның ішіндегі қабір оңт-тен солт-ке қаратыла қойылған. Кірер есігі аркалы қуыспен безендірілген. Қабырғаларының ішкі жағы кесененің бұрынғы өз кірпіштерімен қаланып, сыртқы жағын қалауға жаңа кірпіш пайдаланылған.
Достарыңызбен бөлісу: |