1. Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Сығай хан Барақ хан ұлы баяндаңыз



бет26/47
Дата12.04.2023
өлшемі181.56 Kb.
#472102
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47
Suraktar-2023 2

Сығай хан Барақ хан ұлы баяндаңыз
XVIII ғасырдағы қазақ хандарының бірі. Туылған жылы белгісіз. Қайтыс болған уақыты 1750 жылдың шамамен ақпан-наурыз айлары. Сығай хан Барақ сұлтанның үлкен ұлы, Тұрсын ханның немересі. Қазақ хандарының Жәдіктен тарайтын әулетіне жатады (Ерофеева, 1997: 118). Тарихи деректерде есімі Шигай, Сығай үлгілерінде кездеседі (Ерофеева, 2001: 121). Сығай қазақ, қалмақ, башқұрттар арасында танымал болды. 1738 жылы 12 жасында көтеріліске шыққан башқұрттардың шақыруымен Башқұртстанға барып хан сайланады. Бұл кезеңде оралдық башқұрттар өздерінің еркіндігі үшін Ресейге қарсы көтеріліске шыққан болатын. Ол жақта болуы ұзаққа созылмай, Сығай өз еліне қайтады. Осыдан кейін башқұрттардың билеушісі Қарасақал бірнеше рет Барақ және оның ұлдары тарапынан қолдауға ие болды (Қазақ хандары, 2015: 84–85). Сығай 1744 жылы өз әкесінің бұйрығымен аманат ретінде Жоңғарияға жіберілді. Онда ол Галдан Цэреннің әйелімен заңсыз қатынасқа түсіп, өзінің ашынасының ұлы, Жоңғария тағының мұрагері Цэван-Доржи-Аджи-Намжилдің өшпенділігіне тап болады. Сығай 1745 жылы қазақтарға қайтарылады. Елге оралғаннан кейін өз әкесімен бірге біраз уақыт Қазақстанның солтүстігінде көшіп-қонып жүрген. 1748 жылдың тамызында әкесімен бірге Әбілқайыр ханды қастандықпен өлтіруге қатысты (Ерофеева, 1997: 118). Кейінірек Сығай Барақпен бірге Қазақстанның оңтүстігіне қоныс аударады. 1750 жылы Сығай хан Қарнақ қаласында әкесі, ағасы және өзі жергілікті қарсыластарының у беруі салдарынан қаза табады. Сығайдың улануын жоңғар қонтайшысы Аджи-Намжил немесе Әндіжандық сарттардың ұйымдастыруы да мүмкін. Барақ пен оның ұлдарының уланып қаза табуының тағы бір жорамалы ол Әбілқайырдың балаларының қатысуымен болған деседі
Әбілмәмбет хан Болат хан ұлы баяндаңыз
Әбілмәмбет хан – XVIII ғасырдың 30–60 жылдары аралығында қазақ қоғамының ішкі және сыртқы саяси тарихында белгілі бір дәрежеде қызмет атқарған, сондайақ бірнеше ғасыр бойы қазақ мемлекетінің саяси тізгінін өз қолдарында ұстаған билеуші әулеттің өкілі болған тарихи тұлға. Ол – біртұтас Қазақ мемлекетінің соңғы билеушісі Тәуке ханның туған немересі болып келеді. Сәмеке өлгеннен кейін Орта жүзге хан сайланған. Абылайдың билікке жетуіне себепші болған. Оның өмір сүрген жылдары шамамен 1690 жылдың соңы – 1771 жылдар аралығы. Әбілмәмбет ханға қатысты деректердің жазба түрін XVIII ғасырдың 30–60 жылдарындағы қазақ-орыс және қазақ-қытай қатынастарын сипаттайтын материалдардан көруге болады
Әбілмәмбет қазақ хаңдарының ішінде алғаш рет көзі тірісінде билікті лайықты тұлғаға өз келісімімен берген бірінші және соңғы хан. «Абылай хан» жырыңдағы: Айтады жасы алпыстан өткендігін, Азайып ақыл-қайрат кеткендігін, Хан бол деп Абылайға айтқан серттің, Мөлшерлі күні бүгін жеткендігін Төрімнен көрім жуық еңді меніңКенелттің тірі келіп, толды кемім. Тірі күңде берейін өз қолыммен, Мінеки, хандық мұрам болсын сенің, – деген жолдармен анықтап ұғындыруға болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет