1. Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Қаз дауысты Қазыбек би туралы баяндаңыз



бет29/47
Дата12.04.2023
өлшемі181.56 Kb.
#472102
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   47
Suraktar-2023 2

Қаз дауысты Қазыбек би туралы баяндаңыз
Қазыбек Келдібекұлы — қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек – есімдері елге белгілі әділ билер болған.
Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгергенозық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған. [1]
Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді.
Шоң би Едіге ұлы туралы не білесіз?
Шоң Би Едігеұлы (1764-1836)- Орта жүздің атақты биі. Қазақ даласында хандық билікті жою мақсатында 1816 ж. "Төрт ұлы" (Төртуыл) одағын жаңғыртады. Одаққа кірген рулардың билері Ш. б-ді бір ауыздан "Төбе би" деп таниды. 1833 - 1836 жылдары Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны болған. А.Янушкевич өзінің 1946 ж. Парижде шығарған "Дневники и письма" деген еңбегінде : "Шоң би - үлкен адам болған. Ол халықты ақылмен, әділдікпен басқара білген", - деп жазған. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесінде жерленген. [1] Арғын тайпасының Айдабол руынан шыққан, Абылай хан ордасындағы билер кеңесінің беделді мүшесі Едіге бидің ұлы. Әкесі қайтыс болғаннан кейін билікке келіп, қол астындағы халықты төрелердің билігіне қарсы ұйымдастырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет