1. Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


«Құдірет» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз?



бет38/47
Дата12.04.2023
өлшемі181.56 Kb.
#472102
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47
Suraktar-2023 2

99.«Құдірет» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз?
3рет (Жылап дұға қылам саған, Әнтал хади, Хақ шарабын ішкен жандар )
1.Жастық-бақта күте алмаппын көңіл гүлін,
Қарттық шақта сөндіріппін өмір нұрын.
Дін жолында жеңілдер ме менің жүгім? –
Иә, Құдірет, жылап дұға қылам саған!
2.Құнсыз құлың – дәргейіңе жылап келдім,
Жетегіңе ал, жолыңа сал, Әнтәл Һәди*.
Ия, Құдірет, адастырмас шырақ бергін,
Жетегіңе ал, жолыңа сал, Әнтәл Һәди.
3.Хақ шарабын ішкен жандар есі танып,
Қияметкүнауыздан от шашар, достар.
Құдіретпенжаратылғанжетітамұқ
Ғашықтардыңзарүніненқашар, достар.



  1. «Баязит» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз?

3 рет (Һай зікірі, Кепіл болам, Кепіл болам)
1.Құл Қожа Ахмет, алам десең Хақтан үлес,
Баязиттей нәпсіңменен, жатпа, күрес.
Әй, бейхабар, үмбет болсаң арттан ілес! –
Жан-жүрекпен Һай зікірін айтың, достар.
2.Сен Хақты сүй зәкір* болып, шәкір* болып,
Нәпсі көзін ой сахарда, аһ ұр келіп,
Дүниені қой Баязиттей пақыр болып,
Хақ Жамалын көрсетпесе, кепіл болам.
3.Фархадтайын мехнат тартып, таулардан ас,
Баязиттей түнде тұрып, бауларға қаш,
Жөнейіттей шөлді кезіп саулар ма жас?! –
Хақ Жамалын көрсетпесе, кепіл болам.



  1. «Жүрек көзі» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз?

5 рет (Һу алқасы, ҺАЙ ЗІКІРІ , Зікіршінің қабірдегі халі, Қиямет күні жақын қалды, Ләмәканда сабақ алдым)
1. Жырт пердесін түнектің,
Тілеп Хақтың дидарын.
Ашып көзін жүректің,
Көзбен көріп иланың
2.Көз жасың – май, қалің – білте, хәлің – шырақ,
Ғибрат алмас тас жүректер көзін шылап.
Жол үстінде топырақ болғын өзің, шырақ,
Жан-жүрекпен Һай зікірін айтың, достар.
3.Келің, достар, сал зікірді – Хаққа мадақ,
Хақ зікірі жүрек көзін ашар, достар.
Истиғфарды тынбай айтып тап қанағат,
Шайтан-лағын тән мүлкінен қашар, достар.
4.Дүние байлап жүрек көзін, шын асылға
Қолы жетпей қалды жұрттың, ұғасың ба?
Нәтиже жоқ дәруіштер дұғасында,
Сан бәлені ел үстіне төкті, достар.
5.Жүрек көзін аша алмасам тағат қылып,
Хақ дәргейі мақұл көрмес, білдім мән-а.
Хақиқаттың пәк сөзімен таң аттырып,
Ләмәканда* Хақтан сабақ алдым мән-а.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет