Түркістан қаласының тарихын кезең-кезеңімен атаңыз
Ясы-Күлтөбе қаласының тарихына тоқталыңыз
Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне сіңірген еңбегі
Қ.А.Ясауи кесенесіндегі ортағасырлық қола жәдігерлерді басым бөлігін зерттеген ғалымды атаңыз
1978-1980 жылдары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі тарихи тұлғалар құлпытасындағы жазуларды араб тілінен қазақ тіліне аударған текстолог ғалымды атаңыз
1995 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі тарихи тұлғалар құлпытасындағы жазуларды араб, парсы тілдерінен қазақ тіліне аударған текстолог ғалымдарды атаңыз
97.«Миғраж» тірексөзіхикметтенешежердекездеседіжәнехикметтенүзіндікелтіріңіз?
3 рет(Салауат, Әзіреті әлі хақында, Хақ құлдары)
1.Залымдардың бәлесін харап қылған Мұхаммет,
Бір Алланың Дидарын талап қылған Мұхаммет.
Бес уақыт намазда имам болған Мұхаммет,
Миғражда көргені Дидар болған Мұхаммет.
2. Төртінші дос – жар болған Алла шері Әли-дүр,
Миғражда бар болған Алла шері Әли-дүр.
Хақ әмірін жүргізді, кәпірлерді кіргізді,
Ай дидарлы, нұр жүзді Алла шері Әли-дүр.
3.Ғалам пақыры Мұстафа, болсын бізден мархабат,
Миғраж түні бізге айтты: «пақырлыққа бол талап!»
Дүние боғын малталап, харам қумай анталап,
Хақты сүйген ғашықтар көпті өтеді арқалап.
98.«Мұнафық» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз?
Мұнафық- Екіжүзді адам - 3 рет (Қаһар атты қаһарың, Пейіш пен тозақтың айтысы, Ғашықтарға уағда қылды дидарын хақ)
1.Мұнафықтар ылаңы – күнә-қылмыс қылады,
Жүзін жаспен жуады – өртін қуар Қожа Ахмет.
Тарихатты білмедім, Хақиқатқа кірмедім,
Пір бұйрығын ілмедім: дертің – бұлар, Қожа Ахмет.
2.Тозақ айтар:
мен артық, алаяқ бар – қойынымда,
Оттан ескен кісен бар мұнафықтар мойынында.
3.Мұнафықтар күйіп-жанар тозақтағы,
Иман тапқан жолығады ғажапқа әлі.
Имансыздың тартар мәңгі азап тәні,
Барлығына иман тілеп жүрдім мән-а.
Достарыңызбен бөлісу: |