10 – лекция. Менеджменттегі мотивация



бет4/13
Дата02.10.2022
өлшемі1.83 Mb.
#461786
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
8cdf3c00a3e363a322914c662685e712

Адамның қызметке деген мотивациясы оны белгілі бір әрекетке итермелейтін күштердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Бұл күш адамның іші мен сыртында болып, оны қандай да болсын қадамдарды саналы немесе санасыз түрде жасатады. Мұнда адамның жеке күші мен әрекеттері арасындағы байланыс өзара қатынастардың өте күрделі жүйесімен орналастырылған, мұның нәтижесінде әртүрлі адамдар күштер тарапынан болатын бірдей ықпалдарына әртүрлі жауап бере алады. Бұдан басқа адамның тәртібі, оның әрекеттері өз кезегінде нәтижесінде ықпал деңгейі ретінде қалай өзгерсе, осы ықпал арқылы болатын тәртіп бағыты да солай өзгеретін жауап беруіне ықпал жасай алады. Айтылғанды ескерсек, мотивацияның анықтамасын беріп көруге болады.

Мотивация – бұл адамды қызмет жасауға итермелейтін, қызметтің шектері мен түрлерін және оған белгілі бір мақсаттарға жетуге бағыт беретін ішкі және сыртқы күштер жиынтығы болып табылады.

Мотивацияның адам тәртібіне беретін әсері көптеген факторларға байланысты, көбінесе жеке және адам қызметі тарапынан кері байланысы әсерімен өзгере алады.

Сұраныстар – бұл әртүрлі адамдар үшін жеткілікті түрде ортақ, сондай-ақ әр адамда жеке түрде пайда болатын нәрсе. Сонымен бұл адам өзін-өзі босатуға талпынатын нәрсе, өйткені сұраныс бар жерде ол өзі туралы білдіріп, оны жоюды «талап етеді». Адамдар сұраныстарды әрқалай жоя алады, сұраныстарды қанағаттандырып, оны басып немесе оған мән бермесе де болады.

Сұраныстар саналы және санасыз түрде пайда бола алады. Бірақ сонда да сұраныстардың барлығы бірдей саналы түрде жоймайды. Егер сұраныс жойылмаса, онда ол мәңгілікке жойыла қойған жоқ. Сұраныстардың басым бөлігі әр кезеңде жаңартылып тұрады, бірақ олар өзінің нақты көрінісінің формасын, сондай-ақ әсерінің деңгейін өзгерте алады.

Мотив – адамның белгілі бір әрекетке баруына жағдай жасайды. Мотивация адамның «ішінде» болады, ол «персоналды» мінезге ие, адамға тиісті көптеген ішкі және сыртқы факторларға, сондай-ақ онымен бірдей пайда болатын мотивация басқалардың әрекеттеріне байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет