10 – лекция. Менеджменттегі мотивация



бет5/13
Дата02.10.2022
өлшемі1.83 Mb.
#461786
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
8cdf3c00a3e363a322914c662685e712

Мотив бір ғана адамды әрекетке итермелеп қана қоймай, не істеу керек екендігін және бұл әрекет қалай жүзеге асатынын анықтайды. Көбінесе, егер мотив сұранысты жою үшін қолданылатын әрекеттер туғызса, онда әртүрлі адамдардың іс-қимылдары олар бірдей сұранысты сезінген жағдайда бұл әрекеттері тамаша болуы мүмкін.

Мотивтерді танып білуге болады - адам мотивтерін, олардың іс-қимылдарын білдіртпей немесе оларды өзінің мотивациялық жиынтығынан жоя отырып, өз мотивтеріне ықпал ете алады.

Адам тәртібі жалғыз мотивпен анықталмайды, олар адамның тәртібіне ықпал ету деңгейі бойынша мотивтер бір-біріне деген белгілі бір қатынаста болатын жиынтығымен анықталады, сол үшін адамның мотивациялық құрылымы оның белгілі бір әрекеттерін жүзеге асыру негіздері ретінде қарастырыла алады.

Адамның мотивациялық құрылымы белгілі бір тұрақтылыққа ие. Алайда ол көбінесе адамның тәрбиелену және білім алу үрдісінде саналы түрде өзгере алады.

Мотивтендіру – бұл адамда белгілі мотивтерді ояту жолымен, оны белгілі бір іс-әрекеттерге итермелеу мақсатындағы адамға ықпал ету үрдісі.

Мотивтендіру адаммен басшылық жүргізудің негізі мен жүрек тұсын құрайды. Басқарудың өте үлкен деңгейіндегі нәтижелілік мотивтендіру үрдісі қаншалықты сәтті жүзеге асуына байланысты. Мотивтендіру нені көздейтініне байланысты, ол қандай мәселелерді шешеді, мотивтендірудің екі негізгі типтерін белгілеуге болады.

Бірінші тип адамға деген сыртқы ықпал арқылы оны мотивтендіретін субъект үшін ойдағыдай нәтижеге алып келетін іс-әрекеттерді жүзеге асыруға итермелейтін белгілі бір мотивтерді анықтаудан тұрады. Мотивтендірудің осы типінде адамды өзі ойлағандай іс-әрекеттерге апаратын қандай мотив бар және оны қалай шақыру керектігін жақсы білу қажет.

Мотивтендірудің осы типі көбінесе сауда келісімінің мынадай нұсқауын еске түсіреді: «Мен саған қалағаныңды беремін, ал сен маған қалаған нәрсемді бересің». Егер екі жақта да өзара қатынас точкалары болмаса, онда мотивтендіру үрдісі бола алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет