10 – лекция. Менеджменттегі мотивация


Екінші тип өзінің мәселесімен адамның белгілі бір мотивациялық құрылымының қалыптасуына ие



бет6/13
Дата02.10.2022
өлшемі1.83 Mb.
#461786
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
8cdf3c00a3e363a322914c662685e712

Екінші тип өзінің мәселесімен адамның белгілі бір мотивациялық құрылымының қалыптасуына ие. Мұндай жағдайда негізгі назар мотивтендіру субъектісінің ойындағы адам әрекеттерінің мотивтерін дамытып, күшейтуге бөлінген және керісінше, адамға нәтижелі басшылық етуге кедергі жасайтын мотивтерді әлсірету. Мотивтендірудің бұл типі тәрбиелік және білім беру жұмыстарының мінезіне тән және адамнан іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде алуға күтілетін қандай да болсын әрекеттер немесе нәтижелермен байланысты емес.

Мотивтендірудің екінші типі оны жүзеге асыру үшін үлкен күш, білім мен қабілетті талап етеді. Алайда оның да қорытындылары жалпы мотивтендірудің бірінші типі нәтижелерінен асып түседі. Бұны игеріп, өз тәжірибесінде қолданып жүрген ұйымдар өз мүшелеріне сәтті және нәтижелі түрде басшылық ете алады.

Мотивтендірудің бірінші және екінші типтерін салыстыруға болмайды, өйткені басқарудың қазіргі заманғы тәжірибесінде ұйымдар мотивтендірудің осы екі типінде бір-бірімен тіркестіруге талпынуда.

Бір жұмысты адам көп күш салып жасай алады. Толық күшін салып та жұмыс жасай алады, жартылай күшін де пайдалана алады. Сондай-ақ, ол жеңілдеу жұмыс алуға талпына алады, күрделі және ауыр жұмыс істеуіне, қарапайым шешімге келуге, күрделі шешім іздеп, оны қолына ала алады. Осының бәрі адам қандай күш жұмсайтындығын көрсетеді және бұл өзінің жұмысын атқаруда көп күш жұмсауға қаншалықты дәлелденгендігіне байланысты.

Мотивация әсер ететін қызметтің үшінші мінездемесі бастаған істі жалғастырып дамытудағы табандылықтан тұрады. Олар басында қызмет етуде жақсы нәтиже берсе де, қызығушылықтың жоғалуы мен табандылықтың болмауы өздерінің мүмкіндіктеріне қарағанда әлдеқайда төмен деңгейде өз рөлін атқара отырып, өз күштерін қысқартып аз талпынады.

Табандылықтың болмауы бастаған істі аяғына дейін апаруда өзінің кері әсерін тигізе алады. Жұмысшы тамаша идея айтып, тәжірибеде ұйым үшін жіберіліп кеткен мүмкіндіктер ретінде қалатындай оларды атқаруда ешқандай әрекет жасамауы да мүмкін.

Барлық қажетті талаптар мен реттегіш нормаларды ескере отырып жұмысты жауапкершілікпен жүзеге асыруды көрсететін істі атқарудағы ұқыптылық - көптеген адамдар үшін өз жұмыстарын табысты атқарулары үшін ең маңызды шарт болып табылады. Адам білікті және білімді бола алады, қабілетті бола отырып көп жұмыс істей алады. Алайда мұндай бола тұра, ол өз міндеттеріне жауапкершіліксіз қарауы мүмкін және осының бәрі оның қызметінің барлық нәтижесін жоққа шығара алады. Ұйым басшылығы мұны жақсы түсініп, жұмысшылардың тәртібінде осындай мінездемесін дамыту үшін мотивтендіру жүйесін қалыптастыру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет