10-сынып Түсінік хат Оқу жоспары, пән туралы түсініктеме, сынып, жылдық жүктеме


Сынып оқушылары жоғарыда берілген суретті сөзге көңіл бөліп, өз ойларын осы сөздерге бағыттап айтады. ЖЖ



бет2/8
Дата20.02.2020
өлшемі0.94 Mb.
#448011
1   2   3   4   5   6   7   8
1 Оқу жоспары Қазақ тілі 10 сынып ЖМБ

Сынып оқушылары жоғарыда берілген суретті сөзге көңіл бөліп, өз ойларын осы сөздерге бағыттап айтады. ЖЖ



шг

Тыңдалым тапсырмасы.

  • Алдымен, аудиомәтіннің (тақырыбы: Астана - жаңа әлемдегі Еуразия мәдениетінің орталығы ) маңызды бір бөлігі тыңдалады Оқушылар топтарда парақтарға сұрақтар жазып (өз болжамдарын қосуға болады), басқа тогптарға лақтырады, ал сол топтың лақтырған сұрағына жауап жазып кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған оқушы сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай жалғастырады.

  • Тыңдалым материалы толық оқылғаннан кейін оқушылар сыни сұрақтар құрастырып, топтық бағалау болады.


Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

Оқушылар тыңдалым барысындағы сұрақтардың жауабын негізге ала отырып, публицистикалық стильде мақала жазады




Саралау мақсатында төмендегі сұрақтарды беруге болады:

Рухани жаңғыру кімнен басталады?



  • Сен үшін қазіргі қоғам құндылықтары: не деп ойлайсың?



  • Мұғалімге ескерту: Осы бөлімдегі негізгі оқу мақсаттарына қосымша басқа оқу мақсаттарын қолданып, өз сыныбыңыздың ерекшелігіне қарай оқыту тәсілдерін пүрлендіре аласыз.

http://www.ktk.kz/kz/news/video/2012/06/15/46599




Т/А4 Негізгі ойды анықтау

ӘТН

Грамматикалық норма

10.1.3.1 мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық – саяси) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру.

10. 4.4.1- сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу



Тыңдалым алды тапсырма.

Сыныптың әр бұрышына мұғалім «Мәдениет. Өнер. Өркениет т.б.» қатысты сөйлем немесе сөздерді ақ параққа жазып іліп қояды. Оқушылардың қолдарына сол сөз немесе сөйлемдердің жауабын немесе сұрағын карточкаға жазып береді. Оқушылар сыныпты айналып жүріп, өзінің қолындағы тапсырмаға қатысты парақты табады. Барлығы тауып болған соң, бірлесе жүріп әр парақтың жанына барады. Өз парағының жанына келгенде, сол оқушы өзіне қатысты оқу материалын түсіндіреді. ЖЖ



Тыңдалым тапсырмасы.

Оқушылар алдымен, шағын топтарға біріктіріледі. Одан кейін « Музей – мәдениет пен өркениет ордасы» тақырыбындағы бейнекөріністі көреді. Ортақ талқылауға «Бейнекөріністе көтерілген мәселе қандай ортада кездеседі? «Музей – мәдениет пен өркениет ордасы» деген пікірге қаншалықты қосыласыз? Неліктен?» т.б. сұрағы беріледі. Топтарда талқылау басталғанда әр топтан бір «кезбе тілші» ерікті түрде шығып, басқа топтардағы оқушылармен сұхбаттасады. Соңында жинаған мәліметтерімен өз тобының мүшелерімен бөліседі. Бұл тапсырманы орындағаннан кейін, бейнематериалдың маңызды бөліктерін еске сақтап, негізгі ойды басшылыққа алып мәтін құрастырады Оқушылар бұл түйткілді тақырыпты таразыға салып, өзекті мәселенің мәніне үңіліп, мәселеден шығу жолдарын қарастырады.



Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

Жоғарыдағы тапсырманы орындағаннан кейін, оқушылар тыңдалым материалын тағы бір тыңдап, сөз тіркестерінің жүйелік заңдылығына сай төмендегі кестені толтырады.



Сөз тіркестері

Матасу

Қиысу

Қабысу
















Өркениеттің дамуы

Құндылықтар жалғасуда

Мәдени орын





















































Дифференциация тапсырмасы
Топқа тақырып бойынша

(мәдениет және өркениет т.б.) мәтін немесе ресурс материалы, суреттер беріледі. Оқушылар осы ресурс бойынша 5 минутта 1 мәселе бойынша

5 идея айтуы тиіс.Спикер топтың идеяларын жазып алып, басқа топқа таныстырады. Бұдан әрі айтылған идеялар негізінде топтық талқылау жүргізуге болады.

Синтаксис ( гр. σύνταξις - құру, тәртіп, амал-тәсіл ) - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Синтаксис сөйлеудің калыптасу ережелерін зерттейді. Қазақ тілінің синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді: сөз тіркесінің синтаксисі, сөйлемнің синтаксисі. Соңғысы өз ішінен жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып жіктеледі.

http://mangystautv.kz/ru/archive/programs/programs_morning/kozbe-koz/573538



Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану.


12.2.1 - ғылыми-көпшілік стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері);

Оқылым алды тапсырма.

Оқушыларға мұражай экспонаттары, ағайын – туыс бас қосуы, бүркіт, тайқазан, Қожа Ахмет Яссауй кесенесі т.б. суреттері беріледі. Берілген суретке қарап, оқушылар жұпта әңгімелеседі).


Оқылым тапсырмасы. Оқушылар алдымен мәтінмен (тақырыбы: Қоғам құндылығы - халықтың тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі)

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз. Оқылым мәтінінен негізгі ақпараттарды анықтайды және ғылыми стильдің ерекшелігіне қарай ажыратады. Сыныптағы жағдайға байланысты төмендегі тапсырманы да орындатуға болады:



  • Бұл тапсырманы жекелей және топтарда жүргізуге болады. Топтарда жүргізгенде білім алушылар сұрақтарын құрастырып болғаннан кейін басқа топтарға барып, сол топтардағы білім алушылардың жауаптарын жазып алады. Соңында өз тобына келіп, сыныптастарымен бөліседі және ойларын жинақтайды.


Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Алдымен, оқушылар публицистикалық, ресми, ғылыми стильдердегі мәтіндерден ұлттық құндылықтарға қатысты көрсетілген басты ақпараттарды ментальді картаға ретімен жазып шығады.



Содан кейін, мәтіндегі негізгі ақпараттардың тізбегі ретімен мәтінді қысқартып жазады



Ғылыми стильде сөйлемдегі сөздердің қалыпты орны, тіл нормасы қатаң сақталады. Яғни،ғылыми стильде сөз көп мағыналы болып келмейді.Тек сөздің белгілі бір анықтамасы арқылы қолданылады.Сонымен қатар ол сөздің мағынасын ашу үшін де ғылыми стиль қолданылады.Қазіргі таңда ғылым даму үстінде.Сол себепті күннен-күнге жаңа ғылыми сөздер пайда болуда.Адамдар осы сөздерді ғылыми стильді қолдана отырып мағынасын жазуда.Сол арқылы жаңа пайда болған сөздер жалпы халықтық лексикаға айналады.

http://www.inform.kz/kz/kogam-kundylygy-halyktyn-tili-madenieti-salt-dasturi-mazhilis-deputaty-serikbay-nurgisaev_a2536894танысады


Эссе жазу.


10.3.3.1- қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі)

Жазылым алды тапсырма.

Оқушыларға баспасөз ақпарат құралдарында « Неліктен білім беру қоғамдық құндылық болып саналады?» тақырыбында жариялаған материалдар мен суреттер беріледі. Жұпта негізгі мәселе туралы әңгімелеседі



Жазылым тапсырмасы.

Оқушылар төмендегі тапсырмаларды орындайды:



  • газет-журналдарда кездескен негативті ақпаратты позитивті ақпаратқа айналдыру;

  • дәйексөдздерді табу, қолданысын анықтау;

  • сілтеме жасау;

  • көтерілген мәселеге өз көзқарасын дәлелдеп айту;

  • өз ойын нақты мысалдармен айғақтау т.б.



Жазылымнан кейінгі тапсырма.

«Қоғам мүшелерінің рухани құндылық мәселесін шешуге қаншалықты көмегі бар?» тақырыбына аргумент келтіре отырып, өз ойын дәлелдеп эссе жазады.


Эссе жазу барысында төмендегі клишелерді қолдану керек:


    • Автор өз көзқарасын былай… .

    • Мен мынаған көңіл бөлуге тырысамын …

    • Автор обращает наше внимание на …………….

    • Айтылған мәселе ....жағдайда өзекті, дегенмен әлі де шешімін тапқан жоқ.



Эссе құрылымы

Кіріспе бөлімі 2 ойдан тұрады: Жалпы пікір – оқырман көңілін аудару мақсатында жазылады және бірнеше сөйлемнен тұруы мүмкін; тезистік пікір – эсседегі талқыланатын негізгі ойлардан тұрады және ол тақырыптық сөйлемге ұқсайды. Яғни оқырманға эссе мазмұны туралы жалпы идеяны береді.

Негізгі бөлім – бір немесе бірнеше \

абзацтан тұрады. Әр абзацта бөлімдерге бөлінген тақырыпшалар дамытылады, ойларды талқыланып ашылады. Олардың саны бөлінген тақырыпшаларға байланысты.

Қорытынды бөлім- негізгі бөлімде талқыланған мәселелерді қорытып, бір тұжырымға келген сөйлемдерден тұрады.





Орфоэпиялық норма.

Негізгі ойды анықтау

11.4.2.1- сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану

10.1.3.1. мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық – саяси) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру




Тыңдалым алды тапсырма.

Сынып оқушылары қорапшадан сұрақтар мен жауаптар алады (тақырыбы: «Қоғамдық құндылықтар өзгерді ме?»). Әр оқушы өз сұрағының жауабын немесе жауаптың сұрағын іздестіріп, жұпта талқылайды және сол жаңалықтар туралы өз ойларын сыныпқа таныстырады.



Тыңдалым тапсырмасы. Оқушылар «Тарихи құндылықтар - рухани дамудың негізі » тақырыбындағы бейнекөріністі көреді. Содан соң «Рухани құндылықтар» тақырыбы бойынша айтатын негізгі ақпаратты құрылымды жолмен табу үшін жаңалық репортерлері өз әңгімелерін жазу үшін сұрайтын сұрақтарын жазады. Осы сұрақтарға тапқан жауаптар оқушылардың өз тақырыптарын ретпен және жүйелі түрде зерттеуге мүмкіндік береді. Оқушылар келесі алты сұрақты, Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай? Негізге алады. Бұл сұрақтар тақырыпты әртүрлі қырынан зерттеуге және қарастыруға мүмкіндік береді. Жаңалық репортерлері әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданып, орфоэпиялық нормаға сай сөйлейді.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

Оқушылар екі топта жұмыс жасайды. Оқушыларға өткен оқу материалдарынан (зияткер миграция т.б) бір мысал айтасыз да, «Сұрағы не?» деп сұрайсыз, ал, оқушылар сіздің жауабыңызға дұрыс сұрақ қоя білуі керек екенін түсіндіріңіз. Екі топтан екі оқушыны тақтаға шақырыңыз. Сізде қоңырау болса тіпті қызық болады. Келесіде, бір сұраққа жауап оқып «Сұрағы не?» деп сұраңыз. Бірінші жауап берген ойыншы жеңеді де оның тобы бір ұпай алады. Жаңа жарысушылар келесі раундқа тақтаға келеді.



Құндылық ұғымына тұңғыш филосиялық анықтаманы Р.Лотце мен Г.Коген берді. Ежелгі филосиялық көзқарастарда құндылықтың әр түрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстарды, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылды. Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды.

mangystautv.kz/ru/archive/programs/programs.../el.../580279


Орфографиялық норма.

Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну

10.4.1.1- мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу
10. 3.2.1- мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу



Жазылым алды тапсырма.

Оқушылар мұғалім ұсынған санақ бойынша ақпараттар туралы (салт – дәстүрлердің сақталуы т.б. ) өзара әңгімелеседі. Келесіде оларға стикерлер немесе түрлі-түсті қағаз бен желім таратып беріңіз. Олардан қосымша құралдарды қолдана отырып митинг транспарантын жасауды сұраңыз. Артынан сол транспаранттарға тақырып бойынша идеяларын жазуларын сұраңыз. Содан барып оқушылардың орындарынан тұрып бейбіт ереуілге шығып, сыныпты аралап жүріп басқа оқушылармен өз идеяларымен бөлісулерін сұраңыз. Оқушылар шынайы ереуіл атмосферасы болуы үшін өз тұжырымдамаларын дауыстап қайталап айтып жүрулеріне болады.



Жазылым тапсырмасы.

Алдымен, оқушыларға сызықтық диаграмма ұсынылады. Диаграммада көрсетілген сандық, түрлілік ақпараттарды «Адам өмірінде адами құндылықтардың рөлі ерекше. Оның ішінде салт – дәстүрлерің орны бөлек. Олай болса, қазақ халқы ұлттық салт – дәстүрлерді қаншалықты сақтайды? » тақырыбында мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап орфограяиялық нормаға сай жазады.





Жазылымнан кейінгі тапсырма.

Парақты 9 торкөзге бөліп, оқушыларға таратылады. «Құндылықтардың адам өміріндегі рөлі» т.б тақырыбына қатысты сұрақтар жазып, торкөзді парақты топтарға жібересіз. Топ мүшелері 9 сұрақтың кем дегенде үшеуіне әртүрлі ресурс көздерінен тақырыпқа қатысты түрлі пікірлер келтіріп жауап жазады.

Бөлмені аралап жүріп, сұрақтарға сүйене отырып, өз көзқарастары бойынша ең қызық деген жауаптармен танысады. Соңында барлығы шеңберге тұрып, өздері қызықты деп тапқан жауаптар туралы әңгімелейді.


Орфография тілдегі сөздердің, олардың грамматикалық формаларының біркелкі жазылу нормасын белгілейді. Әдеби тілдің лексикалық, орфоэпиялық, грамматикалық нормасын әрбір сауатты адамға қандай міндетті болса, сөздердің жазылу нормасы да сондай міндетті.

https://surak.baribar.kz/206027/
http://maturidi.kz/index.php/kz/ma-alalar/

Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау


10. 2.4.1 - әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау


Оқылым алды тапсырма. Сынып қабырғаларына оқу бағдарламасының лексикалық тақырыбына сай «Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет», «Қоғамдағы басты құндылық – өз салт -дәстүрің» тақырыбына қатысты басты оқиғаларды сипаттайтын (мысалы, бата беру, қыз ұзату, қонағасы, ерулік т.б.) суреттер ілінеді. Оқушылар «Суреттер галереясы» әдісі арқылы суреттерді кезегімен көріп, аралайды. Өзіне жақын тұрған оқушымен көрген суреттері туралы ой бөлісіп, болжам жасайды және бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды Жұптық жұмыс жүргізіледі.

Оқылым тапсырмасы.

Алдымен оқушыларға екі мәтін таратылады. Жұптық тапсырма ретінде мәтіндердің стиліне, тілдік құрылымына талдау жасайды. Мысалы,



1-мәтін:

... Әкем соның бәріне алыстан қарап тұрып, көзіне жас алды. Үбиан болса сыңсуын үдетіп барады. Бұл кезде жасау артылып, жұрттың алды атқа қона бастаған екен. Үбианның да сәйгүлігін әкелді. Сол кезде әпкемнің даусы бұрынғыдан да зарлы шығып еді. Ауыл әйелдері бәрі құшақтап көрісіп, жақсы тілегін жаудырып жүр.

Елдің ең соңында әкем келді. Ол қызын бауырына басып тұрып иіскеді. Даусы қалтырап батасын берді де, көз жасын көрсеткісі келмей, тез бұрылып кетті.Сол-ақ екен, Аюбайға еріп келген жетеудің ішінен екі күйеу жолдасы әпкемнің қолтығынан лып еткізіп көтерді де, атқа қондыра қойды. Ер үстінде ауытқып отырған әпкемді бірі сүйемелдеп, бірі ат тізгінін жетелей жөнелді...

2-мәтін:


  • Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандык, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті.



  • Сыңсуда қыздың жеке басының мұңы әлеуметтік мәселелерімен ұштасып, ескі әдет-ғұрыпты әшкерелеумен қатар қоғамдық ортаның, азаттық аңсаған әйелдер көзқарасы білдірілген. Сыңсудың өлеңі құрылысына қарай 7, 8, 11 буынды болып келген. Қазіргі кезде негізінен қыз ұзатылып кетіп бара жатып, туған-туыстарымен қоштасу барысында айтылады. Қыз өзінің ішіндгі бар сағынышын шығарып, жұртына кетеді.

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Оқушыларға арнайы терминдер, тілдік оралымдар, мәтін үзінділері беріледі, оқушылар осыны басшылыққа алып сұхбат жүргізеді.



Ғылыми стильдің тілдік көріністері. Сөздер тура мағынасында қолданылып, дәл айтылады. Образды сөздер аз, термин сөздер көп кездеседі. Ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме, формулаларға негізделеді.

Ғылыми стильдің мақсаты — заттар мен құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып, мәлімет беру.



Көркем әдебиет стилінің көркем сөз — ойды, сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер. Тілдің көркем шығармада ерекше эстетикалық қызмет атқаратындығымен қоса, ол көпшілікке рухани тәрбие береДІ.

Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» Алматы қ «Жазушы баспасы» 2006ж;
http://mazhab.kz/kk/maqalalar/din-men-dastur/synsu-1212/


Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру

10.3.1.1- ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью, нұсқаулық жазу.

Жазылым алды тапсырма.

ЖЖ «Саяхаттаушылар ақпараты» әдісі: сыныптың әр бұрышына мұғалім мәдениет пен өркениет туралы ақапарттарды немесе сөйлем, сөздерді ақ параққа жазып іліп қояды. Оқушылардың қолдарына сол сөз немесе сөйлемдердің жауабын немесе сұрағын карточкаға жазып береді. Оқушылар сыныпты айналып жүріп, өзінің қолындағы тапсырмаға қатысты парақты табады. Барлығы тауып болған соң, бірлесе жүріп, әр парақтың жанына барады. Өз парағының жанына келгенде, сол оқушы өзіне қатысты ақпаратты түсіндіреді.
Жазылым тапсырмасы.

Алдымен оқушыларға газет – журналдар таратылады. Жеке тапсырма ретінде лексикалық тақырыпқа сәйкес мақаланы оқиды.

Содан кейін төмендегі тапсырманы ретімен орындайды:


  • мақаланың өзектілігі қандай екендігін анықтайды;

  • ақпараттардың негізі қандай?

  • мақала кімдерге арналған?

Бұл тапсырманы жұпта орындап, талқылайды, содан соң топта мақала жазады.

  • Мақала жазуда басшылыққа алатын нұсқаулық:

Мақалаңыздың тақырыбын нақтылаңыз. Бір мақала тек бір тақырыпты ашуы тиістігін ұмытпаңыз. Бірнеше нәрсені қозғап, негізгі тақырыптан ауытқып кетуіңіз мүмкін. Ал бұл өз жолында мәтініңізді түсініксіз етеді. Бір мақала - бір мағына, бір тақырып.

Тақырып қойыңыз.

Тақырыбыңыз оқырман аудиториясын бір қарағаннан-ақ қызықтыруы тиіс. Тақырып қою шеберлігі болса тіпті керемет. Себебі, тақырып - мақаланың құрылымынан да маңызды. Тақырыпты ашатын қысқаша үш-төрт сөйлем жазыңыз. Бұл тақырып таңдаудан кейінгі маңызды қадам - лид.



Мақалаңыздың негізгі фактілерін белгілеңіз.

Факт, ой, мағына. Осының бәрін парақшаға сөздермен түсіріп, жоспар құрыңыз. Сөйлеммен емес, сөзбен. Енді жоспарыңызды оқып шығыңыз. Егер ол тақырыбыңызға сай болып, мағынасын ашып тұрса, мақала жазуға кірісіңіз.

Әр сөздеріңізге(факт, ой, мағына) бір абзацтан арнаңыз. Барлық абзацтың қалыңдығы(ұзақтығы) бірдей болған жөн. Себебі, оқырман мұндай құрылымды тез әрі жеңіл қабылдайды.

Жазылымнан кейінгі тапсырма.

Топтан екі ерікті таңдалады. Олар сайлауда ауыл әкіміне кандидат болады (рольге енеді). Топ алдында өз бағдарламаларын ұсынып, сөз сөйлейді. Жүргізуші оларға сөз арасында өз сөздеріне қосып айтуға тиіс сөздерді көрсетіп тұрады. Мысалы (мәдениет, тұрмыс - тіршілік, сақтау, рухани құндылығымыз, бірге болу, құрметтеу, қоғам, заман т.б.) Басқа тыңдаушылар сайланушылардың әңгіме құрастыру шеберлігін бағалап, дауыс береді.



Мақаланың жоспары

Жазу алдында оның неден басталып, қалай аяқталатынын, негізгі бөлімде қандай мәселе айтылатынын белгілеп алыңыз. Егер жоспар құратын болсаңыз, мақаланың қай бөлімінде композициялық қате барын, қай бөліміндегі деректі толықтыру керектігін біле алатын боласыз. Жазу стиліне, құрылымына уақыт бөліңіз. Мәселен, мақала мазмұны балалар туралы болса, онда архаизм, термин сөздер қосудың реті жоқ. Ал ғылыми мақалада ақпаратты ауызекі сөзбен жеткізе алмайсыз. Бұл үшін аудиторияның жасы мен көңіл-күйіне назар аударыңыз. Мысалы, газетке шығатын мақала баяндау формасында, тым ғылыми емес болуы керек. Бірақ ауызекі сөздерді пайдаланбау керек



https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/18474/




ІІ тоқсан

2-бөлім: Индустрияландыру: ұлттық өндіріс.

Сөз мәдениеті

Меңгерілген білімді дамыту:

Оқушылар алдыңғы сыныптарда алған білім, білік, дағдыларына сүйенеді. Тарих пәнінен қалыптасқан білімдерімен сабақтастықты сақтай отырып, коммуникативтік дағдыларын, білімдік және ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу, өз бетімен білім алу, сыни ойлау және шығармашылық, креативті ойлау қабілеттерін дамытатын болады.



Бөлімге шолу.

Бұл бөлімнің тақырыбы: Индустрияландыру: ұлттық өндіріс

Бөлімнің мақсаты: ұлттық өндіріс туралы ақпарат бере отырып, оқушылардың ана тілінде және сауатты сөйлеу, жазу, тыңдағанын түсіну, сөйлесу дағдыларын жетілдіру, әртүрлі мәтіндер, ақпарат көздерімен мұғалім басшылығымен және өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, туындаған өмірлік жағдаяттар бойынша ана тілінде дұрыс және айқын, орынды өзіндік көзқарасын білдіру, шешім қабылдай білу мен қорытынды шығару дағдыларын қалыптастыру. Осы тақырып аясында оқушылар тіл мен сөйлеу әрекеттері түрлері туралы білімін кеңейтеді, танымдық ақпарат алады, өзге пәндер бойынша меңгерген білімін қазақ тілінде сауатты қолдана алады. Коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру арнайы жүйеленіп көрсетілген оқу мақсаттары арқылы жүзеге асады.

Бөлімде қамтылатын оқу мақсаттары:

10.1.2.1- мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;

10.1.4.1 - мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау.

10. 2.1.1 - әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау;

10. 2.3.1 - көпшілікке арналған дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау.

10. 3.2.1- мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу;

10.3.6.1- жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау.



10.4.3.1- белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп,түрлендіріп, талғаммен қолдана білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет