10-сынып Түсінік хат Оқу жоспары, пән туралы түсініктеме, сынып, жылдық жүктеме


Әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу



бет8/8
Дата20.02.2020
өлшемі0.94 Mb.
#448011
1   2   3   4   5   6   7   8
1 Оқу жоспары Қазақ тілі 10 сынып ЖМБ


Әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу

10.2.6.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу

Оқылымалды тапсырма.

Миға шабуыл. Сұрақтарға жауап беру





  1. Қазақстандағы архитектуралық жауһарлар жайлы не білесіздер?

  2. Құнды жәдігерлерге нені жатқызуға болады?

  3. Еуропаның архитектуралық стилі мен азияның эклектикасының тоғысуы жайлы естігендеріңіз бар ма?

Оқылым тапсырмасы.

С. Оқушылар сілтемесі ұсынылған мақаланы оқиды, кесте толтырады.



Мәтіннің тақырыбы


Негізгі идеясы


Негізгі ақпарат


Қосымша

ақпарат














Оқылымнан кейінгі тапсырма.

«Еркін әңгіме» әдісі. Оқылым мәтінінен деректерді қолдана отырып, мәтінге сілтеме жасап, блогқа пікір жазады.


Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан.

Эклектика – әр түрлі, қарама-қайшы көзқарастардыңтеориялық алғышарттардың тоғысуы.

https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/habar/49276/

Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу

10.3.4.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу

Жазылым алды тапсырма

1-тапсырма. Миға шабуыл (сәулет өнері жайлы сұрақтар қойылады)



  1. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы жайлы не білесіздер?

  2. Еліміздегі бейнелеу өнері мұражайлары жайлы не білесіздер?

  3. Ағаштан жасалған модерн-классикалық стилінің элементтері бар ғимараттар жайлы не айта аласыздар?

2-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, INSERT әдісі арқылы қажетті ақпаратты түртіп алу, тыңдалым мәтінінің негізгі ақпаратын анықтау.

Жазылым тапсырмасы. «Еркін әңгіме» әдісі.

Оқушылар тыңдалым мәтінінен негізгі ақпаратты қолдана отырып, бейнелеу өнері мұражайы жайлы өз пікірлерін жазады.



Жазылымнан кейінгі тапсырма. Жазылым тапсырмаларын жұпта оқып, критерийлерге сүйене отырып бір-бірін бағалап, кері байланыс береді.

Дескрипторлар:

-негізгі ақпаратты анықтайды;

-бейнелеу өнері жайлы ойын еркін жеткізеді;

-дәлелдер келтіреді;

-орфографиялық, пунктуациялық нормаларды сақтайды.



Қазіргі кезде интерьерлердің 7 стилі белгілі: классикалық; готикалық; модерн; хай-тек; шығыс стилі; кантри; неоорыс.

http://petropavltv.kz/kz/news/culture/seulet-onerinin-eskertkishi

Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру

10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазу.

Жазылым алды тапсырма

Миға шабуыл. Сәулет өнері жайлы сұрақтар қойылады:

  1. Отандық сәулет өнері жайлы не білесіздер?

  2. Отандық сәулет өнерінің озық үлгілерін атаңыздар.

  3. Қазақстандық сәулет өнерінің болашағы қандай?

«Үштік әдісі» Мақала тақырыбын жұпта талқылаңыздар. Тақырыпқа байланысты қажетті ақпаратты ғаламтор желісінен қараңыздар, мақала жазуда дәлел ретінде қолданыңыздар.



Нұсқаулық:

Сынып бойынша тапсырманы оқиды. Оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді:бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тыңдайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады.

Жазылым тапсырмасы.

«Отандық сәулет өнерінің болашағы қандай?» деген тақырыпта мақала жазады.

Жазылымнан кейінгі тапсырма.

«Ыстық орындық». Жазған мақалаларын ортаға шығып оқиды, критерийлерге сәйкес бағалау жүргізіледі.

Дескриптор

-мақала тақырыбын анықтап, талқылайды;

-дәлелдер келтіреді;

-стильдік және жанрлық ерекшеліктерді сақтап, мақала жазады.

-орфографиялық, пунктуациялық нормаларды сақтайды.


Мақала жазу әдістері:

  1. Мақалаңыздың тақырыбын нақтылаңыз. Бір мақала тек бір тақырыпты ашуы тиістігін ұмытпаңыз. Бірнеше нәрсені қозғап, негізгі тақырыптан ауытқып кетуіңіз мүмкін. Ал бұл өз жолында мәтініңізді түсініксіз етеді. Бір мақала - бір мағына, бір тақырып.

  2. Тақырып қойыңыз. Тақырыбыңыз оқырман аудиториясын бір қарағаннан-ақ қызықтыруы тиіс. Тақырып қою шеберлігі болса тіпті керемет. Себебі, тақырып - мақаланың құрылымынан да маңызды. Тақырыпты ашатын қысқаша үш-төрт сөйлем жазыңыз. Тақырып таңдаудан кейінгі маңызды қадам - лид.

  3. Мақалаңыздың негізгі фактілерін белгілеңіз. Факт, ой, мағына. Осының бәрін парақшаға сөздермен түсіріп, жоспар құрыңыз. Сөйлеммен емес, сөзбен. Енді жоспарыңызды оқып шығыңыз. Егер ол тақырыбыңызға сай болып, мағынасын ашып тұрса, мақала жазуға кірісіңіз.

  4. Әр сөздеріңізге (факт, ой, мағына) бір абзацтан арнаңыз. Барлық абзацтың қалыңдығы(ұзақтығы) бірдей болған жөн. Себебі, оқырман мұндай құрылымды тез әрі жеңіл қабылдайды.

Мақаланың құрылымы жайлы ұмытпаңыз -

  • Кіріспе (негізгі ойға қысқаша тоқталу)

  • Негізгі бөлім

  • Қорытынды(негізгі ойларыңызды қорытындылаңыз)

5. Мәтіннен бос сөздерді алып тастаңыз. Сөйлемдер бастауыш пен баяндауыштан басталғаны дұрыс. Түсініксіз сөйлемдерді ауыстырыңыз. Бір сөйлем 6-7 сөзден тұруы керек.

6. Мақаланы дауыстап оқып шығыңыз. Стилистикалық қателер мен теріп жатқан кезде кеткен қателерді жөндеңіз. Қайталанатын сөздерді алып тастап, орнын синоним сөздермен толықтырыңыз!



https://yvision.kz/post/556610

https://e-history.kz/kz/publications/view/3771




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет