10-сынып Түсінік хат Оқу жоспары, пән туралы түсініктеме, сынып, жылдық жүктеме



бет5/8
Дата20.02.2020
өлшемі0.94 Mb.
#448011
1   2   3   4   5   6   7   8
1 Оқу жоспары Қазақ тілі 10 сынып ЖМБ


Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Оқушылар оқылым мәтіндеріндегі көтерілген мәселеге ПОПС формуласына сәйкес пікір білдіреді.





Мәтіннің көзделген аудиториясы

  • Бұл мәтін қандай мақсатта жазылғанын не болмаса айтылған анықтау?

  • Мәтіннің қызметі қандай?

Мәтіндер төмендегі бірнеше мақсатта жазылуы мүмкін:

  • Ақпарат беру

  • Қызықтыру

  • Сендіру

  • Талқыға салу

  • Суреттеу

  • Ақыл-кеңес беру

  • Нұсқау беру

  • Сын пікір білдіру

  • Баға беру

  • Тәрбиелеу

  • Хабарлау

Мәтіннің тілін сөз, сөйлем, мәтін деңгейінде талдауға болады.


http://kazakh.irib.ir/component/k2/item/4995-%DA%86%D8%B4%D9%85-%D8%A7%D9%86%D8%AF%D8%A7%D8%B2-%D8%BA%D9%85-%D8%A7%D9%86%DA%AF%DB%8C%D8%B2-%D9%81%D9%82%D8%B1-%D8%AF%D8%B1-%D8%AC%D9%87%D8%A7%D9%86

https://7kun.kz/zh-myssyzdy-pen-kedejshilikti-ekonomikaly-mazm-ny/





ІІІ тоқсан

4-бөлім: Адам өмірін сақтау.

Тілдік жүйе және норма

Меңгерілген білімді дамыту: Оқушылар алдыңғы бөлімде алған білім, білік, дағдыларына сүйенеді. Алдыңғы бөлімде қалыптасқан дағдыларымен сабақтастықты сақтай отырып, коммуникативтік дағдыларын, білімдік және ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу, өз бетімен білім алу, сыни ойлау және шығармашылық, креативті ойлау қабілеттерін дамытатын болады.

Бұл бөлімнің тақырыбы: Адам өмірін сақтау

Бөлімнің мақсаты: ана тілін құбылыс ретінде таныта отырып, оқушылардың ана тілінде жетік және сауатты сөйлеу, жазу, тыңдағанын түсіну, сөйлесу дағдыларын жетілдіру, әртүрлі мәтіндер, ақпарат көздерімен мұғалім басшылығымен және өз бетімен жұмыс жасауғадағдыландыру, туындаған өмірлік жағдаяттар бойынша ана тілінде дұрыс және айқын, орынды өзіндік көзқарасын білдіру, шешім қабылдай білу мен қорытынды шығару дағдыларын қалыптастыру. Осы тақырып аясында оқушылар тіл мен сөйлеу әрекеттері түрлері туралы білімін кеңейтеді, танымдық ақпарат алады, өзге пәндер бойынша меңгерген білімін қазақ тілінде сауатты қолдана алады. Коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруарнайы жүйеленіп көрсетілген оқу мақсаттары арқылы жүзеге асады.

Бөлімде қамтылатын оқу мақсаттары:
10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;

10.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау

10.2.3.1 көпшілікке арналған очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;

10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе);

10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, нұсқаулық жазу;

10.3.4.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу

10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу



Пәнаралық байланыс.

Бұл бөлімнің әдебиет,химия, биология пәндерімен байланысы бар. Мұғалім әртүрлі мәтіндерді талдау арқылы осы пәндерді кіріктіре алады.




Коммуникативтік дағдыларға сілтеме

Оқыту мақсаттары

Ұсынылатын әдіс-тәсілдер

Мұғалімге ескертулер

Оқыту ресурстары

Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау.

Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру.

10.1.2.1- мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау

10.3.1.1- ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, нұсқаулық жазу



С.Тыңдалым алдындағы тапсырма.

Оқушылар өздерінің денсаулықтарын қалай күтетіндіктері туралы өзара жұпта талқылайды. Мұғалім талқылау сұрақтарын қояды.


ЖЖ.Тыңдалым тапсырмасы.

Оқушылар жастардың денсаулығы туралы дәрігерлердің арасындағы пікірталасты тыңдайды. Тыңдап, төмендегі тапсырмасын орындайды.



  • Пікірталас кімдерге арналған?

  • Термин сөздер

  • Термин сөздер қандай мақсатта қолданылған?


Ж.Жазылым тапсырмасы.
Оқушылар дәрігер рөліне еніп, «Жасөспірімдердің денсаулық күтімі» тақырыбында нұсқаулық мәтінін жазады. Нұсқаулық мәтінінде тыңдалымдағы ақпараттарды тиімді пайдаланады.


Пікірталас мәтінін мұғалім өзі құрауына болады

Нұсқаулық бірнеше тараудан тұрады. Әрқайсысы құжаттың логикалық жағынан аяқталған бөлігі болып саналады. Тараулар тараушалардан, тараушалар – параграфтар мен тармақтардан (пункттерден), тармақшалардан (подпункттерден) және абзацтардан тұрады.




http://zhardem.kz/news/1375


Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу.

Тыңдалым материалы бойынша сұрақтар құрастыру және бағалау.

11.3.4.1- оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу.


10.1.4.1 - мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау.






Ж.Жинақы мәтін жазу тапсырмасы.
Оқушылар Корнелла әдісі бойынша тыңдалым мәтініндегі негізгі ақпаратты түртіп жазады(конспектілейді).

Күні

Тақырыбы

Негізгі ой

Ескертпелер







Қорытынды


Оқушылар жұпта конспектерімен алмасып, кері байланыс береді. Кері байланысты негізге алып, өздерінің жұмыстарына өзгеріс енгізеді, толықтырады.



Ж,ЖЖ,Т.Тыңдалым материалы бойынша сұрақтар құрастыру және бағалау.

Оқушылар тыңдалым мәтінінде көтерілен мәселе бойынша сұрақтар құрайды.

  • Оқушылар алдымен жеке 2 сұрақ құрайды.

  • Жұптарға бірігіп, 4 сұрақтан ақылдасып, баға беру арқылы 2 сұрақты қалдырады

  • Жұптар шағын топ құрайды, шағын топта әр жұп екі сұрағын таныстырады. Топта ақылдасын үздік 1 сұрақты таңдап алады.

Кейін топтар сұрақтарды бір-біріне қояды.


Мұғалім конспектілеудің тәсілдерін үйретеді.

Сондай тәсілдердің бірі – Корнелла әдісін қолданып, түртіп жазу.



  1. Парақты үш бөлікке бөліңіз

  2. Оң жақ торға ескертпелер, сол жағына негізгі ой, астыңғы қатарға қорытынды деп жазамыз.

  3. Ескертпелерге тыңдап отырған кездегі туындаған сұрақтар, тыңдалым мәтіні бойынша тірек сөздер, қандай да ойлар жазылады

  4. Негізгі ой бөлігіне ескертпелердегі сұрақтардың жауаптары, сондағы тірек сөздерге сүйеніп, тыңдалымның негізгі ойы жазылады

  5. Қорытынды бөлігінде оқушылар тыңдалымдағы ақпараттар бойынша ой қорытып жазады.

Сұрақ құрауда мұғалім Блум таксаномиясы бойынша сұрақ құраудың үлгісімен таныстырады. Оқушылар соған сүйеніп, жоғары дәрежелі сұрақ құрайды.





https://lifehacker.ru/2015/09/09/metod-kornella/

http://www.myshared.ru/slide/1032016/




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет