10-сынып Түсінік хат Оқу жоспары, пән туралы түсініктеме, сынып, жылдық жүктеме



бет4/8
Дата20.02.2020
өлшемі0.94 Mb.
#448011
1   2   3   4   5   6   7   8
1 Оқу жоспары Қазақ тілі 10 сынып ЖМБ


Рефлексия

  • Не білдім?

  • Нені жетілдіруім керек?






Жазайық!

  • Мәтінді мұқият оқыңдар. Ұлттық өндірісті осы қарқынмен дамытса, еліміз өзінің өнімі арқылы әлемге таныла ала ма? Мәліметтерді қолдана отырып «Ұлттық өндіріс-ұлттық бренд бола ала ма?» тақырыбында жазба жұмысын жазыңдар.

  • Жазылым барысында абзац, ойды жүйелі жеткізуді, тақырыпқа қатысты сөздерді іріктеп қолдануды есте сақтаңдар.

  • Жазба жұмысына түзетулер енгізіп, редакциялаңдар.


Елімізде қолға алынған индустрияландыру бағдарламасының алғашқы бесжылдығында ұлттық өндіріс көлемі айтарлықтай артты. Бұған республика бойынша ашылып жатқан түрлі өндіріс орындары дәлел. Бір ғана мысал, осы бес жыл аралығында теміржол вагондарын шығару 10 есеге, дизельдік локомотивтер шығару 2,5 есеге артқан. Сонымен қатар, жеңіл автокөлік өндірісі 12 есеге артса, трактор шығару 6 есеге өскен.


Мұғалім тыңдалым мәтінінтыңдаспас бұрын, тақырып пен термин сөздер туралы оқушыларға ой қозғатып алады.


https://www.youtube.com/watch?v=0TXvGOPzOh0

Бие сүтін өңдейтін ғылыми-зерттеу институты ашылмақ.

https://www.youtube.com/watch?v=L33_svWPeXc

Қазақстандық ғалымдар бие сүтін «жасартатын эликсир» жасауда пайдаланды.

https://www.google.kz/search?rlz=1C1GGRV_enKZ751KZ751&biw=1366&bih=588&tbm=isch&sa=1&ei=m1AVWpThNcn06ASvy5vgDw&q=%D2%B1%D0%BB%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B+%D3%A9%D0%BD%D1%96%D0%BC+&oq=%D2%B1%D0%BB%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B+%D3%A9%D0%BD%D1%96%D0%BC+&gs_l=psy-ab.12..0i5i30k1.42688.42957.0.46648.2.2.0.0.0.0.120.240.0j2.2.0....0...1c.1.64.psy-ab..0.1.120....0.N9tIJRlBfxo#imgdii=GhXppFOZU4jyoM:&imgrc=U3HpsSBEC1eQ0M:

https://stud.kz/referat/show/67186

Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорынның орны

http://kaztrk.kz/news/portal/page-54745-ulttyk-ondiristin-akhualy-kandai-45461





ІІІ тоқсан

3-бөлім: Адамзат дамуының жаһандық мәселелері.

Тілдік жүйе және норма

Меңгерілген білімді дамыту: Оқушылар алдыңғы бөлімде алған білім, білік, дағдыларына сүйенеді. Алдыңғы бөлімде қалыптасқан дағдыларымен сабақтастықты сақтай отырып, әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау, түрлі жанрда мәтін құрау дағдыларын дамытатын болады.

Бұл бөлімнің тақырыбы: Адамзат дамуының жаһандық мәселелері

Бөлімнің мақсаты: ана тілін құбылыс ретінде таныта отырып, оқушылардың ана тілінде жетік және сауатты сөйлеу, жазу, тыңдағанын түсіну, сөйлесу дағдыларын жетілдіру, әртүрлі мәтіндер, ақпарат көздерімен мұғалім басшылығымен және өз бетімен жұмыс жасауғадағдыландыру, туындаған өмірлік жағдаяттар бойынша ана тілінде дұрыс және айқын, орынды өзіндік көзқарасын білдіру, шешім қабылдай білу мен қорытынды шығару дағдыларын қалыптастыру. Осы тақырып аясында оқушылар тіл мен сөйлеу әрекеттері түрлері туралы білімін кеңейтеді, танымдық ақпарат алады, өзге пәндер бойынша меңгерген білімін қазақ тілінде сауатты қолдана алады. Коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруарнайы жүйеленіп көрсетілген оқу мақсаттары арқылы жүзеге асады.

Бөлімде қамтылатын оқу мақсаттары:

10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;

10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу

10.2.3.1 көпшілікке арналған интервью құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;

10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу;

10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу;

10.3.5.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу

10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу
Пәнаралық байланыс.

Бұл бөлімнің тарих, әдебиет, пәндерімен байланысы бар. Мұғалім әртүрлі мәтіндерді талдау арқылы осы пәндерді кіріктіре алады.




Коммуникативтік дағдыларға сілтеме

Оқыту мақсаттары

Ұсынылатын әдіс-тәсілдер

Мұғалімге ескертулер

Оқыту ресурстары

Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау.

Сөйлеу мәдениетін дамыту.

10.1.2.1- мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау.

10.1.5.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу.



ЖЖ.Тыңдалым алдындағы тапсырма.

Мұғалім төмендегі сұрақты қояды. Оқушылар жұпта талқылап жауап береді.


Қандай ғаламдық экологиялық проблемалар туралы білесіздер?
Ж.Тыңдалым тапсырмасы.

Оқушылар «табиғаттың ластануы – ғаламдық мәселе» тақырыбындағы мәтінді тыңдайды.

Мәтінді тыңдап төмендегі кестені толтырады.

Деректер

Мақсатты аудитория

Экологияға қатысты термин сөздер, тілдік оралымдар

Термин сөздер мен тілдік оралымдардың қолданылу мақсаты













Бағалау.

Мұғалім өз нұсқасын таныстырады. Оқушылар өзін-өзі бағалайды.



Т.Айтылым тапсырмасы.

Оқушылар тыңдалымдағы ақпаратты пайдаланып, сөз сөйлейді.

Айтылым тапсырмасын «РАФТ» стратегиясы арқылы ұйымдастыруға болады.

Р-рөл (оқушылар бір рөлді таңдайды: эколог, саясаткер, дипломат, мұғалім т.с.с)

А-аудитория (мектеп оқушылары, студенттер, табиғат қорғаушылары, халықаралық ұйым мүшелері, табиғатты қорғау бойынша еріктілер)

Ф – форма (оқушылар өз сөздерін белгілі бір форманы таңдап ұсынады: үндеу, ақпараттық хабарлама, баяндама т.с.с)

Т- тақырып «Ғаламдық экологиялық проблемаларды бірге шешейік»


Тақырыпты болжап, қызығушылықты арттыру үшін төмендегі жұмысты ұйымдастыруға болады. Мұғалім оқушыларға адамзат дамуының жаһандық мәселелері туралы суреттерді көрсетеді. Суреттер экологиялық мәселе, кедейшілік мәселесі, азық-түлік мәселесі секілді маңызды жаһандық мәселелерге байланысты болуы мүмкін.

Оқушылар суреттерге қарап тақырыпты болжайды.





Ғаламдық экологиялық проблемаларға төмендегі мәселелерді жатқызуға болады:



https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D2%BB%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D0%BD%D1%83

http://www.sarap.kz/index.php/kz/rubikon/113-2013-05-22-05-12-28.html

https://www.youtube.com/watch?v=QVhoJKfwwg8


Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату.

Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру.

10. 2.3.1 - көпшілікке арналған интервью құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

10.3.1.1- ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу



Оқылым алдындағы тапсырма.

С.Талқылау сұрақтары:

  • Сұхбат дегеніміз не?

  • Ол қалай жүргізіледі?

  • Оның құрылымы қандай?

  • Ол қай стильде жазылады?

Оқылым тапсырмасы

Ж.Оқушыларға «Қоршаған ортаны қорғау табиғаттың өзінен бұрын адамға керек» тақырыбындағы,

Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының судьясы Төлеубай Қожанмен болған сұхбат мәтіні ұсынылады.

Оқушылар мәтінді оқып, көтерілген мәселені жұпта анықтап, талқылайды.

1-тапсырма.

Сұхбатта көтерілген басты мәселелер қандай?

2-тапсырма.

Сұхбаттың құрылымына назар аударыңыз

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

Қорытынды бөлім

Қойылған сұрақтар немесе журналист пікірі (сұхбат неден басталды)

Сұхбат қандай сұрақтармен өрбітілді?




Сұхбат қалай қорытыланды


Жоғарыдағы сұхбат мәтіні қалай рәсімделген?



Ж. Жазылым тапсырмасы:

Оқылым мәтінін негізге ала отырып интерью құрап жазыңыз.

Интерью жазуға ұсынылатын тақырыптар:


  • «Сізді ғаламдық экологиялық мәселелер ойландыра ма?»

  • «Қызыл кітап беттеріні неге қалыңдауда?»

  • «Экологиялық ахуалды жақсарту, табиғатты қорғау экологиялық құқықтық сана деңгейіне байланысты.»




  • Интервью жазу үшін оқушылар алдымен сұрақтар құрап алады

  • Кейін бір сыныптасынан жауап алады

  • Соның негізінде интервью мәтінін жазады.

Ескеру: Оқушылар сұхбат алу барысын диктофонға жазып алады немесе сұхбаттың транскриптісін жасайды. Кейін оқушылар интерью мәтінін жазып болған соң, түпнұсқамен салыстырады. Мұғалім оқушылардың сұхбатты қаншалықты өңдеп, публицистикалық стильге сай жазғанынан баға береді.


Сұхбат – журналистиканың талдамалы жанрларының бірі. Ол қоғамда өзіндік орны бар, белгілі ортада танымал тұлғамен жүргізіледі. Сұхбат алуға дайындықты тұлғамен таныстықтан бастау қажет. Журналист бәрін білуге міндетті емес, бірақ сұхбаттасар адамы жайында толық ақпаратқа қанық болмаса, білімсіздігін танытады. Үлкен тұлға алдында ұятты болмас үшін, алдын ала кітапханаға барып (немесе интернет арқылы) сол кісі жайында жазылған газет-журнал, кітаптарды шолып шығыңыз. Қажетті жерлерін түртіп алып, қояр сұрақтарыңызды ойластырыңыз.

Аузынан шыққан сөзін қаймағын бұзбаған қалпында сөзбе-сөз жазып қоймаңыз. Ауызекі сөйлеу стилін публицистикалық стильге түсіріп, өңдеңіз. Бастауыш пен баяндауышын орнықтырып, сөйлемнің басы мен аяғын тұтастырыңыз. Сөйлем мағынасын өзгертіп алмайтындай етіп, өз сөзіңізді қосып, көркемдеуге де болады. Асығыстық болмас үшін, сұхбатты жариялардан бірнеше күн бұрын жүргізіп, сұхбат берген кісінің өзіне бір оқытып алған жөн.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/39119/


http://zanmedia.kz/2016/10/18/orshan-artane-orau-tabiati-seen-bryn-adama-kerek/

«Қоршаған ортаны қорғау табиғаттың өзінен бұрын адамға керек»



Шығармашылық жұмыс.

Грамматикалық норма.

10.3.5.1- әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу.

10. 4.4.1- сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу.



С.Жазылым алдындағы тапсырма.

Оқушыларға «Мұхит суларының ластануы – жаһандық проблема» тақырыбындағы бейнематериал көрсетіледі. Оқушылар шағын топта бейнематериалда көтерілген мәселені талқыға салады.



Ж. Жазылым тапсырмасы.

Оқушылар бейнематериалдағы деректерді негізге алып, хат жазады.

Хатты мұнай компаниясы басшысының атына жазады. Хатта мұнай өнімдерімен судың ластануы проблемасы туралы сөз қозғап, соны болдырмаудың жолдарын ұсынады.

Жазылым тапсырмасында көркемдегіш құралдарды орынды пайдаланады.



Бағалау критерийлері:

  • Хат құрылымын сақтап жазады

  • Көркемдегіш құралдарды орынды қолданады

  • Бейнематериалдағы деректерді пайдаланады.



https://www.youtube.com/watch?v=HFwI-r-wXRI

Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау.

10. 2.4.1 - әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.

ЖЖ.Оқылым алдындағы тапсырма.

Оқушылар төмендегі мәселе бойынша ойланып, жұпта талқылап пікір білдіреді



Кедейшілік мәселесінің себептері

Кедейшілік мәселесінің салдары








Ж. Оқылым тапсырмасы.

Оқушыларға «Әлемдегі кедейшілік жағдайға шолу» тақырыбындағы мақала мен «Жұмыссыздық пен кедейшіліктің экономикалық мазмұны» тақырыбындағы дипломдық жұмыстан үзінді ұсынылады. Оқушылар екі мәтіннен үзіндіні оқып, салыстыра талдайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет