ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БІРТУАР ҰЛДАРЫН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ
ӘЖЕЛЕР ТАҒЫЛЫМЫ
Әмірова М.Қ.- магистрант.(Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Еліміз тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқалы бері, қазақ халқының ұлттық рухы биіктеп, ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән бере бастады. Тәрбиенің негізгі көзі болып табылатын отбасындағы ата-ана мен бала, сонымен қатар ата-әженің де ынтымағы, өмірге бейімделуі мен ізгілікке ұмтылуы - еліміздің келешек кемелдігі.
Бүгінде Қазақстан – сан этностың тағдыры түйіскен жері болғандықтан, талай тәрбие үлгілерінің де тоғысқан орталығы. Жаңашылдыққа бой алдырған, жомарт та меймандос халқымыз жақсы-жаманды елеп-екшеуге үлгерместен,идеологиялық ықпалы күшті елдердің прогресшіл болашағына көз жіберіп, тілін меңгеру арқылы тәрбиенің үлгілерін бойға сіңіргені – тарихи шындық. Осы орайда қазақ халқымыздың біртуар перзенттерін тәрбиелеу ақылды, парасатты әжелерімізді керек ететініне күмәніміз жоқ.
Қоғам дамуының қандай кезеңі болса да идеология ұлттың ұрпақ тәрбиесіне әсерін тигізбей қоймайды. Жаңашылдыққа бой алдырып, әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүріміз арқылы сонымен қатар отбасындағы әже тәрбиесін ұмыту да заңды құбылыс.
Қай заманда болмасын тарихтың қозғаушы күші сол дәуірді тудырған әйгілі тұлғалар болып келген. Өз заманының әйгілі билері мен батырларының, ғалымдары мен ақындарының, өнерпаздарының өмірі арқылы тұтас бір дәуірді зерделеуге де болады. Олардың өнегелі өмірлері отаншылдық сезімін қалыптастырудың да қайнар көзі - әрине ананың да, әженің де тәрбиесі.
Қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезов «Адамдық негізі - әйел» атты алғашқы еңбегінде «Адам баласы тағы болып, еркегі хайуандық дәрежесінде жүргенде әйелден бала туып, ол балаларының бәрі де жастық, қорғансыздықтан анасының айналасына үйіріліп, үй-ішінің бірлігін, одан туысқандық ұйымын кіргізген. Бұған қарағанда адамды хайуандықтан адамшылыққа кіргізген - әйел» - деп жазған екен.
Қазақ даласының тағылымын көріп, қайнарынан қанып ішкен халқымыз ұлт зияыларын тәрбиелеуде өзіндік тағылыммен ерекшеленетін әжелерімізді қай заманда да құрмет тұтқан.
Қазақтың ғұламасы атанған Абай мен жарқ еткен шоқ жұлдызымыз Шоқанның тұлабойына
ұылықтың ұрығын сепкен әже тағылымы, сондай-ақ Абылай, Қасымхан, Тәуке хандарды тәрбиелеп, хан ұрпағын даярлауға үлес қосқан, дүниеге әкелген ана-әжелеріміздің өмірін ғибрат етіп, ғылыми түрде тәрбиелік мәнін ашып жас ұрпаққа үлгі ретінде ұсыну біздің борышымыз.
Әр заманның өзіне тән ұрпақ тәрбиелеу мүмкіндігі болды. Оны ешкім жоққа шығармақ емес. Әркім өз баласына жеке тәрбие беруі отбасында орын алғанымен, халық болып қалыптасқан ділінде ұрпақ қамын көп болып ойлау және соған әрекет ету болды. «Қызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден тыю» қағидасы тегіннен тегін шықпағаны белгілі. Аузы дуалы абыз, сөзі өтімді шешен, данышпан-даналардың өзі әрқайсысы бір мектеп рөлін атқарды. Тыңдаған жан сөзін өміріне, тәрбиеге үлгі етті. Сол сияқты заманында тағылымды ойымен артына із қалдырған тарихта өткен әжелеріміз қазақ халқының ұлдарын тәрбиелеудегі орны ерекше. Бұрынғы қазақ халқының ешкімге бағынбай өз күнін өзі көріп, кең сахарада мал бағып, еркін жүрген заманында да қазақтың әжелері еркін, қайратты тіршілік етіп, немерелеріне ертегі айтып, ұлағатты ой қалдыратын әңгіме айтып, шын жолдас бола білген. Қандай қиын-қыстау жерлерде ақыл беріп, айла тапқан әжелер де болған. Әсіресе, бұрынғы заманда сол қиын шаруаның ыстық-суығына бірдей төзіп, сол заманның әжелері, аналары да еркекпен қатар қол ұстасып қызмет еткен,«Алып – анадан, ат – биеден» деген мақал осы сөздерді тірілтсе керек, тарихта өткен байыпты да байсалды аналарымыз бен әжелерімізді сол қоғамдағы үлкен беделінің де болғандығын аңғаруға болады.
XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақ ағартушылары Ш.-Уәлиханов, А.-Құнанбаев, ағартушы-педагог Ы.-Алтынсарин, ХХ ғасырдың басы 30-жылдарындағы ағартушы-педагогтар А.-Байтұрсынов, М.-Дулатов, Ж.-Аймауытов, М.-Жұмабаев т.б., балалардың дүниеге көзқарасын және мінезін қалыптастыруда отбасы рөлінің маңыздылығын ескере отырып, ондағы әкесі мен анасының, атасы мен әжесінің, жасы үлкендердің отбасында басты тәлімгерлер екендігін өздерінің жеке бастары мен шығармаларында айрықша көрсете білді. Олардың пікірінше, балаларды тәрбиелеу үшін ата-ананың өздері тәрбиелі болу керектігі, отбасында балаларды ата-баба дәстүрлері, ауыз әдебиеті, халықтың тарихы мен мәдениеті арқылы тәрбиелеуді қажет деп санады.
Кезінде халқының тарихында елеулі орын алған, ер-азаматқа пара-пар еңбегі сіңген қазақ әйелдері аз болмаған. Айғаным Сарғалдаққызы Уәлиева – XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ тарихынан айрықша орын алатын әйелден шыққан тұңғыш қайраткер. Ол – қазақтың үш жүзін біріктіруге бар ақыл-ой, күш-қайратын аямай жұмсаған хан Абылайдың ұлы Уәлидің кіші әйелі, Шыңғыстың шешесі, Шоқанның әжесі. Ел өмірінде осы ұлы адамдардың біріне жар, біріне ана, біріне әже болуымен де айтулы із қалдырғаны сөзсіз. Бір адамның басына осыншама қасиеттерді үйіп-төгіп бере салған табиғаттың жомарттылығы ғажап!
Алдымен Айғаным дүниеге ұл-қыздарын әкелген әйел ана, өз балаларын білімді азамат етіп шығаруға ұмтылған, ұлы Шыңғыстан бастап басқа да перзенттерін оқуға орналастырған, білім дәрежесіне қарай белгілі қызметке де жайғастырған, сондай-ақ немересі Шоқанды оқытуға күш салған, міне осы әрекеттерінің бәрі күрескердің ғана қолынан келетін қайсарлықтар. Ұлы Шыңғыстың ағартушылық пен ғылым жолын қуаттауына да анасының әсер-ықпалы зор болған.
Төре тұқымында орныққан дағдының бірі – әр адамның бірнеше тілді меңгеруі міндетті саналған. Осы ұлағатты ұстау Шоқанның әжесі Айғаным шаңырағына да ырыс әкелген ғой. Әжеміздің қазақ және орыс тілдеріне жетіктігіне ешкім таласа алмаған. Бұған дәлел қызмет бабындағы ресми хаттар мен түрліше мәліметтер беріліп отыратын жазба құжаттардың жүргізілу тәртібі. Сол кездегі қазақ даласы ауқымындағы саяси іс-әрекеттер және орыс тіліндегі мәлімдемелер де сол кісінің тексеруінен өтіп отырған. Қазақ тіліндегі іс-қағаздарды оқып, қол қойған соң, мөр басқан. Орыс тілдегісінің аудармасын барынша қадағалап, өзі қолдан өткерген. Соған қарағанда Айғаным екі тілде сауатты болған.
Шоқан Уәлиханов пен осы әулеттің өміріне көбірек үңілген Ә.Марғұлан, әсіресе, әже Айғанымға қатысты дүниені қалт жібермеген. Ғалым сондай деректерді іріктеп, әбден сала-салаға ажыратқан. Қазақ публицистикалық тарихын зерттеуді Айғанымнан бастау керек деді.
Кезінде аты жоққа ат берген, асы жоққа ас берген, кедейге пана болған Ұлпан анамыз да, өзі Есенейдің иен байлығынан түк қызық көрмей өткен адам. Кенесары тобына қосылудан бас тартып, Керей-Уаққа қарасты бес болыс елге ықпалы жүріп тұрған шонжар Есенейге жастай күйеуге шығып, ақыл-оймен, көркімен, ер мінезімен билеп-төстеп кеткен Ұлпанның айналасындағы дүйім жұртқа қалайша беделді өткенін, әділдік, қайырымдылық еткенін, ақырында Торсан жалмауыздың тұзағына түсіп, опат болғанын Ғ.Мүсірепов ел аузынан естіген күйде кітаптың ұзын-ырға мазмұны етіп жазып көрсеткен.
Қазақ халқының аса кемеңгер ойшыл ақыны, ағартушы Абай Құнанбаев балаға отбасылық тәрбие беруде ата-ананың ерекше орын алатынын өз іс-әрекеті және тәлімдік маңызы айрықша өлеңдері мен даналық көзі болып саналатын қарасөздерінде көрсеткен.
Абайдың ағартушылығын дұрыс түсініп, орынды бағалау үшін өзінің өскен ұясындағы тәрбиесіне тоқтала кеткен жөн болар. Соның бастау бұлағы – ата-ана тәрбиесі. Әкесі Құнанбай – ел билеген көсем, қарасөзге дес бермеген шешен, жастайынан атқа қонған найзагер, талапты да, табанды адам болған. Бала Абайды жанынан тастамай, өзімен бірге ерте жүріп, үлкен өнегелі отырыстарды, алқалы мәжілістерді көрсетіп, небір дүлдүл шешендердің, ақын-жыраулардың асыл сөздерін, абзал қасиеттерін, көсемдердің әділ биліктерін оған сабақ етті. Әжесі Зере, анасы Ұлжан Абайды өз халқын, ел-жұртын сүйер мейірімділікке, үлкен жүректі ұлылыққа баулыды. Шежіре әжесі өз туыстарының тарихын айтып, елінің тұрмыс-тіршілігімен таныстырып, жақсы мен жаманды айыра білуге үйретеді. Анасы – өте ақылды, ұстамды, сөзге сараң, сөйлесе шебер, үйлесімін тауып сөйлейтін, ақындық дарыны бар адам болған. Осындай көңілі ояу, көзі ашық білікті ата-ана дәстүрі баладан-балаға жалғасты. Әулеттің таусылмайтын берекесі, әділеттің, тазалықтың өнегесі бола білген Зередей әже тәрбиесін көрген Абай да өз балаларына осы үлгіні берді, оқытты, тәрбиеледі. Ата-ананың өнегелі өсиеті оны ағалыққа, адамдыққа әкелді. Туысқандық парызын сақтай отырып, Құдайбердідей аға өсиетін орындап, Шәкәрім сынды дарынды тұлғаны тәрбиелейді.
Ғасырлар қойнауынан бүгінге жеткен халқымыздың біртуар ұлдарын тәрбиелеудегі әже тағылымының мұралары – ойшыл ақын-жырауларымыздың шеберлігі мен беделін көрсететін құрал ғана емес, халықты тәрбиелеу мектебінің оқулығы. Сонымен қатар, толғаулар мен өлең-жырлардағы замана күйі, халықтың мұң-мүддесі – этникалық педагогикада ескерерліктей маңызы бар тамаша тарих. Қай заманда да әже тағылымы ескірмес туынды қалдырған халықтың ағартушылары іспеттес. Себебі, әжелеріміздің айтылған өлең-жырларын халық жатқа айтып қана қоймай, өміріне үлгі етеді. Тәрбие құралы ретінде пайдаланады.
ХҮ-ХҮІІІ ғасырды қамтитын қазақ хандығы дәуіріндегі әже тәрбиесінің мүддесі, мұраты ұрпақ үшін ескірмес жырлары, педагогикалық тұрғыдағы өресі биік тағылым екендігіне көз жеткізуге болады.
Ұлы табиғат құшағының аңғал-саңғал алаптарында тіршіліктің ыстығына күйіп, суығына тоңа жүріп еңсесін көтерген ана мен әже танымдық қабілетін балаға деген сүйіспеншілігін оятып, түрлі-түрлі құбылыстарды сол ұғым шеңберінде қастерледі.
Жоғарыда аталған қадір-қасиеттерді бүгінгі ұландар бойына дарыта білсек, онда зерделі де зейінді, өнерлі де талантты, жігерлі де қайратты, адал да парасатты елі-халқы сыйлайтын ер жігіттің келешегі жарқын, жолы ашық. Осы орайда ойға оларға берілетін тәрбиенің артықшылығы неде деген сұрақ оралады. Өйткені оларды бесік жырына құлағын қандырудан бастап, ауыз-әдебиеті мен ата-баба тарихына сусындатудан бірізділікпен ер балаларға негізделген тәрбиенің әдістемесінің жасалуы ер бала тәрбие маңыздылығын сезіндіріп қана қоймайды, сондай-ақ, нәтиже де берері анық.
Керісінше жалқаулықты серік етіп, жанын өтірікпен бағып, біреуді алдап, біреуді арбап, шыққан тегін білмейтін, отбасы түгілі өз басында асырай алмай жүрген ерлерімізден қандай ұрпақ жалғастығын күтуге болады? Осындай керағар тәрбиеленген ұрпақ өкілдерінің тәрбиесіне кімді кінәлаймыз? Қоғамды ма, әлде ата-ананы ма? «Атадан тағылым алмаған ұл жаман, анадан өнеге көрмеген қыз жаман», «Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас» деп түйіндей отырып, бүгінгі күннің тәрбиесінің отбасында және мектепте берілуіне ерекше мән беріп, арнайы тәрбие бағдарламалары жасалуға тиіс. Өйткені ұл-қызымыздың дұрыс тағылым-тәрбие алуы, дүниенің сырын танып білуі отбасындағы ата-аналардың ақыл-кеңесі мен үлгі-өнеге көрсетумен байланысты. Ал, немерелеріне тәрбие беріп отырған әжелер болса, олардың әке-шешсінен де асып түсіп санасы да парасатты, ақылдың кені болатындай ұрпақ болып өсуіне өздерінің жылдар бойы жиналған тәрбиелік тәжірибелерін жұмсаудан еш жасыққан емес. Бүгінгі жаһандану заманында ұлттық құндылықтарымыздыжоғалтып алмай, уақыт талабына сай тәрбие беретін ақ көңіл парасатты әжелеріміздің жалпы тәрбие үрдісінде алатын орны ерекше.
Сондықтан да, өсіп келе жатқан өскелең ұрпағымыздың бойына дарыту, тағдырдың қандай тәлкегін көрсе де, қайсарлығы мен тектілігін жоғалтпаған дана халықтың ұрпағы екендігін ұғындыру, олардың бойына мақтаныш сезімін туғызу, ғасырдан ғасырға дейін ақылдың кені бола білген әжелерімізді құрметтеуді бала бойына сіңдіру – ата-ананың бірден-бір міндеті, әрі парызы.
ӘДЕБИЕТТЕР
-
Адамбаев Б. Халық даналығы. Алматы: Рауан, 1996.
-
Қазақтың тәлімгер ой антологиясы. Алматы: Рауан, 1994.
-
Егеубаев А. Кісілік кітабы. Алматы, 1998. 320 б.
-
Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. Алматы, 1995. 208 б.
-
Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы, 2004.
-
Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1994. 400 б.
-
.Жәшібекова К.Ж.Шардарбекова Д.Ш. Білім жүйесіндегі тәрбиенің ұлттық идеологиялық стратегиясы мен тактикасы. Алматы, 2008. 188-189 бет.
-
Беркімбаева Ш.К., Қожахметова К.Ж., Қоңырбаева С.С. «Ұлы қазақ даласындағы өткен тарихи дара тұлға арулар» (Оқу бағдарлама) Алматы, 2007.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада бала тәрбиесіндегі әжелер тағылымының маңыздылығы, ұлттық тәрбиенің ерекшелігі сөз етіледі.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются некоторые особенности национального воспитания.
ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ – КОРРЕКТИРУЮЩИЙ ФАКТОР ФОРМИРОВАНИЯ У СТУДЕНТОВ СОЦИАЛЬНОЙ КОМПЕТЕНТНОСТИ
Джумагулова Г.А., аспирант
(Кыргызстан, Бишкекский гуманитарный университет)
Обоснование социально-педагогических предпосылок формирования у студентов социальной компетентности показывает существенную значимость специально организованных средой и специальными учреждениями процессов, которые побуждают личность к осознанной коррекции поведения. Причем, ее направленность имеет положительный вектор развития – побуждает личность к творческому и самозначимому проявлению.
Междисциплинарный анализ (см. Библиографию) обозначенной взаимосвязи показывает эффективность правильно организованного педагогического процесса в формировании исследуемого свойства личности.
Анализ научных источников выявляет разнообразные методологические, методические и технологические подходы к рассмотрению обозначенной проблемы. В нашем исследовании, исходя из системной методологии, сделана попытка рассмотрения педагогических аспектов, тем или иным образом влияющих на включение студентов в социально-мобильное и компетентное самоуправление. Рассмотрена роль педагогической деятельности в формировании социальной компетентности и показана ее роль в профессиональном самоопределении личности.
Изучение структуры и содержания социально компетентного профессионального педагогического действия показывает существование детерминирующих и корректирующих факторов, влияние которых определяет меру его успешности в плане воздействия на развитие личности учащихся. Среди них особую роль играет деятельность педагога, побуждающая ребенка к поведению, одномоментно отражающему социальную норму и уровень личностных притязаний.
Как известно «деятельность – динамическая система взаимодействий субъекта с миром, в процессе которых происходит возникновение и воплощение в объекте психического образа и реализация опосредованных им отношений субъекта в предметной действительности».
С другой стороны, «можно зафиксировать, по крайней мере, четыре различных смысла, которые вкладываются в это понятие:
1. Деятельность как совокупность результатов и последствий ….
2. Деятельность как процесс преодоления трудностей, как решение проблем и задач, ….
3. Деятельность как процесс изменения человека в ходе изменения обстоятельств своей жизни … .
4. Деятельность … как способ отношения к условиям своей жизни, как деяние».
Тем самым, выявляется многозначность взаимосвязи исследовательского процесса с параметрами деятельности педагога как способа существования и развития общества и человека (Л. Буева). Эти и другие вопросы, связанные с взаимовлиянием педагогической деятельности и формирования социальной компетентности будущего педагога.
Междисциплинарный анализ рассматриваемой взаимосвязи (В.Краевский, Н.Кузьмина, И.Лернер, А.Макаренко, В.Сластенин, Л.Спирин, - см. Библиографию) позволил выделить классическое толкование педагогической деятельности, которая представляет особый вид социальной деятельности, направленной на передачу от старших поколений младшим накопленной человечеством культуры и опыта, создание условий для их личностного развития и подготовку к выполнению определенных социальных ролей в обществе. Принимая в целом данное понимание педагогической деятельности, мы в ходе экспериментальной работы, произвели уточнение базового понятийного аппарата. Так, педагогическая деятельность рассматривалась в виде целенаправленного процесса нравственного воздействия педагога на личность подопечного для: – информационного насыщения его личностной и социально значимой информацией; – побуждения его к саморегулированию; – соотнесения опыта культурного развития и саморазвития человечества с конкретной ситуацией становления личности отдельно взятого человека. Данный подход к определению педагогической деятельности выявил значимость смыслообразующей характеристики (А.Леонтьев) деятельности – цели для предмета исследования. Отметим, что целепологание проблемная позиция педагогического действия. Вариативность региональных подходов и недостаточная стабильность и четкость формирования федерального стандарта (обученности, воспитанности и развития) приводят к снижению роли воспитания в формировании социально компетентного действия будущих педагогов. Как правило, речь идет об адаптационных действиях, побуждающих студентов к профессиональному рефлексированию. В ходе экспериментальной работы найдена зависимость уровня воздействия педагогического действия на исследуемый процесс в зависимости от его направленности.
В большинстве из наблюдаемых случаев, авторитарное побуждение студентов к проявлению социальной компетентности отрицалось ими как элемент культуры, утративший свою актуальность. Исследование проводилось среди студентов 2-5 курсов кыргызской филологии КНУ им. Баласагына. Выяснилось, что только в 3,2% случаев, исходя из индивидуальных и личностных особенностей, студенты включались в процесс профессионально значимого и социально компетентного действия на адаптивном уровне. Авторитарность, как личностная и профессиональная особенность педагогической самореализации, в целом не способствует формированию социально-компетентного профессионального действия, что соотносится с юношеским максимализмом и прагматизмом социально-бытового и профессионального самовыражения большей части будущих педагогов.
Детерминирующее значение имело равно ответственное и эмоционально-ценностное побуждение студентов к соотнесению социальной значимости профессионального действия и личностной мотивации профессионального самоопределения.
Отдельная ранговая матрица выстраивалась нами в соответствии с эмоциально-ценностным обоснованием значимости педагогической деятельности в исследуемом процессе. Базовым параметром соотнесения явилось ценностное отношение участников педагогического процесса к значимости педагогического мастерства и импровизации, реализуемой в профессиональном аспекте. В соответствии с соционической типологией студенты контрольных и экспериментальных групп были разделены на следующие подгруппы: рационалисты и иррационалисты.
В контрольном группе были выделены следующие основные личностные типы.
Группа рационалистов: Группа иррационалистов:
▲ мыслительно-интуитивные; ▲ интуитивно-мыслительные;
▲ мыслительно-ощущающие; ▲ ощущающе-мыслительные;
▲ чувственно-интуитивные; ▲ интуитивно-чувствующие;
▲ чувственно-ощущающие; ▲ ощущающе-чувствующие;
В процессе констатирующего и преобразующего срезов выявлена зависимость перевода профессиональной и личностной компетентности в общесоциальную.
Сравнительно-сопоставительный анализ обозначенной зависимости проявляет характерологические особенности формирования исследуемого процесса является определяющая роль иррациональности в творческом социально-компетентном самовыражении студентов. В этом случае, все виды иррациональности более комфортны в процессе перевода личностного и профессионального опыта в действие, которое оценивается окружающими как проявление достаточной личностной готовности к проявлению педагогического мастерства. Все виды рационалистов имеют большие ранговые показатели при выполнении адаптивных действий, которые требуют от студентов аккуратности, последовательности, настойчивости и целеустремленности. Иррационалисты, в большей степени, в качестве личностных основ своего проявления используют активность, самостоятельность, инициативность и интуицию. Это позволило нам для каждого из указанных типов определить программу саморазвития умений, позволяющую усилить компетентность социального проявления.
Отметим еще одну важную особенность, выявленную в ходе экспериментальной работы. Исследование показало, что в любом виде рационального и иррационального поведения педагог более продуктивен в рассматриваемом аспекте, если он обладает умениями интуитивного педагогического предположения. Большая часть выборки, обладающая указанным свойством, была более содержательна в педагогическом действии. Они разрешали возникающие социально-педагогические и собственно-дидактические задачи импровизационно и с проявлением устойчивого интереса к творческому действию студента. Наличие в профессиональной деятельности педагогов интуитивности позволяет разрешать возникшие задачи проблемно и более активно соотносить личностный и профессиональный опыт в организации педагогического процесса с социально-признанными параметрами его проведения. Так, Зухра Капиевна Х., преподаватель КНУ им. Ж. Баласагына, при подготовке к курсу «Педагогические технологии» разделила студентов на три группы: с прямой мотивацией на педагогическую профессию; с защитной мотивацией; отсутствием такой мотивации.
Аналогичное разбиение проводилось нами во всех экспериментальных группах. Это позволило ей разрабатывать три пилотных модели плана. Она была готова к проведению нескольких моделей занятия. Субъективно, со стороны студентов, эксперты получили стабильное положительное оценивание деятельности Зухры Капиевны. Причем, большая часть выпускников в анкетах, сочинениях, творческих работах и других материалах исследования высказывала утверждение о жизненной значимости получаемых знаний и умений. Поэтому, было сделано предположение о корректирующей роли интуитивности в личностном и профессиональном проявлении социальной компетентности. В ходе исследования роли педагогической деятельности в социально-компетентном действии студентов обнаружена устойчивая корреляция соотнесения мыслительного вида со всеми видами компетентности.
Таким образом, определение цели педагогического действия или деятельности в целом определяет возможность перевода личностной и профессиональной компетентности в социальную. Нами установлена устойчивая корреляция личностной ориентированности, технологичности, целеполагания с интенсивностью обозначенного процесса. Как известно, цель в педагогическом процессе может определяться дуалистично. С одной стороны, исходя из соответствующих стандартов. С другой – из возможностей участников педагогического процесса. Названные варианты целеполагания достаточно альтернативны. В ходе исследования признано более рациональное использование способа постановки цели, предполагающей выполнение двух педагогических действий: педагогической диагностики и определение модели соотнесения стандарта и особенностей студентов. Данный вариант целеполагания позволяет естественным образом соотнести все виды компетентности, которые присутствуют в проявлении педагога и студентов. В этом случае, преподаватель действует по технологии выражающей в следующих действиях: «изучи алгоритм – следуй за … - выбери сам – осознай рациональность выбора – примени на практике – проанализируй ошибки сделанного».
Исследование показало эффективность данного способа целеполагания с точки зрения предмета нашего исследования. Предметом исследования являются педагогические условия формирования социальной компетентности у студентов педагогических специальностей в процессе преподавания педагогических дисциплин. Педагогическая деятельность, основанная на личностном и технологическом целеполагании воспринимается большинством студентов как «искреннее соучастие в моей профессиональной судьбе …». Это позволяло определить методику подготовки цели в учебно-воспитательном процессе, который способствовал побуждению студентов к осмыслению социальной значимости своих педагогических действий.
ЛИТЕРАТУРА
Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования.- М., 1990.- 139с.
-
Айзенберг А.Я. Самообразование: история, теория и современные проблемы- М., 1986.-126с.
-
Ануфриева Е.А. Социальный статус и активность личности- М., 1984- 288с.
-
Бабанский Ю.К. Оптимизация учебно-воспитательного процесса- М., 1982-182с.
-
Беспалько В.П., Татур Ю.Г. Системно-методическое обеспечение учебно-воспитательного процесса подготовки специалистов- М., 1989- 141с.
-
Воротникова А.А. Психологические условия становления профессиональной компетентности будущего педагога: дисс. на соискание ученой степени канд пед. наук (13.00.08)- М., 1998- 23.
-
Леонтьева А.Н. Философия психологии: из научного наследия/под ред. А.А.Леонтьева, Д.А. Леонтьева- М.1994-228с.
-
Лихачев Б.П. Философия воспитания- М., 1995-282с.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада педагогикалық қызмет студенттердің әлеуметтік құзіреттілілігін жолға қоятын фактор ретінде қарастырылады. Бұл мәселенің әдістемелік, әдіснамалық, технологиялық қырлары ғылыми еңбектерде талданған. Автор ғылыми еңбектердегі тұжырымдарды саралай отырып, қарастырылып отырған мәселенің шешімін іздейді.
РЕЗЮМЕ
В данной статье рассматривается педагогическая деятельность как корректирующий фактор формирования у студентов социальной компетентности. Анализ научных источников выявляет разнообразные методологические, методические и технологические подходы к рассмотрению обозначенной проблемы. Таким образом, в ней рассмотрена роль педагогической деятельности в формировании социальной компетентности и показана ее роль в профессиональном самоопределении личности.
Достарыңызбен бөлісу: |