Lesson Study оқушыларға оқу ал мұғалімдерге кәсіптік білім беруде көмек көрсету, топ мүшелерін оқыту мақсатында қолданылады. Көп мұғалімдер бұл оқыту тәсілін ашық сабаққа жатқызады. Құрылымы жағынан ашық сабаққа ұқсас болғанымен, мазмұны жағынан орындалу барысы жағынан ерекшеленеді. Lesson Study-ді өткізу де, жоспарлау да топ мұғалімдерімен топтық түрде болады. Ашық сабақ кезінде сабақ өтетін мұғалім өзі жеке дайындалып, сабақ жоспарын өзі құрады. Ал бұл тәсілде олай болмайды. Бұлардың барлығы топтық түрде мұғалімдермен жүзеге асырылады. Жоспар құру, сабақты өту, нәтиже шығару кезеңдерінің барлығы топтағы мұғалімдердің белсенді атсалысуымен өтеді. Жиналыс секілді мұғалімдер басы бірігіп, сабақтың тақырыбын, мақсаты мен міндеттерін анықтап, соған сәйкес жоспар құрады. Қолданғылары келіп жүрген жаңа әдістерді сабақ жоспарына енгізіп, сол әдістің тиімділігін іс-жүзінде көру үшін бұндай сабақтарды ұйымдастырады. Әдістер мен тапсырмаларды бірігіп жоспарлап, уақытқа сәйкес келетіндей етіп туралайды. Алдын-ала өткізілетін күнін жоспарлап, көрнекіліктерді де дайындап қояды. Бұл сабақты негізінде бір ғана мұғалім өткенімен, ал іс-жүзінде ұйымдастыруға барлық мұғалімдер қатысады. Сабақ уақыты мұғалімдердің келісуі бойынша орнатылады. Кейбір Lesson Study сабақтары ықшам сабақ секілді қысқа болуы да мүмкін. Кезек бойынша мұғалімдер өздерінің сабақтарын өтеді. Ашық сабақтан ерекшелігі де бұнда деп ойлаймын. Ашық сабақты тек бір мұғалім ұйымдасытырп, жоспарлап өткізеді.
Lesson study-дің ерекшеліктері
Жеке оқушылардың қажеттіліктеріне қарап оқыту
Мұғалімдермен отырып бірге жұмыс жасау
Ал Lesson Study-ді топ болып біріккен мұғалімдер қауымы бірігіп өтеді. Ашық сабақ мұғалімнің қаншалықты тәжірбиелі екендігін көрсетсе, ал Lesson Study қолданатын әдіс-тәсілдердің қаншалықты тиіміді екендігін анықтау үшін жасалады. Жаңадан енген немесе мұғалімдер құрастырған әдістердің сабақта қолданылып, қолданылмауға болмайтынын осы тәсіл арқылы білуге болады. Кейбір әдістер сабақ кезінде шынымен де тиімсіз болуы мүмкін. Ол жағдайда мұғалімдер талқылау жүргізіп өткізілген сабақтқа талдау жасап, әдіске байланысты түзетулер енгізіп, одан жаңа әдіс құруға тырысады. Бұны басқаша “байқау сабағы”-, деп бос бекер айтпаған. Оқу деңгейі әртүрлі деңгейдегі мұғалімдер бірігіп тәжірбие алмасады, және жаңа инновациялық-әдістер ойлап шығарады, жаңашылдық орната алады. Lesson Study-дің табысты нәтижесі ретінде сыни ойлау тұрғысынан оқытудың пайда болуын жатқызуға болады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы шет елдің мұғалім-әдістемешілерінің бірігіп Lesson Study сабағын ұйымдастыруы барысында пайда болды деген деректер бар. Одан басқа біз білмейтін бірнеше мыңдай әдістер мен тәсілдер осы сабақтар арқылы дамытылып әлемге таралды. Осылайша әлемдік білім беру жүйесінде барлығына ортақ әдістер тарала бастады. Lesson Study жаңа педагогикалық технологиялар мен әдістердің пайда болуының алғышарты, әрі мұғалімнің ой-өрісін дамытып тәжірбиелі маман шығаруға бағытталған тәсілдер жүйесінің бірі.
Lesson Study тәсілі тиімді, себебі ол мұғалімдерге:
А) әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге;
Б) мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге;
В) оқытуды нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге;
Г) Lesson Study-ді басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылатын мұғалімдердің желілік қоғамдастығы аясында іске асыруға;
Д) Lesson Study мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдануға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |