17. «Доспамбеттің ауыр жараланып жатқан кезіндегі мұңды көңіл-күйін бейнелейтін толғауы»



бет2/6
Дата10.02.2024
өлшемі32.71 Kb.
#491556
1   2   3   4   5   6
12 сұрақ@qymrxe

19. «Бұқар шығармаларын тақырыптық
ерекшеліктеріне қарай топтаңыз».
Бұқар жырау Қалқаманұлының шығармалары тақырыптық ереклеліктеріне қарай адамгершілік құндылықтарын жырлайтын туындылар, елдің бірлігіне қатысты толғаулар, Абылай ханға қатысты айтқандары және енді ғана күш алып келе жатқан отаршылдыққа байланысты болжамдардан тұратын сөздері деп қарастырып, жіктеуге болады. Жыраудың бұл ерекшеліктері оны замандастарынан өзгеше етеді. Абылай ханның Патшалық Ресей мен Циньдік Қытай арасында дербес, сарабдал саясат жүргізуінің өзі көп жағдайда Бұқар жырауға байланысты болып келеді. Жырау өзінің жасының есейген сайын жеке өмірлік ой-толғауларын да шығарып отырған. Дінге байланысты айтқандары да бар. Онысы көбінесе философиялық ойларға құрылып, дидактикалық түрінде келеді. Жоңғар-қалмақтарға қарсы соғысып, ерлікпен жан тапсырған Бөгенбай батырдың өлімін халыққа естіртуге қатысты шығарған жоқтауы лирикалық сарында болып келеді. Бұқар жырау өзінің толғауларының басым бөлігінде мақалдатып сөйлемдер құрады. Өйткені, ол замандағы қазақтар ауыз-екі мақал түрлеріне өте жетік болған. Сондықтан, Бұқар жырау заман ағымына қарап, шығармаларын уақытылы бейімдейтін болған. Мақалмен толғайтын шығармаларында жырау туындының ұйқасты құрылымдарына мән бермейді. Керісінше логикалық ойға жүгінеді. Сол себепті Бұқар жыраудың поэзияда өзіндік қолтаңбасы көзге анық көрінеді.


20. «М.Әуезов "Әдебиет тарихы"
атты еңбегінде қарастырылатын жыраулар».
ХХ ғасырда қазақ әдебиетінің бірегей көшбасшылардың бірі бола білген Мұхтар Әуезов 1927 жылы Қызылорда қаласында «Әдебиет тарихы» атты іргелі кітабын баспадан шығарды. Кітаптың аты айтып тұрғандай халқымыздың әдебиетінің тарихы көрініс тапты. Еңбекте кездесетін тұлғалардың алғашқы көшін атақты жырау, жерұйықты іздеймін деп жолын Жетісуда аяқтаған Асан Қайғы бастайды. Одан ізін ала қазақ пен ноғайға ортақ жыраулар Шалкиіз бен Доспамбет, тіпті Қазтуған да сөз етіледі. Еңсегей бойлы ер Есім ханға ақылшы болған әрі оның әскерінің біраз бөлімдерін өзінің артына еріте білген Марғасқа жырау туралы да сөз болады. Жазушы өзінің тізбектеуін ХVIII ғасырға дейін жалғастырып, Ақтамберді және Бұқар жыраулармен сөзін аяқтайды. Бұл айтылған жоғарыдағы тұлғаларды Хакім Абайға дейінгі әдебиеттің көрнекті өкілдеріне жатқызады. Енді Абайдың дәуіріндегі әдебиетке бас ақынның өзін және зар-заман ақындарын жатқызады. Кейбір тарихшылар мен этнографтардың айтуларынша Мұхтар атамыз «зар-заман» тіркесін осы еңбегінде алғаш қолданды дейді. Келесі бір жіктеуін Абайдан кейінгі қазіргі дәуір тұлғаларына өзінің замандастарын, дәлірегі Алашорда қайраткерлері, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мустафин, С.Мұқанов секілді тарландарымызды жатқызып, әдебиетіміз үш кезеңнен өткен дейді Мұхтар Әуезов.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет