17. «Доспамбеттің ауыр жараланып жатқан кезіндегі мұңды көңіл-күйін бейнелейтін толғауы»


«Сөздердің актив және пассив болып қолданылуы»



бет5/6
Дата10.02.2024
өлшемі32.71 Kb.
#491556
1   2   3   4   5   6
12 сұрақ@qymrxe

46. «Сөздердің актив және пассив болып қолданылуы».
Тілдің өзіндік стилі мен қолдану аясының не жиі не сирек болуына байланысты біздің айналамызға актив пен пассив ұғымдары енеді. Түсінікті болу үшін анықтамасын бере кетейік! Актив тілдің жиі қолданылатын сөздері. Бұған біздің өмірдегі күнделікті пайдаланатын сөздеріміз жатады. Пассив болса, керісінше қолдану аясы тар, сирек кездесетін сөздер. Мысалы, Ахмет Байтұрсынұлы шығарған "Қазақ газеті" мен Мұхамеджан Сералин шығарған "Айқап" журналындағы сөздер пассив қасиетіне ие. Бүгінгі таңда ол материалдарды ешкім оқымайды, ондағы сөздерді оқығанын өзінде түсінбей қалатын азаматтарымыздың қарасы қалың. Бұл екі ұғым өмір-бақи өзінің мәнін жоғалтпайды. Себебі, ұлттың өмір сүру тарихында оның тілі де өзгерістерге ұшырап отырады. Бір сөз біраз уақыт бойы қолданыста болса, уақыт өте келе ол да күн тәртібінен түседі. Бір ғана мысал: араб-парсы тілдерінен енген «фәни» сөзі жалған деп аударылады. Бұл сөзді біздің ақын-жырауларымыз, зар-заман ақындары, сал-серілер, күйшілер, айтыскелер, сопылық философтар қолданған және сол дәуірлерде танымал сөздердің бірі болды. Бірақ бара-бара заман алға жылжыған сайын оның да қолдану аясы тарыла берді. Бүгінгі күндері ешкім ол сөзді айта қоймайды. Алайда толықтай жойылып та кетпеді. Өзінің пассивтік келбетін сақтап қалды.


47. «Көнерген сөздер, түрлеріне сипаттама беріңіз».
Көнерген сөздер тілімізде жетіп артылады. Олар әрбір дәуірге байланысты өзгеріп отырады. Олар екіге бөлінеді: 1) тарихи 2) архаизмдер. Біріншісіне тарихта болған оқиғалармен жүретін сөздер. Оның өзі бірнеше салаға бөлінеді. Мысалы, ел басқаруға қатысты сөздерді қарастырайық! Қазақ хандығы дәуіріндегі ел басқаруда хандар, сұлтандар, уәзірлер, ауылбасылар, рубасылар, билер, батырлар, жаушылар сияқты сөздер танымал болса, Патшалық Ресей дәуірінде болыс, дворян, старшын, пристав, аға сұлтан секілді жаңа сөздер пайда болды. Келесісі қару-жарақ атаулысына қатысты садақ, жебе, сауыт, найза, айбалта, білтелі мылтық сөздері қолданыста болды. Кеңес Өкіметі тұсында пионер, пролетариат, қызыл отау, қызыл әскер, декрет, коммуна атты тіркестер көп пайдаланылды. Екіншісі тұрмыста, салт-дәстүрде, әдет-ғұрыпта пайдаланылатын сөздерді архаизмдер дейміз! Оларға сәукеле, әбдіре, саптыаяқ, кебеже сынды көп адам біле бермейтін сөздер кіргізіледі. Бірақ бір нәрсені ескеруіміз керек! Кейде ұмытыла бастаған сөздер қайтадан жаңғыртылады. Оған көбіне діни сөздерді қоссақ болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет