17. «Доспамбеттің ауыр жараланып жатқан кезіндегі мұңды көңіл-күйін бейнелейтін толғауы»


«Доспамбет толғауларындағы ұлттық



бет3/6
Дата10.02.2024
өлшемі32.71 Kb.
#491556
1   2   3   4   5   6
12 сұрақ@qymrxe

17. «Доспамбет толғауларындағы ұлттық
салт-дәстүр көрінісін жырдан үзінді алып түсіріңіз».
Жыраудың толғауларынан ұлттық салт-дәстүр лебізі сезіліп тұрады. Оның туған жерге деген сүйіспеншілігі соның айғағы. «Азау, Азау дегенін» атты өлеңінде мынадай жолдар кездеседі:
«Қан жусандай егілсе,
Аққан судай төгілсе,
Сарыарқаның бойында
Соғысып өлген өкінбес», –
деп туған елін қорғауда жан тапсырудың маңызын анықтай түседі. Онык ойынша, туған елі үшін шәһид болған адам ұлт алдындағы парызын орындай алады. Сол үшін барынша жауынгер болуға әрі ештеңеден қаймықпай, алға қарай ұмтыла түсуге шақырады. Кейінгі Бұқар жырау мен Махамбеттің өлеңдеріне Доспамбеттің әсер еткені көрінеді. Себебі, олар да туған жері үшін соңғы демі қалғанша шайқасуға үндейді. Оның үстіне, Доспамбеттің дәуірінде Ноғай ордасының шаңырағы теңселіп, біртіндеп ортасына түсе бастаған кезі болатын. Ол ел болатын жұртқа бірігу керектігін, өз алдарына жеке-жеке қожа болып билік жүргізбеуге шақырады. Бұндай толғаулары біздің қазақ халқының жырауларына да тән. Қанша жерден халықтың арасынан бір-бірін көре алмайтындар көп болса да, жауға қарсы бірігіп атқа қонуға шақырады. Сарыарқаны текке өлеңіне қосқан жоқ. Мұндай әсем жерден айырылып қалу ел жолында жүрген азаматтарымызға сын болмақ. Сөйтіп болашақ ұрпақ алдына қалай қарамақ?! Міне, Доспамбеттің толғауындағы негізгі ой!


18. «Ахмет Йасауидің даңалық ойларының
Ж.Баласағұн және Абай шығармаларымен үндестігі».
Түркі халықтарының мәдени өмірінде ерекше орны бар Қожа Ахмет Йасауидің «Диуани Хикмет» атты еңбегі өзінің мазмұны жағынан сол дәуірлерде өмір сүрген Ж.Баласағұн секілді ақындардың шығармаларымен ұқсас келеді. Себебі, Йасауи бұл еңбегінде даналық туралы көп айтады. Баласағұн да сондай тақырыпта ой өрбітеді. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы Қожа Ахмет өз туындысын араб тілінде жазса, Жүсіп хас хаджиб түркі тілінде қалам тербетті. Хакім Абай да өзінің «Толық адам» философиялық еңбегін жасауда бұлардан қалған мұраларға арқа сүйеді. Бұл жерде олар өз шығармаларын VIII-XIII ғасырлардағы түркі-исламдық ренессанстың әсерімен жазғандықтан, бізге дін туралы әңгіме қозғауға тура келеді. Жүсіп Баласағұн «Құтадғу Білік» атты кітабында адам баласына барынша жамандық атаулысына жоламауға кеңес береді. Қожа Ахмет Йасауи де нәпсіні мүмкіндігінше тежеп ұстап отыруды айтады. Абай Құнанбайұлы осылардың барлығын саралай келе: «жоғарыдағы жамандық пен нәпсі кеселдері білім алмауынан туындайды» – деп халықты білімге ден қоюға шақырды. Себебі, білімді болған адам өзін оңайлықпен жаман әдеттерге жем ете қоймайды. Жүсіп пен Қожа Ахмет бұл пәни (жалған) дүниені емес, арғы дүниені көбірек еске алуға шақырады. Өйткені Жаратқан Алланың сүйікті құлдары – Қиямет күніндегі сұрақ-жауаптан қорқып, мейлінше тақуалық өмір салтын ұстанғандар дейді. Осыған қарап Абайдың: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» – деген тамаша цитатасы бар екені белгілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет