17. «Доспамбеттің ауыр жараланып жатқан кезіндегі мұңды көңіл-күйін бейнелейтін толғауы»


«Бұқар жырау поэзиясындағы нақыл сөз



бет4/6
Дата10.02.2024
өлшемі32.71 Kb.
#491556
1   2   3   4   5   6
12 сұрақ@qymrxe

33. «Бұқар жырау поэзиясындағы нақыл сөз,
афоризм, мақал-мәтелге айналған көркемдік
ойларға талдау жасап, мысал келтіріңіз. Лексикология».
Бұқар жыраудың поэзиясы өз алдына бөлек әлем. Сөзіміздің тоқ етерін оның нақыл сөздерінің ішінен:
«Алла деген зар болмас,
Ақтың жолы тар болмас», –
деген керемет жолдарынан бастайық! Жырау бұнысымен нені меңзеді? Әрине, тәңір ешбір затқа зәру емес. Өйткені бізді жаратқан оның өзі әлденеге мұқтаж болмайтыны анық. Ал тура жолдағылар әрдайым жетістіктерге жетеді. Сөзін мен ісін өтірікке құрса, онда оның бағындырар асулары керісінше төмендей береді. Тағы бір афоризміне тоқталсақ:
«Тар пейілді кеңімес,
Кең пейілді кемімес», –
дейді. Бұнысында нені айтқысы келді? Әлбетте, жырау адамдарды имандылыққа шақырады. Қанша жерден тағдырдың тауқіметі қинаса да сабырлықпен көніп, тура жолдан таймауға үгіттейді. Адамның ең бір жақсы қасиеті кеңпейілді болуын сонау Бұқар жыраудың өзі айтып кеткен. Қазақ халқының кең тараған мақал-мәтелдерінің бірі:
«Жақсының аты өлмейді;
Ғалымның хаты өлмейді», –
деген сөздердің Бұқар жыраудың аузынан шыққан көркем ойларының бірі екенін көбісі біле бермейді. XVIII ғасыр қазақ халқы үшін билер, батырлар және жыраулардың дәуірі болды. Қаншама дана бабаларымыз сол заманда тәлім алар көптеген дана қазыналарды қалдырып кетті.


45. «Диалектология туралы жалпы
түсінікке сипаттама жасаңыз».
Диалектология – тілге қатысты ғылымның бір түрі. Дүниежүзінде қазіргі таңда 7 000-ға жуық тіл болса, солардың таралу аймағына қарай өзгерген ерекшеліктерін диалект дейміз. Диалекті сөздердің таралуы белгілі бір аймаққа тән әрі олар сол тілдің сипатын білдірмейді. Қазақстанда диалекті сөздердің таралуы төрт аймаққа тән болып тұр. Батыс облыстарының қазақтары түркімендер мен ноғайлардың тілінен енген сөздерді қолданса, Оңтүстік облыстардың қазақтары өзбектер мен қырғыздардың тілінен енген сөздерді арасында қосып қалады. Шығыстағы қазақтар моңғол және ұйғырлардың арасынан келген сөздерді қажетіне жаратса, Солтүстік облыстардың қазақтары орыс тіліне икемі келмеген сөздерді қажетіне қарай өзгертіп қолданады. Диалекті сөздердің анағұрлым аз тараған өңірдегі сипатталуын говор дейміз! Говор үлкендеу жерлерге емес, аудан, ауыл көлемінде таралған сөздерге қатысты қолданылады. Говор сөздерін шекараға жақын адамдардан немесе жинақы өмір сүретін ұлт өкілдерімен бірге тұратын мемлекет құраушы халықтың арасынан кездестіруге болады. Мысалы, Алматы облысының Жаркент қаласында ұйғырлар жинақылау орналасқандықтан, ол жақта солармен араласатын қазақтардың тілдеріне шамалап болса да өзгеріс енген. Мұндай жағдайлар еліміздің төртбұрышты құбыласының әрбір бөлігінде кездеседі. Говорлардың өздері подговор болып жіктеледі. Бұл олардың тілдің ерекшеліктеріне қарай пайда болатын түрлері. Содан кейін наречие деп бөлінеді. Наречие көбінесе Қазақстанның солтүстік аймақтарына тән!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет