2 – курс мұҒалімдік даярлайтын мамандықтарға арналған психологиялық- педагогикалық практикасының КҮнделігі



бет24/33
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499437
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
Нурмуқамбет Нұрдана мфк222 1-10апта (1)

5-45 ұпайдың аралығы: Саулығыңызға немқұрайлы қарайсыз. Бұл сіздің жан дүниеңізге әсер етпей қоймайды. Артық салмақ қатты алаңдатса, диета ұстамай-ақ қойыңыз, бар болғаны тәттіден бас тартыңыз. Саулығыңыз түзелмей, мақсаттарыңызға жете алмайсыз, себебі күресе алмайсыз. Қоршаған ортаға көз тастап көріңіз, қуаныш пен күшті күн көзінен алып үйреніңіз. 

46-69 ұпайдың аралығы: Сіз өзіңізге батыр болып көрінетін шығарсыз, бірақ өзгелер үшін әлсіз көрінесіз. Себебі, сіз физикалық күш жұмсамайсыз. Велосипед теуіп келген соң, аяқ бұлшықеттердің ауырсынуын сезіне білу керек. Күйзелістен тәттілер құтқармайды, олар тек көңіліңізді көтереді. Осыны ұмытпағайсыз. Жоспарды нақты құрып үйреніңіз. 

70-99 ұпайдың аралығы: Өз-өзіңізді қадағалай аласыз. Бұл сізге жаңалық емес. Сіз өзгеріс жақсы көресіз. Бұл қалпыңыздан танбаңыз. Мансапта да, жанұяда да қадіріңіз артып келе жатқандығы – өзіңіздің табандылығыңыздың арқасында. Дұрыс тамақтансаңыз, артық етпейді. Бастысы – өзгелердің пікірімен жүріп кетпеңіз. Егер сіз суға жүзгенді ұнатсаңыз, достарыңыз велосипед тепсе, өз қалауыңызды жасаңыз.

100-150 ұпайдың аралығы: Салауатты өмір салтын берік ұстану – болашағыңыздың кепілі. Уақытында тамақтанып, демалып, дәрумендер қабылдап, денсаулық заңдылығын бұлжытпай орындайсыз. Енді өзгелерге де өз құпияңызды бөлісіңіз.

Л.Кабардованың сауалнамасы










Кәсіби дайындық сауалнамасы (Л.Н. Кабардова)
 
Кәсіби дайындықты анықтау сауалнамасын Л.Н.Кабардова әзірледі (М.В. Ломоносов атындағы ММУ психология факультеті). Сауалнама Е.А.Климовтің сыналушының кәсіби қызмет саласына сәйкес келетін кәсіби бағыттылығын анықтау идеясын әрі қарай жетілдіруге негізделген (адам, техника, табиғат, белгілер жүйесі, көркем бейне).
Кәсіби дайындықты тұлғаның кәсіби қызметтің нақты түрімен айналысу ниетін және қабілетін көрсететін субъективті күйі ретінде анықтауға болады. Ол үшін объективті кәсіби дайындық міндетті емес.
Сауалнама оқушылардың сауалнамада қарастырылған өз басынан өткен және жеке тәжірибесінде қалыптасқан эмоционалдық қарым-қатынас білік-дағдыларын жүзеге асырудағы өз мүмкіндіктерін бағалауына және келешекте өз мамандығы аясында бағаланатын әрекет түрлері болуын қалайтынын не қаламайтынын білдіруіне негізделген.
Әдістеме сыналушыға кәсіби дайындық құрамын, яғни еңбек етуге дайындығын, кәсіби салаға деген эмоционалды қатынасын, білігін субъективті бағалауға және белгілі бір салада табысты қызмет етуге дайындығы туралы мәлімет алуға, жеке кәсіби жоспарға сәйкестігінің дәрежесі туралы талдауға мүмкіндік береді 
Әдістеме 15 жастан бастап тұлғаны диагностикалауға, жеке және топтық кеңес беруде қолдануға болады және шамамен 40-50 минут орындауға есептелген.
Нұсқаулық: берілген 42 тұжырымды мұқият оқыңыз және төменде көрсетілген үш сұраққа жауап беріңіз алдымен өзіңіздің білігіңізді бағалаңыз (1), кейін қатынасыңызды (2) және қалауыңызды (3).
Өз жауабыңызды ұпаймен (0-ден 2-ге дейін) бағалап жауап бланкісіне енгізіңіз (кестедегі тор нөмірі пікір нөміріне сәйкес келеді). Кестенің әр тор көзіне сіздің жауабыңызға сәйкес келетін ұпайды жазу қажет. Сіз тұжырымда айтылғанды ешқашан жасап көрмеген болсаңыз жауаптардың орнына сызықша қойыңыз және өз қалауыңызды ғана тағалауға тырысыңыз (3).
Тұжырымдарды оқи отырып міндетті түрде «жиі», «жеңіл» «жүйелі» деген жауаптарға назар аударыңыз. Сіздің жауабыңыз осы сөздердің мағынасын ескеруі қажет. Егер тұжырымдарда берілген әрекеттердің ішінде біреуін ғана жасай алатын болсаңыз, онда тек сол әрекетті үш бағамен бағалау керексіз. Сауалнама бойынша жауаптарды бағалау:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет