2 1-бµлім: Жергілікті бюджетті жоспартлауды ұйымдастыру


Корпаративті табыс салығы. Кесте-3



бет2/5
Дата17.07.2016
өлшемі433 Kb.
#204584
1   2   3   4   5

Корпаративті табыс салығы. Кесте-3



Корпоративтік табыс салығын төлеушілер

Салық салынатын обьектілер

Салық мөлшерлемесі

Салықтық кезең

Заңды тұлға, Қ.Р. резиденттері (бұларға Ұлттық банкі мен мемлекеттік ұйымдар кірмейді)

Салық салынатын табыс

30%

Календарлық жыл

Төлем кезінде алынатын табысқа салынатын салықта

15%

Заңды тұлға, Қ.Р. резиденттері, олар үшін жер өндірістің негізгі құралы болып табылады.

Салық салынатын табыс

10%

Календарлық жыл

Қ.Р. тұрақты ұйымдар арқылы, қызметін жүзеге асыратын резиденттер емес заңды тұлғалар

Салық салынатын табыс

30%

Календарлық жыл




Таза табыс

15%

Календарлық жыл

Қ.Р.-да төлем кезінде табылатын резиденттер емес заңды тұлғалар

Төлем кезінде алынатын табысқа салынатын салықтар

15% марапаттау мен қатысу үлесімен алынған табыстар, дивиденттер; 10% тәуекелділіктің сақтандыру келісім шарты бойынша төленетін сақтандыру пайдасы; 5% тәуекелділіктен қайта сақтандыру келісім шарты бойынша төленетін, сақтандыру пайдасы. 5% - халықаралық тасымалдауда да транспорттық қызмет көрсету ден түскен табыс; 20% - басқа да табыстар



Корпоративтік табыс салығының салық салынатын негізгі обьектісі салық салынатын табысы болып табылады, оның деңгейі жылдық табыс жиынтығы мен шегерімнің (тұрақты мекемелер арықылы қызметін жүзеге асырмайтын, резидент еместерді қоспағанда) арасындағы айырмасы арқылы анықтайды:

Жылдық табыс жиынтығына: жөнелтілген өнімдер, атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер және басқа да операциялар үшін, салық төлеушінің алуына ( алғанына) жататын ақшалай немесе басқа да қаражаттар, өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген, тікелей, не жанама түрінде шығындарды өтеуге жібрілген құжаттар кіреді. Кәсіпкерлік қызметтерден түсетін кірістерге: өнімді (жұмысты, қызметті) сатқаннан түсетін кірістер; ғимараттарды, қондырғыларды сату кезінде құнының өсуінен, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерден инфляцияға байланысты олардың құндарына түзетулерді есепке алу барысында түскен кірістер; басқа да сатудан түскен тыс кірістер, соның ішінде: проценттер бойынша кіріс; дивиденттер; ақысыз алынған мүліктер мен ақша қаражаттары; мүліктерді жаға беруден түсетін кірістер; роялти; мемлекеттен және басқа да заңды тұлғадардан алынған жәрдем ақшалар; кәсіпкерлік қызметтен немесе оның қызметін шектеуден алынған кірістер; қарыздарды есептен шығарудан түскен кірістер және т.б. жатады.

Салық төлеушілер жылдың табысының мыналарды шығарып тастау керек.


  • дивиденттер, Қ.Р. заңды тұлға резиденттерінен алынған бұрындары төлем көзінен ұсталғандары;

  • кәсіпорынның меншігіндегі акциясының құны, олардың номиналдық құнынан артқан деңгейі, яғни эмитенттердің орналастыру кезінде және меншікті акциясын сатқан кезінде алынған табыстары;

  • мемлекеттік бағалы қағаздарды сатқаннан түскен табыстары;

  • әртүрлі апатты төтенше жағдайына, душар болған жағдайда, гуманитарлық көмек ретінде алынған мүліктердің құны, егер де олар арналымы бойынша пайдаланылса;

  • мемлекеттік кәсіпорындардан тегін негізде алынған негізгі құралдардың құны;

  • зейнетақыны қамтамасыз ету туралы ҚР заңына сәйкес алынған инвестициондық табыстары.

Заңды тұлғалардың жылдық табысының жиынтығынан оны алуға байланысты барлық шығындар кемітіледі, соның ішінде табыс салығы салынатын еңбек ақы бойынша шығындары да, яғни қызметкерлерінің материалдық және әлеуметтік әл- ауқатын көтеруге шығарылған шығындар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелетін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және арнайы қорларға салынған шығындар.

Салық төлеушілердің шегерімдерінің тиісті құжаттары бар болса, яғни жылдық табыс жиынтығын алумен байланысты шығыстары расталса ғана шегерім жасалады. Бұл шығыстарды сол өзінің жасалған салықтық кезеңінен шегеріледі, бірақ оған болашақ кезеңнің шығыстары қосылмайды.

Жылдық табыс жиынтығынан келесі шегерімдер жасалады.

Қызмет бабымен іс –сапарға кеткен шығындары және өкілеттік шығыстары Қазақстан Республикасының Үкімет белгілеген нормалар шегінде шегеріледі:



  • сі -сапарға жіберілген жеріне дейін кеткен нақты жолымен байланысты шығындары (билеттің құны), сондай-ақ броньға жасалған шығындары жатады;

  • шетелдік іс-сапарда жүрген кезіндегі тәулік шығындары Қазақстан Республикасының үкіметінің белгіленген норма шегінде беріледі.

Алынған сыйақы (мүдде) бойынша шегерім келесі деңгейде жасалынады: Сыйақы қатарына алынған несие (кредит, займ), мүліктер, дисконттар мен депозиттер жатады.

- несиелер (займдар) бойынша, оның ішінде қаржылық лизинг бойынша да, депозиттер, сондай-ақ мүліктерде теңгемен алынса (немесе орналастырылса), онда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен қайта қаржыландырудың 1,5-ке еселенген ресми мөлшерлемесі бойынша шығарылған сомасы шегінде шегеріледі, ал ол шетел валютасында берілген (немесе орналастырылған) болса, онда ол Лондонның банкаралық рыногының 2-ге еселенген мөлшерлемесі (ставкасы) бойынша шығарылған соманың шегінде шегерілуі тиіс.

Жоғарыдағы шектеулермен қоса, несиенің максималды марапаттау сомасы да шегерімге жатады:
Заңды тұлға – Төлем көзінен ұсталатын

резиденттеріне Төлеу көзінен табыс салығының

төлейтін, марапаттау ұсталынған мөлшерлемесі (15%)

және шегерімге = марапаттау х ______________________

жатқызуға болатын сомасы Корпоративтік салығының

сомасы. мөлшерлемесі (30%)


Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және Лондонның банкаралық рыногының депозиттерді, бағалы қағаз қарыздарды, мүліктерді, сондай-ақ несиені (қарызды) рәсімдеу кезеңіндегі мөлшерлемесі пайдаланылады.

Келісім- шартқа сәйкес несие (қарыз) үшін марапаттау сомасын есептеу кезінде қалқып жүретін мөлшерлемесі және сол мәміленің (операцияның) нақты жасалған күніндегі мөлшерлемесі есепке алынады.

2. Салықтарды шегеріс жасау. Бұл жерде мемлекеттік бюджетке есептелген шегіндегі төленген салық шегеруге жатады, яғни жылдық жиынтық табыс анықталғанға дейінгі салықтар; Қазақстан Республикасының аумағында және басқа мемлекеттерде төленген табыс салығы мен корпоративтік табыс салығы, сондай-ақ үстеме пайданың салықтары (яғни кәсіпорын рентабельді болған сайын, одан ұсталатын салықтың да деңгейі төмендейді). Сонымен қоса, өткен кезеңдер үшін ағымдағы салық кезеңінде төленген салықтар да шегерілуі тиіс.

Ағымдағы салықтық кезеңде өткен кезеңдер үшін төленген салық қай кезеңде төленсе, сол кезеңнің шегеріміне жатқызылады.

3. Салық салынатын табысты анықтаған кезде жылдық жиынтық табыстан келесі шығыстар шегеруге жатпайды;


  • жылдық жиынтық табысты алумен байланысты емес шығыстар;

  • күрделі сипаттағы шығыстар, яғни тіркелген активтерді сатуға және сатып алуға кеткен шығыстар;

  • мемлекеттік бюджетке төленетін айыппұлдар мен өсімдер;

  • жылдық жиынтық табысты алумен байланысты болса да, бірақ Салық Кодексінің белгіленген нормасынан артық болса, онда ол шегерімге жатқызылмайды;

Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген нормадан жоғары, төлеуге (төленуге) жататын міндетті бюджет төлемдерінің басқа да сомасы;

  • кәсіпкерлік қызметте пайдаланбайтын, құрылыс обьектілерін салу, пайдалану және күтіп – ұстау шығыстары;

  • тегін берілген мүліктердің, жұмыстардың, қызметтердің құны;

Кәсіпкерлік қызметтен тартқан зияндар (егер шегерім түзетілген жылдық жиынтық табыстан асып кетсе), сондай-ақ салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметінде пайдаланған ғимараттардан, қондырғылардан тартқан зиянды салық төлеушінің келешектегі табысының есебінен өтеу үшін үш жылға дейін төлеу мерзімі кейінге қалдырылады.

Корпоративтік табыс салығын есептеген кезде 851 шоты дебеттеліп, 631 шоты кредиттеледі. Бұл салық жылдың соңында бір рет есептелінеді.

Корпоративтік табыс салығын бюджетке төлеген кезде оның ішінде аванстық төлемін қоса алғанда 631 шоты дебеттеліп, 441 шоты кредиттеледі.

851 шотының дебеті бойынша және 632 шотының кредиті бойынша кейінге қалдырылған салықтың пайда болғанын немесе ағымдағы кезеңде уақытша айырмасының жойылғанын, болашақта бюджетке төленуге жататындығын көрсетеді. Жыл соңында табыс салығы бойынша жұмсалған шығыс сомасына 571 шоты дебеттеліп, және 851 шоты кредиттеледі.

Кейінге қалдырылған табыс салығы және сонымен байланысты есеп айырысулар.

Кейінге қалдырылған салықтың есебі үшін 632 «Кейінге қалдырылған табыс салығы» шоты арналған. Бұл шотта бухгалтерлік және салық есебінің талаптарындағы айырманың нәтижесінде пайда болған уақытша сомалары көрсетіледі.

Бухгалтерлік есепте табыс пен зиян есеп саясатында қаралған және есеп стандарттармен қарастырылған қағидасы бойынша қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесі анықталады. Салықтық есепте табыс пен зиянның сомасы бухгалтерлік есепте көрсетілген сомамен салыстырылып, солардың арасындағы айырмасына тиісті түзетулердің көмегімен анықталады.

Бұл арада мынаны ескерген жөн: салық (жедел) есебінде жиынтық жылдық табыстан (негізгі құрал-жабдықтарды амортизациялау, негізгі құрал-жабдықтарды жөндеу, проценттер және тағы басқалары бойынша) ұстап қалулар (жеңілдіктер) туралы, сондай-ақ табыстар туралы (үйлерді, ғимараттарды) сату кезіндегі құнның, сондай-ақ ақша құнсыздануына түзетулерді есепке ала отырып амортизациялауға жатпайтын алашақтардың өсуі; кәсіпкерлік қызметті шектеуге келіскені және кәсіпорынды жапқаны үшін тағы басқалары жөнінде хабарлама қалыптасады; бұл хабарламада салық салынатын табыс сомалары және бюджетке төленуге тиісті заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының сомалары туралы бухгалтерлік әрі салық есебі деректері арасындағы алшақтыққа әкеп соғады.

Бухгалтерлік және салық есебі арасындағы мәліметтердің теңдігін сақтау оңай шара емес, өйткені олардың арасында тұрақты және уақытша сипаттағы айырмашылықтары болады.

Осының нәтижесінде уақытша және тұрақты айырмашылықтар, сондай-ақ уақытша айырмашылықтардан салықтық тиімділік туындайды.



Тұрақты айырмашылықтар – бұл ағымдағы есепті кезеңде туындайтын және бұдан кейінгі есепті кезеңдерде жойылмайтын (бухгалтерлік есеп деректері мен заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы жөніндегі мағлұмдамада көрініс табатын деректер арасындағы айырмашылықтар) салық салынатын және бухгалтерлік табыстар арасындағы айырмашылықтар.

Тұрақты айырма ретінде келесі мысалды келтіруге болады:



  • жылдық жиынтық табыспен де, шаруашылық жүргізуші субьектінің

кәсіпкерлік қызметімен де байланысты емес шығыстр (демалыс үйлеріне жолдама алу, бассейінге абономенттерді алу, спорт құрал-жабдықтарын алу және т.б.)., бұл аталған шығыстар бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылады, ал салық есебінде олар шегерім ретінде танылмайды;

  • бюджетке төленетін айыппұл санкциялары бухгалтерлік есепте жылдық табыстан шегеріледі, ал салық есебінде ол шегерілмейді;

  • нормадан жоғары белгіленген іс-сапар мен өкілділік шығындары бухгалтерлік есепте кезең шығыстарына жатқызылады, ал салық есебінде ол шегерім құрамына енгізілмейді;

  • қоршаған ортаны ластаудан тазартуға кеткен шығындар бухгалтерлік есепте кезең шығыстарына жатқызылады, ал салық есебінде ол жылдық жиынтық табыстан шегеруге жатпайды;

  • марапаттау бойынша шығыстар толық көлемде бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылады, ал салық есебінде – белгіленген шектеулер шегінде ғана ескеріледі;

  • несие бойынша, соның ішінде қаржылық лизингі бойынша да, депозит бойынша да, сондай-ақ сенімді басқаруға алынған мүліктер бойынша да Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің белгілеген қайта қаржыландыру коэффициентінің 1,5 есе еселенген ресми мөлшерлемесінің шегіндегі сомасымен есептейді, ал егер ол шетелдік валютада орналастырылса, онда Лондондық банкаралық нарықтың 2-есе еселенген мөлшерлемесінің негізінде есептелінеді.

- сақтандыру пайдасы бухгалтерлік есепте ешқандай шектеусіз шығысқа жатқызылады, ал салық есебінде – ол шегеруге жатпайды, егер ол шегеруге жатқызылған жағдайда класы бойынша өкілетті органдардың белгілеген шегінде ғана жүзеге асуы мүмкін;

  • кәсіпкерлік қызметінде пайдаланбайтын обьектілердің пайдалануы мен күтіп-ұстау шығыстары бухгалтерлік есепте толық көлемінде шығыс ретінде есептелінеді, ал ол салық есебінде шегерімге жатпайды.

  • және басқа да шығыстары.

Уақытша айырма бухгалтерлік табысты есептеген кезде кейбір табыс пен шығыс баптарының бір бөлігі бір есептік кезеңде, ал салық салынатын табысты есептеген кезде басқа есептік кезеңде есептелінеді. Сондықтан бірінде болған айырма, екіншіде жойылады. Мысалы:

- материалдық емес активтер мен негізгі құралдар бойынша жасалатын амортизациялық аударымдар.

Бухгалтерлік есепте амортизациялық аударымдар үшін әртүрлі тәсілдер мен нормалар пайдаланылады және ондағы есептелген сома шығын ретінде қабылданады. Салық есебінде тек қалдығын азайту тәсілі пайдаланылады. Сондай-ақ екі есептің пайдаланатын нормасы да әрқилы болуы мүмкін, нәтижесінде салық есебі бойынша обьекті толық амортизациялануы мүмкін, ал бухгалтерлік есепте ол жалғасуы мүмкін.

- бухгалтерлік есепте негізгі құралды жөндеу шығындарын толық көлемде алады, ал салық есебінде оның құндық балансының 15% тең сомасын ғана алады;

- 15% асқан сомасы негізгі құралдың құндық балансына қосылып, одан амортизация срмасы есептелінеді, яғни салық салынады. Бухгалтерлік есепте тап бұндай операциялар көрініс таппайды.

- бағалы қағаздарды сатудан жабылмаған зиян оларды сату кезінде пайда болады, сол пайда болған кезінде бухгалтерлік есепте есептеу әдісі бойынша көрініс табады. Салық есебінде аталған зиянды құнның өсімінің есебінен жабады (компенсацияланады), ал егер де ол жабылмаса, онда оның жабу мерзімін үш жылға дейін созады;

- салық бойынша шығыстар (корпоративтік салығын, табыс салығын қоспағанда бухгалтерлік есепте есептеу тәсілі бойынша көрініс табады, ал салық есебінде – шегерімге тек төленген салық қана алынады;

- теріс бағамдық айырма бухгалтерлік есепте толық көлемінде алынады, салық есебінде шегерімге жатқызу үшін шектеулер қойылады, ал шектеулердің сомасын мынадай жолмен анықталады:


Салық салынатын табыстың сомасынан 50%

алынады, ал ол жылдық жиынтық табыс пен

Он бағамдық + шегерімнің (табыс пен шығыстың бағамдық

айырмасы айырмасы есепке алынбайды) айырмасынан

шығады.

Айырма сомасы негізінен шектеудің салдарынан пайда болады, ал ол келесі салықтық кезеңдердің іздестіру барысында компенсацияланады. Құрылыс салуға алған несие (қарыз) бойынша бағамның теріс айырмасы оны жүргізудің кезеңдік төлеміне байланысты пайда болады және салық есебінде оның обьективтік құны ескерілсе, бухгалтерлік есепте ол шығыс ретінде танылады;



және басқа да .

Тұрақты және уақытша айырма шаруашылық жүргізуші субьектісінің есеп саясатына бухгалтерлік есептің де, салық есебінің де енгізген өзгерістерінің (түзетулерінің) салдарынан болуы мүмкін. Бұл арада тұрақты айырманы келесі есептік кезеңде жоюға болмайды, ал уақытша айырма жойылады. Тұрақты айырманы да, уақытша айырманы да өте жеңіл түрде табуға болады, егер де тиесілі бухгалтерлік регитрлеріне салықтық есеп қағидасының зерттеулерін жүргізсе. Уақытша айырма сомасынан салықтық эффектіні бухгалтерлік есепте көрсету және анықтау жолымен оның уақытша айырмасын табады. Салық эффектісі төлеуге жататын немесе кейінге қалдырылатын төлем болып саналады.

Халықаралық практикада жалпы қабылданған пікір бойынша табыстан алынатын салықты сол табысты табу үшін жасалатын шығыс деп санайды, ал ол шығыс есептеу қағидасына сәйкес, өз кезеңіне қарап, тиесілі пайда болған табыстармен бірге танылады.

Есептік кезеңде уақытша айырамынң салдарнан пайда болған салық эффектісі 632 «Кейінге қалдырылған табыс салығы» шотында көрініс табады.



ІІ бөлім. Жергілікті бюджеттің шығыстарын жоспарлау.

2.1. Бюджет кірісінің жіктемесі.

Жергілікті қаржылық билік пен басқарудың жергіілкті органдарының сан қырлы қызметінің қаржы базасы болып табылатын жергілікті бюджеттерге маңызды рол беріледі.

Жергілікті бюджет- бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда : кәсіпорындармен мемлекет арасындағы, меншікті барлық нысандарындағы макроэкономикалық өндірістік және өндірістік емес салаларының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері бюджет буындары арасында , мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнім құнының қозғалысын білдіреді.

Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәні олардың мынадай айналымында көрінеді: билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру.

Бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың арасында қайта бөлу.

Жергілікті бюджеттер билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып , олардың экономикалық дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, ведомостваға қарасты аумақтарды оларға инфрақұрылымды дамытуға , аумақтың экономикалық әлеуетін кеңейтуге , қаржы ресурстары резервтерін ашып пайдалануға мүмкіндік жасайды.

Сөйтіп , жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейдегі экономикалық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруда елеулі рол атқарады. Бұл тұтынудың қоғамдық қорларын бөлген кезде көрінеді. Жергілікті бюджет арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының басым бөлігі әлеуметтік инфрақұрылымға жұмсалады.

Дүниежүзілік және отандық тарих жергілікті шаруашылығы дамыған , әкімшілік- аймақтық бөліністерді абаттандыру мен олардың санитарлық жағдайын жақсартуға , сондай-ақ әлеуметтік сфера мекемелерін ұстаудағы жергілікті қаржының маңызын дәлелдеп отыр.

Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде биліктің жергілікті органдарының бюджеттері мемлекеттің бүкіл қаржы ресурстарының 30 пайыздан 60 пайызға дейін қайта бөледі және аймақтық өндіргіш күштерін , бүкіл әлеуметтік сферасын дамытуда , нарықтық инфрақұрылым құрып, кеңейтуде маңызды рол атқарады.

Олар арқылы өндірістік ортаны қаржыландыруға жұмсалатын шығындардың үлкен бөлігі өтеді(жергілікті өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы , көлікті және басқаларын қаржыландыруға жұмсалады);

Жергілікті бюджет арқылы өндірістік емес ортаның дамуы қаржыландырылады, сөйтіп қоғамдық өндіріске жанама ықпалы жасалады:

Тұтынудың қоғамдық қорларын бөле отырып жергілікті бюджеттер жұмыс күшін ұдайы молайтып отыруға мүмкіндік туғызады.

Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетінің құрамы облыстық бюджеттерді, қалалардың және аудандардың бюджетін қамтиды. Қазіргі кезде қазақстандағы жергілікті бюджеттер кірістер мен шығыстары бойынша мемлекеттік бюджеттің қаражаттар көлемінің 50 пайыз аралығын құрайды. Олар мемлекеттік бюджеттің құрамды бөлігі болып есептелмейді, республикалық бюджетпен бірге қоғамның мемлекеттік бюджеттің жиынтығын құрайды.

Қаржы қатынастарын ұйымдастырудың бюджет түрінде екі тенденция қатар өмір сүреді:


  • дағдарыстан шығу және тұрақтандыру мақсатымен экономиканы басқаруда орталықтандырылған негіздерді дамытудың анағұрлым ортақ процесінің қамтып көрсетілуі ретінде қаржы ресурстары қозғалысын басқарудың нысандары мен әдістерінің жүйесін орталықтандыру;

  • қаржы қорларын қалыптастыру мен пайдалануда билікпен басқарудың жергілікті органдарының функцияларын күшейте отырып қаржыны орталықсыздандыру.

Екінші тенденция жергілікті орындардың жергілікті жағдайларға жуықтығымен дәлелденеді.

Дүниежүзілік қаржы теориясы мен практикаыс жергілікті бюджеттер бюджет жүйесінің дербес бөлігі ретінде жұмыс істейтіндігін айқындайды.

Бюджеттің дербестігі деп аймақтың басқару органы бекітіліп берілген кіріс базасының негізінде бюджеттің көлемін, баптар бойынша кірістер меншығыстардың нақтылы құрылымы мен мөлшерін өзі анықтайтын қағида ұғынылады. Оның атқарылуыбасқарудың аймақтың органдарының бұл саласындағы құқықты анықтайтын республикалық заңнаманың негізінде жүзеге асырылады.

Сондықтан басқарудағы централизмнің қажеттілігін орынды , өндірістің нақтылы жай күйімен шарттасылған шектерде қажет етеді. Ол әрдайым салыстырмалы және аймақ неғұрлым кіші болса , бұл дербестіктің көріну шегі де аз болады. Оның үстіне аймақтардың әлеуметтік – экономикалық дамуының қазіргі деңгейі , бюджеттің өзара қатынастардың қалыптасқан сипаты , нарықтық экономикаға көшу кезеңінің күрделілігі республика жергілікті бюджеттердің көпшілігінің нақтылы дербестігі туралы аз айтуға

мүмкіндік бермейді.Сондықтан әлеуметтік инфрақұрылымдық халықты әлеуметтік игіліктердің кепілдікті минимумымен қамтамасыз ететін мөлшерде қаржыландыру үшін қаражаттардың жеткілікті қағидаттары жүзеге асырылуы тиіс. Әрбір әкімшілік- шаруашылық белгілі дербестігінің бір оңтайлы деңгейі болуы тиіс, бұл деңгейдің критерийі осы аймақтың экономикалық мүдделерінің ең жоғарғы мүмкіндікте іске асыруда болып келеді.

Аймақтардың экономикалық дербестігінің маңызды шарттарының бірі оларда аймақтық ресурстарды жаңарту табиғатты қорғау жөніндегі шараларды қажыландыруға қажет қаражаттардың кепілдікті көздерін жасау болып табылады.

Оперативтік- шаруашылық дербестігі жергілікті буынды шығыстардың 50 пайыздан кем емесін жабатын кірістердің оқшаланылған, бекітіліп берілген жүйесін жасауды, бюджетке ұзақ мерзімге кірістердің қатаң бекітіліп берілуін қажет етеді.

Республикалық бюджеттің кірістері олар мыналардын тұрады:

А) салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдердің түсімдерінен;

ә) салыққа жатпайтын түсімдерден;

б) капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістерден.

N

Кіріс аттары.

2005 жылғы 12- айлығы

2006 жылғы 12- айлығы

Жоспар

(+)(-)


Нақты

(+)(-)





Жоспар

нақты

%

(+)

(-)


Жоспар

Нақыт

%

(+)

(-)


1

Салық түсімдері

633440

638350

100,8

4910

695173

691673

99,5

-3500

61733

53324

2

Салықтық емес түсімдер

14823

7866

53,1

-6957

5554

6209

111,8

655

-9269

-1657

3

Негізгі капиталды сатудантүскен түсім

21573

27069

125,5

5496

53083

63293

119,2

10210

31510

384

4

Ресми трансферттерден түсетін түсім

2527796

2515404

99,5

-12392

3340783

3308238

99,0

-32545

812987

792834

5

Қарыздар түсімі

88463

88463

100,0

0

5352

5352

0,0

0

-83111

-83111





Жалпы барлығы

3300854

3279989

99,4

-20865

4111867

4075091

99,1

-36776

811013

795102
Мақтарал ауданының 2006 жылға арналаған аудандық бюджет түсімдерінің

орындалуы. Кесте-4 (мың. тг.)
Мақтаарал ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджет түсімдеріне талдау жасайтын болсақ: салықтық түсісдер 695173 мың теңгеге жоспарланып ,691673 мың теңге болып 99,5 % орындалған ; салықтық емес түсімдер 5554 мың теңгеге жоспарланып, 62090мың теңге ,яғни 111,8 % орындалған; негізгі капиталды сатудан түскен түсім 53083 мың теңге жоспарланып, 63293 мың теңгені құрап 119,2 % орындалған; ресми трансферттерден түсетін түсім 3340783 мың теңге жоспарланып, 3308238теңге болып 99,0 %орындалған.

Жалпы алғанда бюджеттік түсімдер 4111867 мың теңге жоспарланып , нақтылай 4075091 мың теңгеге яғни 99,1 % орындалған.

Бюджеттің кірістері – бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің , сондай- ақ капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кірістердің көлемі.

Қазақстан Республикасының “Бюджет жүйесі туралы” заңына сәйкес республикалық бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:

Жеке функциялық топтар бойынша мемлекеттік бюджет шығыстарындағы жергілікті бюджеттер шығыстарының үлесімде әлеуметтік –тұрмыстық инфрақұрылымды қаржыландыру бағыттары бойынша ол басым орын алады.

Жергілікті деңгейдегі қаражат түсімдері мен жұмысалымның құрамы мен құрылымы әкімшілік –аумақтық бөліністердің әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесін анықтайтын мынадай факторларға байланысты: өндірістік объектілердің болуы, табиғи ресурстар, әлеуметтік және тұрмыстық инфрақұрылым объектілері, бөлініс мәртебесі, халықтың жилігі, табиғат –климат жағдайлары және тағы сол сияқтылар.

Бюджеттерді қалыптастыру жергілікті өкілетті органдар әзірлейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады.

Жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржылық негіздеужәне іске асыру-жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне –жергілікті атқарушы органдар мен оларға бағынышты мемлекеттік мекемелерге жүктелген.

Жергілікті атқарушы органдардың заңи және жеке тұлағалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінен (республикалық бюджеттен кредит алу жолымен) үкіметпен келісілген аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру үшін қаржы қаражаттарын алуға құқығы бар. Қарыз алу жергілікті атқарушы органдарының бағалы қағаздарын шығару немесе қарыз алу нысанында жүзеге асырылады; олардың тәртібін Үкімет анықтайды.

Бюджеттік бағдарламаларға кіріктірілген мемлекеттік мекемелер шығыстарының сметаларын жергілікті атқарушы органдардың қаржылық рұқсаттарына сәйкес осы мекемелердің басшылары атқарады. Бюджеттік шешімдер қабылдауды оңтайландыру сметаларды нөлдік негізде жасау және бюджеттерді жоспарлау, бағдарламалау (Б.Ж.Б) жүйесін пайдалану әдісі арқылы мүмкін.

Барлық деңгейлер бюджеттердің теңгерімділігі бюджет-қаржы саясатының қажетті талабы болып табылуы мүмкін. Бюджеттерді қарау және бекіту кезінде билік пен басқарудың тиісті органдары бюджеттердің белгілі бір мөлшерлерін белгілеу мүмкін.

Бюджет тапшылығын ақша эмиссиясы есебінен жабуға болмайтын-дығы заңмен белгіленген. Бюджет тапшылығы жабудың негізгі нысандары мыналар болып табылады:



  • мемлекеттік қарыздар шығару

  • кредит ресурстарын пайдалану

Тапшылықты азайту немесе жою мақсатымен секвестрлеу -ағымдағы қаржы жылының қалған уақыты ішінде барлық баптар бойынша белгілі бір пайызға мемлекеттің шығыстарын үйлесімді төмендету –пайдаланады.

Бюджеттердің атқарылуы процесінде секвестрлеу жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесін республика Парламентімен биліктің жергілікті органдары анықтап бекітеді.


Мақтарал ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы талдау. Кесте-5 ( мың тг)



Кірістері

Ауданның 2005 жылғы бюджеті

Ауытқуы

(-),(+)

Жоспар

Нақты

%

1

Төлем көздерінен ұсталатын жеке табыс салығы

98965

111406

112,6

12441

2

Әлеуметтік салық

350251

294603

84,1

-55648

3

Жылжымайтын мүлікке салынатын салық

15924

18550

116,5

2626




Барлығы:

4111867

4075091

99,1





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет