2.2 Қаржалық инвестицияның бағалануы және қайта бағалануы
Қаржылық инвестиция мыналарға жіктеледі:
-
Қысқа мерзімді баланста не белгілі бір күні ғана әрекет ететін ағымдағы нарық бағасымен, не ағымдағы сатудың тілмен бағасымен ескеріледі. Егер қысқа мерзімді қысқа инвестиция ағымдық сатудың төмен бағасы онда ескерілсе, баланыстық құн тұтастай құнды қағаз портфелі негізінде, не инвестиция түрінде немесе жекелеген инвестиция негізінде анықталады.
-
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар баланста: не ағымдығы құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағамен есептелінеді.
Егер қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы құнымен есептелінсе, онда тұрақты түрде кезеңдік өзгерістерін ескеріп отыруға тура келеді, мысалға қор биржасындағы инвестицияның котировкасы сияқты.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып табылады, ал керісінше өзгерсе, онда ол шағын болып танылады.
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы немесе сатып алу құнының ең төменгі бағасымен алынса, онда оның баланстың құнын келесі негізде анықтайды.
- жалпы қоржындық (портфельдік) жиынтығымен;
- инвестицияның түрі қоржындық жиынтығымен;
- жеке инвестициялары.
Бұл кезде сатып алынған бағасы ағымдағы (нарықтық) бағадан жоғары болса, онда олардың айырмашалығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше жағдайда - табыс ретінде танылады.
Енді біз баланс құнын анықтаудың тәсілдеріне бір мысал келтіріп көрейік.
Инвестициялардың түрлері.
|
Сатып алу құны
|
Сатып алынған кезеңдегі ағымдағы құн
|
Ауытқуы.
|
Акция:
«А» компаниясы.
|
280,0
|
300,0
|
+20
|
«Б» компаниясы.
|
220,0
|
210,0
|
-10
|
«С» компаниясы.
|
150,0
|
150,0
|
-
|
«Г» компаниясы.
|
170,0
|
165,0
|
-5,0
|
Акция жиыны
|
820,0
|
825,0
|
+5,0
|
Облигация:
«К» компаниясы.
|
100,0
|
130,0
|
+30,0
|
«М» компаниясы.
|
150,0
|
40,0
|
-110,0
|
«Н» компаниясы.
|
170,0
|
180,0
|
+10,0
|
«П» компаниясы.
|
190,0
|
200,0
|
+10,0
|
«О» компаниясы.
|
200,0
|
190,0
|
-10,0
|
Облигация жиыны:
|
810,0
|
740,0
|
-70,0
|
Қаржылардың барлығы:
|
1630,0
|
1565,0
|
-65,0
|
Жоғарыда көрсетілген варианттың біріншісі онша қысқа мерзімді қаржылық инвестицияның құнын анықтайтын болсақ, онда ағымдағы кезеңдегі құны сатып алу құнынан 65000 теігеге (1565-1630) теріс айырмасы болғанын көреміз, демек ол шығыс ретінде танылады. Ал екінші вариант болса акцияның баланстық құны ең кіші баға ретінде сатып алынды (820,000 тг 825,000 теңгеден аз), ал облигацияның баланстық құны ең кіші баға ретінде ағымдағы (нарықтық) бағасынан алынды (740000 тг 810000 теңгеден аз). Осы вариантта 5000 теңгеге оң айырмашылығын берген, яғни ол табыс ретінде танылады, ал екіншісі 70000 теңге теріс айырмашылығын берген, яғни ол шығыс ретінде танылады. Нәтижесінде, екіншісі варианттың да, бірінші варианттың да айырмашылығы бірдей соманы ( 65000 теңгені ) берген.
Үшінші вариант бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестиция мынадай баланыстық құның құрайды:
«А»компания
|
280,0
|
Сатып алу құны бойынша
|
«Б» компания
|
210,0
|
Ағымдағы құны бойынша
|
«С» компания
|
150,0
|
Сатып алу құны бойынша
|
«Д» компания
|
165,0
|
Ағымдағы құны бойынша
|
«К» компания
|
100,0
|
Сатып алу құны бойынша
|
«М» компания
|
40,0
|
Ағымдық құны бойынша
|
«Н» компания
|
170,0
|
Сатып алу құны бойынша
|
«П» компания
|
190,0
|
Сатып алу құны бойынша
|
«О» компания
|
190,0
|
Ағымдық құны бойынша
|
Бұл варианттағы 135 мың теңге (163,0 - 1495,0 ) теріс айырмашылығы ретінде, шығыс ретінде танылады.
Ағымдағы құны бойынша "Топар" компаниясы 1 қараша 2002 ж қысқа мерзімді қаржылық инвестицияны сатып алу құнымен алды.
Оның құны 150000 тењге. Ал 18.12.2002 ж орына: құны 200000 теңге болды. Сондықтан, баланстық құн 200,000 болады да, ал 500,000 ( 200,000 - 150,000 ) айырма табыс ретінде танылады.
Жалпы қоржындық жиынтығы бойынша "Топар" АҚ-ң қысқа мерзімді қаржылық инвестициясының қоржыны мынадай:
Көрсеткіштер түрі
|
Сатып алу құны (мың.тг)
|
Ағымдағы құны (мың.тг)
|
«А» компаниясының акциясы
|
170
|
100
|
«Б» компаниясының акциясы
|
230
|
250
|
«С» компаниясының акциясы
|
120
|
150
|
Барлығы
|
520
|
500
| Мұнда ағымдағы құн сатып алу құнына қарағанда аз, сондықтан 500 мың теңге баланстық құн болып есептеледі де, ал 20 мың теңге шығыс ретінде танылады. Бухгалтерлік жазулар келесілер:
Д 845 - 7470 20000 тењге
К 401 - 1150
Инвестицияның түрі бойынша қоржындық жиынтығы АҚ "Топар" - қысқа мерзімді инвестициялар портфелі мынадай
Сатып алу Ағымдағы
құны, мың тг. құны мың тг.
ААҚ "А"-ң акциясы 100 150
ААҚ "Б"-ң акциясы 300
АҚ «С»-ң облигациясы
АҚ «Д»-ң облигациясы
|
1500
1200
|
2000
500
|
Барлығы:
|
3100
|
2850
|
соның ішінде:
|
|
|
АҚ «А»-ң акциясы
АҚ «Б»-ң акциясы
|
100
300
|
150
200
|
Барлығы
|
400
|
350
|
Акцияның ағымдағы құны 350 мың теңге сатып алу құнына қарағанда аз, сондықтан ол баланстық құн болып танылады. Ал 50000 теңге (400000-350000) айырма шығыс болып есептеледі.
ААҚ «С»-ң облигациясы
ААҚ «Д»-ң облигациясы
|
1500
1200
|
2000
500
|
Барлығы:
|
2700
|
2500
|
Ағымдағы құны сатып алу құнына қарағанда аз, сондықтан оның баланстық құны 2500 мың теңге болады, ал 200000 теңге (270000-250000) айырма шығыс болып есептеледі.
Жеке инвестиция бойынша «Топар» АҚ-ң келесі мәліметтері мынадай.
|
Сатып алу құны, мың теңге
|
Ағымдағы құны, мың теңге
|
Баланстық құны, мың теңге
|
ААҚ «А»-ң акциясы
ААҚ «Б»-ң акциясы
ААҚ «С»-ң облигациясы
ААҚ «Д»-ң облигациясы
|
100
300
1500
1200
|
150
200
2000
500
|
100
200
1500
500
|
Барлығы:
|
3100
|
2850
|
2300
|
Демек, қаржылық инвестицияның баланстық құны 230000 теңгені құрайды, ал 800000 теңге (3100-2850) айырма шығыс ретінде анықталады.
Ағымдағы құны бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестициясын алынған табыс немесе шығыс қай есептік кезеңде пайда болса, сонда есептелінеді.
Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын анықтау.
Әрбір шаруашылықты жүргізуші субъект ағымдағы құн бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды есепке алуға құқылы. Бұл кезде, есеп саясаты нарық жағдайының өзгерісіне тәуелді етіп, нарық құнының кезеңдік өзгерісімен бірге қарастырылады. Егер кәсіпорын иелігіндегі алынған қаржылық инвестициялары биржаның қорына енгізілген болса, онда олардың құнын кез келген уақытта анықтауға қиынға соқпайды. Керісінше жағдайда, қаржылық инвстициялар қор биржасында түзетіліп жазылмаса, онда нарықтық құнына белгілі бір есептеулерді жүргізе отырып, иеленген қаржылық инвестициялардың табыстылығына байланысты анықтауға болады.
Табыстың тіркелінген деңгейі бар облигациялардың құнын анықтау.
Облигация құны ағымдағы ақшалай төлемдер тасқынының құны ретінде қарастырылуы мүмкін. Жыл соңында төленетін пайыздық табыс төлемі және оның номиналдық құны (r) облигацияны бағалау үшін мынадай теңдік пайдаланылады:
Р = с/(1+к) + с/ (1+к)2 + ……+ с/(1+к)n + N/(1+к)n
Мұндағы:
Р – облигацияның ағымдағы құны.
С – жыл сайынғы төлеуге жататын номиналдық табыстың пайызы.
К – жабылу мерзіміне дейінгі алынатын табыс.
n – облигацияны өтеу (жабылу) мерзіміне дейінгі қалған мерзімі.
Облигациялардың басым бөлігі бойынша проценттер жылына бір рет емес, екі реет төленеді. Соның нәтижесінде теңдікті былай етіп өңдеуге болады:
Р = (с/2)/(1+к/2) + (с/2)/ (1+к/2)2 + ……+ (с/2)/(1+к/2)2n + N/(1+к/2)2n
Субъект өзінің есеп саясатында қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды ағымдағы құны бойынша есепке алады және сол инвестицияның номиналдық табыс проценті 11% болғаны, ал оның жабылу мерзімі 17 жылға белгіленген, алынған облигацияның құны 1400 теңге құраған. Шығарылған облигацияның өтеуіне дейін қалған кезең үшін (6 жыл) табысы 36% құраған. Облигациялар бойынша проценттер жылына 2 рет төленеді. Облигацияға ие болғаннан кейін он екі ай өткен соң кәсіпорын оларды сату жөнініде шешім қабылдайды. Егер саясатына сәйкес қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құны жыл сайын өзгеріп отыруы тиіс. Енді біз облигациялардың ағымдағы құнын анықтайық:
-
Жабу мерзіміне дейін алынатын табысы – 25% (облигациялар бойынша барлығы 36% қарастырылған, оның 11% - 3 төленіп үлгерді, сол себепті қалған табыс 25% (36-11));
-
Номиналдық проценттік табысы – 154 теңге құраған (1400*11%), (154/2=77 теңге);
-
Облигациялардың жабылуына дейінгі мерзімі – 5 жыл (6-1). Бұл жағдайда облигациялардың нарықтық құнының формуласы мына түрде көрінеді:
Р = 77/(1+0,125) + 77/(1+0,125)2 + ……+ 77/(1+0,125)10 + 140/(1+0,125)10
Осыдан Р = 871,9 теңге болады.
25% бойынша жыл сайынғы төлемдердің 5 жылға арналған дисконттау ставкасы 2,689 – ға тең. 5 жылдан кейінгі бір мезгілдік төлем үшін дисконттау ставкасы 0,327 – Ге тең. Жыл сайынғы проценттік төлемдер 154 теңге құраған. Сонда р =2,683*154+1400*0,327 = 871,9 теңге.
Мерзімі шетелмеген облигациялардың ағымдағы құнын анықтау. XIX ғасырдың басында шығарылған британдық конголи, мерзімі шектеусіз міндеттемелер, яғни белгіленген процентік табыстарды мәңгілік төлеп отыру британ үкіметінің міндеттемелері болып табылған. Егер мұндай облигацияларға салынған қаражаттар С мөлшеріндегі жыл сайынғы төлемдерді мәңгілік алып отыруды қамтамасыз ететін болса, онда оның ағымдағы құны р = с/к - ға тең, мұндағы к – тәуекелсіз мөлшерлемесі мен тәуекелді сыйақының сомасы ретінде иесіне мерзімі шектеусіз қажетті табысты алуына мүмкіндік жасайды.
Біз жылына 1000 теңгелік төлеммен мәңгілік қамтамасыз ететін бағалы қағазды сатып алдық делік. Егер к – ның қолданыс таба алатын деңгейі 14% - ті құрайтын болса, онда облигацияның нарықтық құны: р = 1000/14% * 100% = 7142 теңгені құрайды.
Шартты бағалы қағаздардың құнын анықтау. Варрант белгілі бір акциялар саны бойынша белшілі бір акциялардың бағасын анықтауға болатынын білдіреді немесе керісінше, яғни белгілі бір бағасы р – ға тең делік, варрант бойынша белгіленген акциялар бағасы П, бір варрантқа V акцияларды сатып алуға болады, онда варрант бағасы:
Цв = (р-П)*V. Мұндағы, Цв – варрант құны.
Акциялардың нарықтық бағаларының әрбір өзгерісі кезінде варранттың ағымдағы құны да өзгереді.
Опцион – бұл бағалы қағаз, белгіленген мерзімде белгілі бір баға бойынша, белгілі бір акцияның санын сату («колл» - опцион) немесе сатып алу («пут» - опцион) құқығын көрсетеді.
Опционның ағымдағы құнын мына формула бойынша анықтайды:
Цо = (р-П)*к – S; мұндағы,
р – контракт біткен күніндегі акцияның бағасы;
П – опциондық контракт жасалған кездегі акцияның құны;
к – опциондық контракт бойынша акцияның сомасы;
S – опционның сатылатын бағасы.
Егер де акцияның нарықтық бағасы өзгерсе, опционның ағымдағы бағасыда өзгереді.
Акцияның ағымдағы құнын анықтау. Акцияның әрекет ету мерзімі шектелмегендіктен, жыл сайынғы алынатын дивиденд тұрақты болсын делік және оның абсолюттік деңгейі «Д» - ға тең болсын, онда оны анықтайтын формула мынадай болады:
Ца = Д/Кi, мұндағы, Ца – акцияның құны;
Кi – пайыздық мөлшерлемесі.
Акцияның нарықтық құны әр түрлі әдіспен бағаланады және онда инвесторлардың екі типі бар деп танылады. Олардың бірі дивидендті жабуға талпынса, ал басқасы акция құнының өсімін көздейді. Осы кезде, акциянынң нарықтық бағасының орташа нормасын анықтаймыз:
Рак = х*Д/Кi + у * Ц3 / х + у = 1
Мұндағы, Рак - акцияның нарықтық құны;
Х - жоғары дивиденд алуға ниет білдерген инвесторлардың үлес салмағы, «бағамдық» (у~1);
Ц3 – бұрын сатылып кеткен акциялардың бағасы.
Акциялардың нарықтық бағасын шығарған кезде х пен у деңгейінің т тәуекелділігі байқалады; бір кезде «бағамдық» басым болса, ал бір кезде керісінше, «дивидендтік» басым болады. Сірә, бұл екеуі де акцияның нақты бағасын бағалай алмайды.
Акцияның ағымдағы құнын есептейтін әрі танылған моделі қалыптасқан жоқ. Дегенмен де, акцияның нарықтық бағасын болашақта күтілетін дивидендтер ағыны бойынша есептеуге болады деп топшыланған пікірлер де жоқ емес. Ол, негізінен өткен жылдардың орташа деңгейінен алынады. Акцияның нарықтық құнын анықтайтын формуланың түрі мынадай болады:
Рак = Σ Дt/(1+к)t Мұндағы, Дt – кезең үшін күтілетін дивиденд;
t=1 к – акция бойынша қажетті табыс
деңгейі;
Σ – 1-ден шексіздікке дейін кезең ішінде болашақ дивидендтің дисконтталған құнының сомасы;
Рак - акцияның нарықтық құны.
Егер инвестор акцияны 1 жыл ұстап және акцияның құнын n мөлшерлемесі бойынша өсірсе, онда акцияның ағымдағы құны мынадай болады:
Р=Д+Р(1+n)/1+і немесе Р=Д/і-n
Мұндағы:Д-жыл соңына күтілетін дивиденд
n-жыл бойындағы акцияның өсу қарқыны, %і-дисконттың мөлшерлемесі
2.3 Инвестицияның синтетикалық есебі
Инвестицияның бухгалтерлік есебі №27 ХҚЕС « Бірлескен қаржылық есеп және еншілес компанияларға инвестицияның есебі», №28 ХҚЕС «Қауымдастырылған компанияларға берілген инвестицияларды есепке алу», №39 ХҚЕС « Қаржы құралдарды: тану және бағалау», № 40 ХҚЕС «Жылжымайтын мүлік инвестициясы» қарастырылған.
Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында бірінші және екінші бөлімдерінде орналасқан, активті кіріске алуы Д, шығысқа шығаруы К инвестиция 1100-«Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары» кіші бөлімі
1110-«Қысқа мерзімді ұсынылған қарыздар», онда ұйымдардың мерзімі бір жылға дейін берген қарыздары есепке алынады;
1120-«Саудаға арналған қысқа мерзімді қаржы активтері», онда бағалардың қысқа мерзімді ауытқуларынан пайда алу мақсатында сатып алынған қысқа мерзімді активтер есепке алынады. Қаржы активтерін, егер ол құрылымы қысқа мерзімді перспективада пайда алуға ынталандыру туралы куәландыратын портфельдің бір бөлігі болып табылса, оны сатып алу себептеріне қарамай, саудаға арналған ретінде жіктеген жөн. Туынды қаржы активтері, хеджирлеудің тиімді құралдары ретінде анықталған жағдайларды қоспағанда, саудаға арналған ретінде қаралады;
1130-«Өтеуге дейін ұсталынатын қысқа мерзімді инвестициялар», онда ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешекті қоспағанда, өтеу мерзімі басталғанға дейін ұйым иелік етуге берік ниетті және қабілетті тіркелген немесе анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қысқа мерзімді қаржы активтері есепке алынады;
1140-«Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржы инвестициялары»,
онда мынадай санаттарға кірмеген қысқа мерзімді қаржы инвестициялары есепке алынады:
ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешек;
өтеуге дейін ұсталатын инвестиция
саудаға арналған қаржы активтері.
1150-«Өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялары», онда алдыңғы
топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялар
есепке алынады.
2000-«Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестицияларды, ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті қоспағанда, ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттар тобынан тұрады:
2010-«Ұзақ мерзімді берілген қарыздар», онда ұйым бір жылдан асатын мерзімге берген қарыздар есепке алынады;
2020-«Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар», онда ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешекті қоспағанда, ұйым өтеу мерзімі жеткенге дейін иелік етуге берік ниетті және қабілетті, бекітілген немесе анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қаржы активтері есепке алынады;
2030-«Сатуға арналған қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар», онда мынадай санаттарға кірмеген қаржы активтері есепке алынады:
ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешек, өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар;
2040-«Өзге ұзақ мерзімді қаржылық активтер», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген ұзақ мерзімді қаржы активтері есепке алынады, мысалы, өзіндік құны бойынша есепке алынатын еншілес ұйымдарға берілетін инвестициялар, үйлесімді шоғырланым әдісімен есепке алынатын бірлесіп бақыланатын ұйымдарға берілетін инвестициялар.
Міндеттемелер үшінші, төртінші бөлімдерде 3380-«Төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар», алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша төлеуге есептелген сыйақылардың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар көрініс табады;
3390-«Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады.
Кірістер мен табыс пайыздары алтыншы бөлімде 6120-«Дивидендтер бойынша кірістер», онда бағалы қағаздар бойыша алынған дивидендтер бойынша кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6140-«Инвестициялық жылжымайтын мүлік операцияларынан алынатын кірістер», онда капитал құнының немесе сол және басқаның өсуінен жалдау төлемдері немесе кірістерді алу мақсатында (жалдау шарты бойынша иеленуші немесе жалға алушының) иелігінде бар (жер, ғимарат, немесе олардың белігі) жылжымайтын мүліктен кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6400-«Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесі» кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесін көрсетуге арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
6410-«Қауымдастырылған ұйымдардың пайда үлесі», онда үлестік қатысу әдісімен ескерілген қауымдастырылған ұйымдардағы пайданың үлесі ескеріледі;
6420-«Бірлескен ұйымдардағы пайданың үлесі», онда үлестік қатысу әдісімен ескерілген бірлескен ұйымдардағы пайданың үлесі ескеріледі.
Есептелген шығындармен зияндар 7310-«Сыйақылар бойынша шығыстар», онда қаржылық міндеттеме-лер бойынша шығыстар, мысалы, алынған қарыздар бойынша пайыз-дарды төлеуге арналған шығыстар көрсетіледі;
7410-«Активтердің шығуынан алынатын шығыстар», онда активтерді сатудан түсетін шығыстар ескеріледі, мәселең сатылған негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, қаржылық активтердің өзіндік құны, бөлшектеу бойынша шығыстар;
7600-«Үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалындағы үлес» кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалына үлесті көрсетуге арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
7610-«Қауымдастырылған ұйымдардың залалындағы үлес», онда үлестік қатысу әдісімен ескерілетін қауымдастырылған ұйымдардың залалындағы үлесі ескеріледі;
7620-«Бірлескен ұйымдардың залалындағы үлес» онда үлестік қатысу әдісімен ескерілетін бірлескен ұйымдардың залалындағы үлесі ескеріледі. Шаруашылық жүргізуші акцияларға ие болу жолымен немесе үлестікқатысудан табыс алу арқылы басқа субъектілерді қаржыландыру құқылы. ҚР-сының Азаматтық кодексінің 94 бабына сәйкес, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру барысында сол заңды еншілес тұлғаға негізгі болып табылады. Негізгі тұлға еншілес тұлғаға 100% немесе 90% бақылау жасай алады.
АҚ «Топар» инвестиция сатып алды. Дилер арқылы. Дилерге 17 000тг. Құжаттық рәсімдеуі 6000 тг. Инвестицияны акция түрінде алыр отыр. 600 акция -1 100тг. Инвестицияның сатып алу құны 600 * 1 100 = 660 000
660 000 + 17 000 + 6 000 = 683 000
Д К
2030 1040 683 000
2030 3310 683 000
3310 1040 683 000
Қорытынды
«Қаржылық инвестиция есебі» курстық жұмысымды қорытындылай келе инвестиция дегеніміз бұл елдің өз ішіндегі және одан тыс жерлердің әртүрлі салаларына ұзақ мерзімді уақытқа пайда алу мақсатында салынатын мемлеметтік және жеке меншік капитал болып табылады. Инвестицияға қажеттілік, әсіресе экономикасы жаңа дамып келе жатқан елдерде, өндірісін кеңейтуге ұмтылған жеке аймақтарда туындайды.
Нарықтық қатынастарға көшуге байланысты көптеген ірі инвестициялық жобаларды жузеге асыру қажеттілігі туындайды.
ҚР-ның әлемдегі барыша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясын жүзеге асыру, алға қойылған мақсат міндеттерді орындауда мемлекеттің рөлі зор. Ал бұл үшін ірі халықаралық қаржы институттарының мақсатты топтарына бағытталған салық және ұйымдастырушылық нысанындағы жеңілдіктер қарастырылатын шаралар кешенін талдау жасау қажет.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Л.А. Попова, М.Қ. Жұматов, Д.М. Нұрғалиев, А.Б. Омалиева. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. – Карағанды: ҚарМУ баспасы, 1998 ж.
2. В.К. Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин. В.В. Радостовец, О.И. Шмидт. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы: Қазақстан-аудит орталығы, 2002 ж.
3. Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы-Алматы: Экономик С, 2003 ж.
4. В.Л. Назарова. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Оқулық:Алматы-«Экономика» баспасы. 2005ж.
5. О.М. Жакупова. Бухгалтерлік есеп принциптері 2. Оқу-тәжірибелік құралы.-Қарағанды, 2003.
6. Ә. Әбдіманапов. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стандарт) Алматы 2006 ж.
7. К.А. Китебаева «Принципы бухгалтерского учета I,II». Караганда 2006г.
8. А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов. Кәсіпорын экономикасы. – Алматы «Экономика» 2003ж.
9. Бухгалтер бюллетені. №3, қаңтар 2006ж.
10. №2 ҰҚЕС
11. ХҚЕС
12. Заң
13. Бухгалтерлік есеп жүргізу ережесі.
Достарыңызбен бөлісу: |