60. Созылмалы аурулары бар пациенттерді динамикалық байқау Ауруларды басқару бағдарламасы шеңберінде № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
61. Туберкулезді бастап өткерген науқастарды туберкулезбен ауыру қаупі жоғары III топтағы адамдарды динамикалық байқау № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығынасәйкес жүргізіледі.
Кодекстің 7-бабының 32-тармағына және 138-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес онкологиялық науқастарды динамикалық байқау Іа тобындағы қатерлі ісіктерге күдікті аурулармен ауыратын пациенттерге, Іб тобындағы ісікалды аурулармен ауыратын пациенттерге, паллиативтік немесе симптомдық емдеуге жататын IV топтағы қатерлі ісіктердің таралған нысанымен ауыратын пациенттерге жүргізіледі.
7. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында медициналық оңалтуды ұйымдастыру тәртібін түсіндіріңіз.
67. Созылмалы аурулары бар адамдарға көрсетілімдер болған жағдайда МСАК ұйымы қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту, паллиативтік көмек және арнайы әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсетумен мейіргерлік күтім қызметтерін көрсетеді.
68. МСАК ұйымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 759 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9108 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес медициналық оңалту және қалпына келтіру емі қызметтерін көрсетуді қамтамасыз етеді.
8. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында паллиативтік көмекті ұйымдастыру тәртібін түсіндіріңіз.
62. Созылмалы аурулары бар адамдарға көрсетілімдер болған жағдайда МСАК ұйымы медициналық оңалту, паллиативтік көмек және арнайы әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсетумен мейіргерлік күтім қызметтерін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |