35. Дәрілік заттарға рецептілерді МСАК ұйымдарының медицина қызметкерлері дәрілік заттар рецептілік бланкілерде, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы жазылады.
36. Осы қызмет түріне аттестатталған медициналық білімі бар мамандарды (дәріхана объектілері жоқ елді мекендердегі дәрігерлік амбулаторияларды, медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттерді) қоспағанда, МСАК ұйымдарының медицина қызметкерлерінің дәрілік заттар беруіне жол берілмейді.
37. МСАК ұйымдарында бекітілген халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15724 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
5. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында профилактика мен сауықтыруды ұйымдастыру тәртібін түсіндіріңіз.
38. МСАК ұйымында аурулардың аурулардың профилактикасы:
1) профилактикалық медициналық қарап-тексеруді, оның ішінде халықтың нысаналы топтарын;
2) бекітілген халық ауруларының мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтау және мониторингтеу және анықталған қауіп факторларын төмендету дағдыларына үйретуді;
3) иммундауды;
4) саламатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттауды;
5) репродуктивті денсаулықты сақтау іс-шараларын;
6) жүкті және босанған әйелдерді антенаталдық байқауды және босанған әйелдерді кеш босанудан кейінгі кезеңде байқауды;
7) инфекциялық аурулар ошағында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды қамтиды.
39. "Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21820 болып тіркелген) сәйкес нысаналы топтарды профилактикалық медициналық қарап-тексеру және мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтау диагностикалық қызметтердің кезеңділігімен, жиілігімен және көлемімен жүргізіледі.
40. Мінез-құлықтық тәуекел факторлары бар адамдардың мінез-құлқын өзгерту бойынша профилактикалық консультациялар жүргізу және егжей-тегжейлі ұсынымдар беру үшін МСАК ұйымы тіркелген халыққа анықталған тәуекел факторларын төмендету дағдыларына оқытуды қамтамасыз етеді. Бұл оқытуды МСАК ұйымының маманы профилактикалық кабинеттерде немесе арнайы бөлінген аймақтарда, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы қашықтықтан консультация беру арқылы жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |