2-деңгей Амбулаториялық жағдайда пациентті бастапқы қабылдау кезінде жалпы тәжірибе дәрігерінің әрекетінің алгоритмін жазыңыз


МСАК ұйымы репродуктивтік денсаулықты сақтау бойынша қызметтер көрсетеді



бет12/61
Дата30.01.2024
өлшемі157.72 Kb.
#490247
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   61
ВОП 2

42. МСАК ұйымы репродуктивтік денсаулықты сақтау бойынша қызметтер көрсетеді:
1) жүкті әйелдерді босануға, оның ішінде серіктес босануға дайындау бойынша босанғанға дейінгі оқытуды жүргізу, жүкті әйелдерді мазасыздық белгілері туралы, тиімді перинаталдық технологиялар, ана болу қауіпсіздігі, емшекпен қоректендіру және перинаталдық күтім қағидаттары туралы хабардар ету;
2) отбасын жоспарлау мәселелері бойынша консультация беру және қызметтер көрсету;
3) бейінді мамандарға жіберу үшін жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың профилактикасы және анықтау;
4) қаламаған жүктілік пен қауіпсіз аборттың профилактикасы;
5) репродуктивтік ағзалар ісігінің профилактикасы (жатыр мойны мен сүт безі ісігі).
43. МСАК ұйымы Кодекстің 7-бабының 32-тармағынажәне 138-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес жүкті әйелдерді антенаталдық бақылауды, босанған әйелдерді кеш босанғаннан кейінгі байқауды, экстрагениталдық патологиясы бар фертилдік жастағы әйелдерді динамикалық бақылауды қамтамасыз етеді.
44. МСАК ұйымы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалардың ауыз қуысына профилактикалық тексеру жүргізуді және балаларды тіс және ауыз қуысының сілемейлі қабығын күту бойынша санитариялық-гигиеналық дағдыларға оқытуды өз бетінше немесе стоматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп орындау шартын жасау жолымен қамтамасыз етеді.
45. МСАК учаскесі деңгейінде инфекциялық аурулардың профилактикасына:
дер кезінде сырқаттанғандарды анықтау;
профилактикалық егулер жүргізу;
инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жатады.
Бекітілген халықтың арасында инфекциялық ауруларды белсенді анықтау МСАК ұйымдарының медицина қызметкері пациентке үйде белсенді бару жолымен аулаларды (пәтер бойынша) аралау жолымен инфекциялық аурудың өршуі туралы ресми хабарлама алған кезде жүзеге асырылады.
46. МСАК ұйымы инфекциялық аурулардың профилактикасы мақсатында "Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысымен бекітілген медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесіне және медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізу мерзімдерінің қағидаларына сәйкес профилактикалық екпелер жүргізуді қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет