2-деңгей Амбулаториялық жағдайда пациентті бастапқы қабылдау кезінде жалпы тәжірибе дәрігерінің әрекетінің алгоритмін жазыңыз


Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында динамикалық байқауды ұйымдастыру тәртібін түсіндіріңіз



бет13/61
Дата30.01.2024
өлшемі157.72 Kb.
#490247
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   61
ВОП 2

6. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында динамикалық байқауды ұйымдастыру тәртібін түсіндіріңіз.
56. МСАК ұйымының мамандары "Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21262 болып тіркелген) сәйкес созылмалы аурулары бар пациенттерді динамикалық байқауды жүзеге асырады.
Пациент тіркелген жері бойынша МСАК ұйымында динамикалық байқау үшін үш құжаттың бірінің негізінде есепке қойылады:
1) МСАК дәрігерінің қорытындысы;
2) бейінді маманның консультациялық қорытындысы;
3) стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірмелер.
57. Динамикалық байқауға алғаш алынған пациентті ресімдеу кезінде учаскелік мейіргер № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 052/е "динамикалық байқау" нысаны бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына 5-қосымша парақты, оның ішінде медициналық ақпараттық жүйелер арқылы толтырады.
Техникалық мүмкіндік болмаған кезде кейіннен медициналық ақпараттық жүйеге енгізе отырып, қағаз түрінде ресімделеді.
58. Созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық байқауды МСАК ұйымдарының мамандары: МСАК дәрігерлері (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт дәрігері және (немесе) учаскелік педиатр), орта медицина қызметкерлері (учаскелік мейіргер немесе фельдшер) жүзеге асырады.
Көрсетілімдер болған кезде денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер, психологтар және саламатты өмір салты кабинеттерінің мамандары тартылады.
59. Учаскелік мейіргерді, МСАК дәрігерін, бейінді мамандарды, зертханалық және аспаптық зерттеулерді тексеру тізбесі, көлемі, кезеңділігі, байқау мерзімдері, есептен шығару өлшемшарттары "Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, байқаудың мерзімділігі мен мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен еселігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21513 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығы) сәйкес айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет