14. Ерте жастағы балалардың аудиологиялық скринингін ұйымдастырутәртібінтүсіндіріңіз.
56. Аудиологиялық скрининг жаңа туған нәрестелердің, ерте жастағы балалардың есту қабілетінің бұзылуын уақтылы анықтау, ерте араласу, мүгедектікке әкелетін ауруларды оңалту және алдын алу үшін жүргізіледі.
57. Аудиологиялық скринингтің міндеттері барлық жаңа туған нәрестелерді, ерте жастағы балаларды және 6 жастағы балаларды қоса алғанда қамту;
одан әрі тексеру, уақтылы араласу және оңалту үшін есту қабілеті бұзылуының тәуекел топтарын ерте анықтау (жүргізілген аспаптық зерттеулердің нәтижелерімен "Өтпеген");
есту қабілетінің бұзылуы (құлақ мүкістігі және кереңдік) қаупі бар балаларды одан әрі тереңдете тексеру үшін сурдологиялық кабинеттерге (орталықтарға, бөлімшелерге) жібе
есту қабілеті бұзылған балаларды тереңдетілген педагогикалық тексеру және түзете-дамыта оқыту мәселелерін шешу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жіберу;
тексерілген пациенттерді есепке алу медициналық құжаттамаға (МАЖ) деректерді енгізу;
есту қабілеті бұзылған балаларды емдеу, түзету мәселелері бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) консультациялық көмек көрсету.
58. Аудиологиялық скринингті ұйымдастыру екі кезеңнен тұрады:
бірінші кезең-жаңа туған нәрестелерге меншік нысанына қарамастан босандыру ұйымдарында жүргізілетін неонаталдық аудиологиялық скрининг;
екінші кезең – аудиологиялық скрининг, ол 3 ай, 1 жыл, 2 жыл, 3 жыл, 6 жасты қоса алғанда меншік нысанына қарамастан МСАК медициналық ұйымдарының балаларды дамыту кабинеттерінде жүргізіледі.
59. Аудиологиялық скринингтің бірінші кезеңінің іс-шараларына мыналар кіреді:
осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес анамнезді жинау, құлақ мүкістігі мен саңыраулығы бойынша тәуекел факторларын айқындау;
жаңа туған нәрестенің ата-анасын немесе басқа заңды өкілін аудиологиялық скринингтің мақсаты мен рәсімі, тексеруден бас тартудың ықтимал салдары туралы хабардар ету. Аудиологиялық скрининг жүргізуге ақпараттандырылған келісім немесе бас тарту медициналық құжаттамаға енгізіледі;
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес жаңа туған нәрестелер мен 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда туындаған отоакустикалық эмиссия (бұдан әрі - ТОАЭ) әдісімен аудиологиялық скрининг жүргізу алгоритміне сәйкес ТОАЭ әдісімен (ұлулардың сыртқы түкті жасушаларының дыбыстық сигналға жауап ретінде қысқаруы нәтижесінде сыртқы есту жолында пайда болатын және тіркелетін әлсіз дыбыс) тексеру жүргізу;
жаңа туған нәрестелер мен қоса алғанда 6 жасқа дейінгі балаларға аудиологиялық скрининг жүргізу алгоритміне сәйкес қысқа патенттелген есту қабілеті туындатқан әлеует әдісімен осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес (ҚҚТӘ) әдісімен тексеру жүргізу;
тексеру нәтижелерін медициналық құжаттамаға енгізу – (МАЖ) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Стационарлық пациенттің медициналық картасы" № 001/е нысаны (Жаңа туған нәрестенің даму тарихына 11-қосымша парақ) және босандыру ұйымынан үзінді;
Достарыңызбен бөлісу: |