2-деңгей Амбулаториялық жағдайда пациентті бастапқы қабылдау кезінде жалпы тәжірибе дәрігерінің әрекетінің алгоритмін жазыңыз


аудиологиялық неонаталдық скринингтің нәтижелерін тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігерге беру



бет29/61
Дата30.01.2024
өлшемі157.72 Kb.
#490247
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   61
ВОП 2

аудиологиялық неонаталдық скринингтің нәтижелерін тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігерге беру.
60. Аудиологиялық скринингтің бірінші кезеңінде арнайы оқытылған орта медицина қызметкері жаңа туған нәрестенің өмірінің алғашқы 24-72 сағатында жаңа туған нәрестелерге ТОАЭ және ҚЛЕШП тіркеу әдістерімен аудиологиялық скрининг жүргізеді.
61. Бірінші кезеңде аудиологиялық скринингтің орындалуын бақылауды "Неонатология" мамандығы бойынша дәрігер, екінші кезеңде – "Педиатрия", "Жалпы дәрігерлік практика" немесе "Отбасылық медицина" мамандығы бойынша учаскелік дәрігер жүзеге асырады.
62. Босандыру ұйымдарының және МСАК медициналық ұйымдарының баланы дамыту кабинеттерінің орта медицина қызметкерлері бір балаға 30 минут есебінен екі әдіспен тексеру жүргізеді.
63. Жаңа туған нәрестеге бірінші кезеңде оның денсаулық жағдайы бойынша зерттеп - қарау жүргізу болмаған жағдайда (күтудің екінші кезеңіне ерте ауыстыру, медициналық ұйымнан тыс босану және басқа да себептер), баланы стационардан шығарғаннан кейін "Педиатрия", "Жалпы дәрігерлік практика" немесе "Отбасылық медицина" мамандығы бойынша учаскелік дәрігер аудиологиялық скрининг жүргізу үшін тіркелген жері бойынша МСАК медициналық ұйымының баланы дамыту кабинетіне екі әдіспен (ТОАЭ және ҚЛЕШП) жібереді.
64. Нәтижесі екі құлақта да "Өтті" - екі әдіспен (ТОАЭ және ҚЛЕШП) зерттеп - қарау кезінде құлақ мүкістігінің немесе саңыраудың бар – жоғына көрсеткіш болып табылады.
65. Нәтижесі бір немесе екі құлақта "Өткен жоқ" - екі әдіспен (ТОАЭ және ҚЛЕШП) тексеру кезінде құлақ мүкістігінің немесе саңыраулықтың бар/жоғына күдік болып табылады.
66. ТОАЭ және ҚЛЕШП екі әдістерімен бір немесе екі құлағында "Өткен жоқ" деген нәтижені алған кезде жаңа туған нәрестені "Педиатрия", "Жалпы дәрігерлік практика" немесе "Отбасылық медицина" мамандығы бойынша учаскелік дәрігер МСАК медициналық ұйымдарының баланы дамыту кабинетіне аудиологиялық скринингтің екінші кезеңіне жібереді.
67. ТОАЭ және ҚЛЕШП әдістерімен бір немесе екі құлағына "Өтті" деген нәтижені алған кезде жаңа туған нәрестені "Педиатрия", "Жалпы дәрігерлік практика" немесе "Отбасылық медицина" мамандығы бойынша учаскелік дәрігер сурдологиялық кабинетке (орталық, бөлімше) жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет