2-деңгей Амбулаториялық жағдайда пациентті бастапқы қабылдау кезінде жалпы тәжірибе дәрігерінің әрекетінің алгоритмін жазыңыз


Босандыру ұйымдарында психофизикалық даму скринингінің бірінші кезеңінің іс-шаралары мыналарды қамтиды



бет32/61
Дата30.01.2024
өлшемі157.72 Kb.
#490247
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   61
ВОП 2

84. Босандыру ұйымдарында психофизикалық даму скринингінің бірінші кезеңінің іс-шаралары мыналарды қамтиды:
1) жаңа туған нәрестені фенотиптік қарап - тексеру;
2) есту қабілетін бағалау.
85. Скринингтің бірінші кезеңінде босандыру ұйымында "Неонатология" мамандығы бойынша дәрігер туа біткен даму ақауларын айқындай отырып, жаңа туған нәрестеге фенотиптік қарап - тексеру жүргізеді (Жаңа туған нәрестеде эмбриогенездің немесе Даму микроаномалиясының көрінетін стигмалары алып тасталады). Дамудың 5 және одан да көп микроаномалиясы болған кезде неонатолог жаңа туған нәрестеге "Медициналық генетика" мамандығы бойынша дәрігердің және басқа бейінді мамандардың (балалар хирургтарының, кардиохирургтарының, оториноларингологтарының және басқалардың) көрсеткіштері бойынша консультация беруін ұйымдастырады.
86. Аудиологиялық скрининг шеңберінде есту қабілетін бағалау осы Қағидаларға 3-тарауға сәйкес босандыру ұйымында жүргізіледі.
87. Ерте жастағы балалардың психофизикалық дамуы скринингінің бірінші кезеңінде "Неонатология" мамандығы бойынша дәрігер жүргізілген зерттеп – қарау нәтижелерін, топ анықталған кезде ҚР ДСМ - №175/2020 бұйрықпен "Стационарлық пациенттің медициналық картасы" № 001/е нысанына ұсынымдарды, сондай-ақ босандыру ұйымынан (МАЖ) жаңа туған нәрестенің үзіндісін енгізеді.
88. Ерте жастағы балалардың психофизикалық дамуы скринингінің екінші кезеңінің іс – шаралары МСАК ұйымының педиатрының немесе жалпы практика дәрігерінің (бұдан әрі – ЖПД) бір айдан бір жасқа дейінгі баланы қарап – тексеру және бойының, салмағының, бас көлемінің центильді кестелерінің көрсеткіштеріне сәйкес нерв - психикалық дамуын бағалауды қамтиды. 5 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар үшін ай сайын бас көлемінің жас шамасына арақатынасының центильді кестелері 13-қосымшада (№1, 2 кестелер) келтірілген. Осы кестелер бойынша шала туған нәрестелерді бағалау кейінгі жасқа жеткенде жүргізіледі.
89. Бас көлемінде, салмағынан, бойынан екіден артық сигмалдық ауытқулардың ұлғаю немесе азаю жағына қарай ауытқуы, баланың психофизикалық дамуының бұзылуы анықталған кезде МСАК ұйымының учаскелік медицина қызметкері (дәрігер, фельдшер немесе мейіргер) тұқым қуалаушылық патологиясының сараланған және синдромдық диагностикасын жүргізу үшін "Неврология (балалар)" мамандығы бойынша дәрігердің және "Медициналық генетика" мамандығы бойынша дәрігердің консультациясына жібереді, сондай-ақ прогрессивті тәсіл шеңберінде жеке жоспар жасай отырып, патронаждық бақылауды ұйымдастырады.
90. Ерте жастағы балалардың психофизикалық дамуы скринингінің үшінші кезеңінің іс-шаралары бірінші және екінші кезеңдердің нәтижелеріне қарамастан, МСАК ұйымы дәрігерінің немесе баланы дамыту кабинетінің орта медицина қызметкерінің (болмаған кезде – учаскелік медицина қызметкерлерінің) балалардың нейропсихикалық Даму шәкілдері бойынша 0 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды скринингтік бағалауды қамтиды.
немесе МСАК ұйымының баланы дамыту кабинетінің орта медицина қызметкері (болмаған жағдайда – учаскелік медицина қызметкері) бірінші кезеңнің нәтижесіне қарамастан, ерте жастағы балалардың нерв - психикалық дамуын бағалау мақсатында скринингтік тестілеуді жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет