10) амбулаториялық пациенттің медициналық құжаттамасы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 052/е нысанына сәйкес жүргізіледі. Амбулаториялық пациенттердің медициналық карталары осы Стандартқа 3-1-қосымшаға сәйкес титул парағының жоғарғы оң жақ бұрышында динамикалық бақылаудағы ФЖӘ 1А (1Б), 2А (2Б, 2В), 3А (3Б), 4А (4Б), кіші тобының және 5 әлеуметтік қауіп тобының бірін көрсетумен таңбаланады;
11) ФЖӘ алғаш рет анықталған аурулары бар 2, 3, 4, 5 динамикалық бақылау топтарының әйелдерді бірінші анықталған аурулармен диспансерлік бақылау мен емдеу осы Стандартқа 3-1-қосымшаға сәйкес қамтамасыз етіледі. Оларды бақылау Кодекстің 7 бабының 32) тармақшасына сәйкес бекітілген денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға және "Клиникалық хаттамаларды әзірлеу мен қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ - 188/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 21637 болып тіркелген) сәйкес диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес учаскелік терапевт, ЖПД және акушер-гинеколог дәрігерінің бақылауымен жүзеге асырылады
12) МСАК, амбулаториялық-емханалық көмек (бұдан әрі – АЕК) деңгейінде ФЖӘ динамикалық бақылау топтарын жүргізу тактикасы осы Стандартқа 3-2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады;
13) осы Стандартқа 3-1-қосымшаға сәйкес ФЖӘ 1А, 2А, 3А, 4А динамикалық бақылау кіші топтарының ФЖӘ, осы Стандартқа 3-2-қосымшаға сәйкес белсенді бақылау тобына қосылады;
14) учаскелік терапевтер, ЖПД және акушер-гинекологтар экстрагениталдық және гинекологиялық ауруларды анықтайды және диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларының ұсынымдарына сәйкес сауығу нәтижесіне немесе тұрақты ремиссияға жеткенге дейін емдейді, алгоритм бойынша ана мен бала үшін жүктіліктің және босанудың нәтижелерін жақсарту мақсатында жоспарланған жүктілікке дейін гравидарлық даярлықты 6 ай бұрын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |