Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Қарым-қатынастың вербальдық емес құралдарын атаңыз.
2. Мимика деген не?
3. Қарым-қатынастағы вербальдық емес құралдардың ерекшеліктері неде?
Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
Морозов А.В. Управленческая психология. – Москва, 2008.
Немов Р.С. Психология.Т.1.-Москва, 2003.
Горянина В.А. Психология общения. Москва, 2007.
Панфилова А.П. Тренинг педагогического общения. – Москва, 2008.
Бороздина Г.В. Психология делового общения. – М., 2001.
Кузин Ф.А. Культура делового общения. М., 2000.
Қосымша әдебиеттер:
Федосихина Е.А. Кашник О.И. Звягинцев В.В. Психотехнология и этика делового общения. Н., 1998.
Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.
Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под ред. Лавриненко В.Л. –М., 1995.
Внедиктова В.И. О деловой этике и этикете. –М., 1994.
Андреева Г.М. Социальная психология. – М.,1996.
Абрамова Г.С. Введение в психологическую психологию. М.,1997.
Тақырып 5. Тұлға аралық қарым – қатынастың әлеуметтік психологиясы
Жоспар:
Басқарудағы қарым – қатынастың мәні мен орны. Шағын топ және ұжым туралы түсінік. Топтағы қарым – қатынас және оның құрылымы. Шағын топтағы әлеуметтік биліктің құрылымы. Топтағы және ұжымдағы өзара қатынастар.
1. Басқарудағы іскерлік қарым – қатынастың мәні мен орны. Шағын топ және ұжым туралы түсінік. Топтағы қарым – қатынас және оның құрылымы.
Әлеуметтік ортақтасу психологиясы – социология ғылымының бір саласы. Ортақтасу психологиясының пәні адамдардың қарым-қатынастары болып табылады. Сондықтан, ортақтасу психологиясы – адамдардың өзара қарым-қатынас заңдылықтарын зеріттейтін ғылым. Ортақтасу психологиясы қамтитын сұрақтар: Адами қатынас деген не? Оның ерекшеліктері мен механизімдері қандай? -Жеке адам белгілі бір топ мүшесі болған сәтте қандай өзгеріске ұшырайды өзін қалай ұстайды? Неге оның мінезқұлқында өзгерістер пайда болады? Ортақтасу психологиясының негізгі бағыт-бағдарлары: “Мен” - “Басқа” жүйесіндегі арақатынас. Ортақтасу барысында пайда болатын тұлға аралық қатынастарды танып білу, адамдардың бірін – бірі тану мен түсіну механизімін зеріттеу, олардың ортақ қызыметін ұйымдастыру тәсілін анықтау, бір адамның екінші адамға ықпал етудің жолдары мен мүмкүндіктерін айқындайды. “Топ” - “Мен” жүйесіндегі арақатынас. Әртүрлі әлеуметтік жағдайлардың адамның мінез-құлқы мен тұлғалық ерекшеліктеріне ықпалын зеріттеу. Адамның әлеуметтік ұстанымдары, әлеуметтік көзқарастары, топ және қоғам адамның тұлғасын қандай жолдармен қалыптастырады және өзгертеді? Әлеуметтену - даму барысында әлеуметтік құндылықтарды, нормаларды әр адамның өз бойына сіңіру үрдісі. “Мен” – “Топ”. Жеке адамның әлеуметтік жағдайларға, қоршаған ортаға жасаған белсенді ықпалы. Әрбір адам - өз өмірінің, өз әлеуметтік байланыстарының қожасы, басқа адамдармен қарым-қатынастағы рөлдері мен орындарының жасаушысы ретінде қарастырылады. Сонымен, ортақтасу психологиясының негізгі мәселесі – адами ортақтасудың тұлғааралық және топаралық формаларын танып-білу, ортақтасудың пайда болуы мен қызмет етуін және жеке тұлғаның ортақтасу барысында әлеуметтік-психологиялық қасиеттерінің қалыптасуын зерттеу. Ортақтасу психологиясы адамдар мен топтардың әлеуметтік мінез – құлықтарының заңдылықтарын зеріттейтін ғылым. Қарым-қатынас психологиясы – мінез-құлыққа әлеуметтік ықпал етудің тиімді тәсілдері мен технологияларының жиынтығы.
Ортақтасу формалары: Тікелей ортақтасу – табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл – адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тариқындағы бірінші формасы. Жанама ортақтасу- қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын , не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялық контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сөйлеу т.с. адами ортақтасуды күрделендіріп жібереді. Тұлға аралық ортақтастыру – екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактлары. Тұлғааралық ортақтасудың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы , бір-бірінің ерешеліктерін білуі, бірге күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі. Бұқаралық ортақтасу – бейтаныс адамдардың тікелей не жанама (бұқаралық ақпарат құралдары арқылы болатын) контакттары. Мысалы, стадионда, театрда, шеру-бұқаралық тікелей ортақтасу, телемарафон, радиохабар-жанама ортақтасу, вагонда-бұқаралық тікелей не жанама болса, купеде-тұлғааралық . Персонааралық ортақтасу – ортақ іс-әрекет үрдісінде жеке қасиеттерін ашатын белгілі тұлғалардың психологиялық контакттары (чемпиондар, ғарышкерлер, президенттер). Рөлдік ортақтасу – белгілі әлеуметтік рөлдерді орындаушылардың пстхологиялық контакттары, мысалы, оқушы- оқытушы, әке-бала, сатушы-алушы, көрші- көрші, дәрігер- ауру, бастық-бағынушы. Әрбір адам әр сәтте әртүрлі рөлдерде орындайды, сол рөлдерге байланысты қоғамда өз орнын табады. Сол рөлдерді орындағанда адамның өзгешеліктері назарға алынбайды, тек әлеуметтік рөлге қажетті іс-әрекеттері маңызды болып саналады. Әрине, әлеуметтік рөл адамның мінез-құлқының егжей-тегжейін анықтамайды. Адам өз рөлін, басқалардың рөлдерін қалай түсінеді? Ол рөлдерге қандай қатынаста болады? Адамдар өз рөлдерін орындаған сәттерінде қайталанбас өзіндік өрнек пен таңба енгізеді. Ортақтасу барысында адамдар өзі және басқалар үшін өзіндік психологиялық ерешеліктерді ашады, көрсетеді, түсінеді. Адамның психологиялық қасиеттері ортақтасу нәтижесінде пайда болады, дамиды, өзгереді. Басқалармен арақатынас жасағанда адам қоғамдық ережелерді, нұсқаларды, білім мен іс-әрекет тәсілдерін жалпы әлеуметтік тәжірибені өз бойына сіңіреді. Ортақтасу нәтижесінде адам жеке тұлға болып қалыптасады.
2. Шағын топтағы әлеуметтік биліктің құрылымы. Топтағы және ұжымдағы өзара қатынастар.
Әрбір адам белгілі бір қоғамға немесе үлкен топқа енеді. Адамдарды жалпы екі топқа бөлуге болады, бұл олардың спецификалық – психологиясының ерекшеліктеріне байланысты, екі топқа бөлінудің негізі топ ішіндегі мінез байланысында. Бірінші жағдайда бұл объективті берілген әлеумметтік байланысына байланысты. Адамдардың осы топтарға мүше болуы олардың еріктеріне тәуелді емес. Ол объективті түрде белгіленген. Белгілі бір мақсаты – бағыты бар адамдар бір топқа бірігуге әкеледі, бұны жекеленген топ деп қарауға болады. Бұл бірігулер негізі психологиялық көріністерден құрылады.
Топтың ұйымдастыруына қарай стихиялы түрде ұйымдасқан топ және арнайы ұйымдастырылған топтар болып бөлінеді. Үлкен әлеуметтік топтар ашық және жабық болуы мүмкін. Әлеуметтік топтар дамуына байланысты бірнеше этаптан өтеді. Г.Г.Дилигенскийдің классификациялануына байланысты үш нұсқамен қарастырайық. Бірінші нұсқа - типологиялық. Ол мынамен мінезделеді, бұл топтың мүшелері объективті түрде бір-бірінің қасиетіне тән. Бұл қасиеттер жеке дара әрекетке белгілі бір мәні болуы мүмкін.Мысалы кәсіпкердің бірінші деңгейде әлеуметтік топ құруын қарауға болады.Олардың әр қайсысы өз ісімен белгілі бір әрекетпен байланысады. Екінші нұсқа әлеуметтік топ мүшелері өздерін осы топқа қажет екенінде,және сол топқа мүше екенің сезінуінде. Бұл идептификациялық деңгей. Мысалы: адамдар өздерін белгілі бір қоғамға мүше екенінде сезінуі. Үшінші нұсқа: топ мүшелері ұжым мақсатына өз іс-әрекеттерін жұмсау. Дилигенский бойынша салдарлы деңгей.Оны интегрировалық деңгей деуге де болады.Мысалы:Кәсіпкер ассоцияларға, корпарацияларға бірігіп басқа да серіктестіктермен жұмыс істеуі белгілі бір бағдарлама,стратегиясын жасауын қарауға болады. Психологиялық көріністер үлкен әлеуметтік топта психикалық сферада дараланады-кооперативті қажетті-мативациялы, аффектілі, регулетивті жігерлі. Когнетивті сфераға жататындар ұжымдық көзқарастар, әлеуметтік ойлар, қоғамдық пікірлер т.б. Когнетивті процесстер мазмұны тарихи-қоғамдық дамумен анықталуы. тарихи-процессте жаңа замандағы орыс қоғамындағы әлеуметтік-эканомикалық саяси өзгерістер қарауға болады. Қажетті мотивациялы сферада толық топтың мативациямен мінезделеді, топтың қажеттілік,көз-қарастар, мақсаттар, байлықтар, идеялар. Топ қызығушылығында субъекті түрде материалды жағдай көрініс береді.Осыдан қажеттілікті қанағаттандыратын әрекеттер айқын көріністер береді.Қоғамдық көзқарасты әлеуметтік топқа деген қызығушылық танылады. Мотивациялық сферада өмірлік бағыт бағдар ескеріледі.Ол өз алдында таңдау не шешімге келуге альтернативалық жағдайларды ескереді. Бұнда топтық іскерлігі,жеке тұлғалар,болашақтағы жасалатын жұмыстар айқын көрінеді.Олар өмірлік іскерлікті анықтап қажет етеді. Идеалдар әлеуметтік психололгиялық жоспарда бейнеленіп көрініс немесе реалды,реалды емес образдарға сай көрініс болып келеді. Афекті сферада - үлкен әлеуметтік топтар психологиясында сезім, көңіл күй эмоциялара қосады. Әлеуметтік сезім үлкен әлеуметтік сезімді эмоцияларды қарым-қатынас фактілер жағдаяттарда әлеуметтік айқындылықта нақты көрінеді.
Жағымды әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасқан ұжым қолайлы моральдық-психологиялық ауа-райымен жылы шырайлылықпен, парыз бен жауапкершілікті құрметтеумен өзара талапшылдықпен, сергектікпен ерекшеленеді. Сондықтанда А. С. Макаренко ұжымдағы өзара қатынастағы сергек көңілді /мажырлы/ екпінге баса мән берген. Әлеуметтік-психологиялық климат ұжым мүшелерінің бірлескен іс-әрекет пен өзара қатынас процесінің сипатын танытатын ұжымның сезімдік-психологиялық жағдайларының жүйесін білдіреді. Бір жағдайларда көрсеткіш ерекшеліктері ретінде тұлғааралық, адамгершілік, сезімдік, құқықтық өзара қатынастар қарастырылса, ендігі бір жағдайларда ұжымдық әрекет тиімділігінің барынша жалпы сипаттамасына баса мән беріледі.
Үлкен топтың кіші топтан айырмашылығы мынада үлкен топта әлеуметтік әрекетті спецификалық тұрғыда реттеу болады, ал кіші топта мұндай жоқ. Бұлар салт-дәстүр. Белгілі әрекеттер бұл топтың өмірін сипаттайды. Әрекет арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас контактлерін анықтауға болады. Үлкен топта «тіл» ерекшеліктері бойынша алады. Сонымен қатар сөйлеу мәдениетті бұл көбінесе жастарға байланысты болады. Мысалы,: топты мамандықты, жастарды бір тізімге қоюға болмайды. Енді үлкен топтың құрылымдық психологиясы қандай деген сұраққа жауап берсек. Құрылымдық психологияға көптеген элетенттер енеді, яғни әр жеке тұлғаның өзіндік психологиялық құрылымы, психологиялық процестері, психологиялық кейпі. Зерттеулер бойынша: 1. Психологиялық жиынтық бұл тұрақты білім (әлеуметтік мінез, салт-дәстүр). 2. Эмоционалдық жиынтық бұл қозғалмалы динамикалық білім (көңіл-күй, қажеттілік, қызығушылық).
Әлеуметтік психологияда шағын топ ол саны жағынан , жалпы қызығушылақтары мен мақсаттары және топтық тәртіп нормасы мен байланысқан топтың байланысқа түсетін индивидтер жиынтығы. Шағын әлеуметтік топқа белгілі бір құрылымдық қауымдастық, әлеуметтік – психологиялық өмір қызметінің механизмі, топтық диалектикасы кіреді. Шағын әлеуметтік топта басқарушы жүргізуші буын қызмет мақсаттарын қояды. Шағын әлеуметтік топта топ мүшелерінің біріккен іс - әрекетін ұйымдастырушылық және әрекетін, мақсатын қоятын орта қызығушылықтарын ескере отырып орындайтын жетекші болады.
Адам өзі кіретін топтың әрқайсысында белгілі орын ала отырып сол топтың iшiнде әлеуметтiк әрекеттестiктi қалыптастырады. Әлеуметтiк әрекеттестiк – бұл бiр-бiрiне уақыт аралата әсер етiп, әр серiктестiктiң әлеуметтiк әрекетi жүзеге асып отыруын және серiктестiктердiң бiр-бiрiнiң әрекеттерiне бейiмделуiне қол жеткiзу.
Достарыңызбен бөлісу: |