2 ДӘріс дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет7/22
Дата26.03.2023
өлшемі387 Kb.
#471117
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
карым катынас психологиясы

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Педагогикалық қарым-қатынастың ерекшелігі неде?
2. Педагогтың әдістері қандай?
3. Педагогикалық қарым-қатынастың стилдерін атаңыз.
Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:

  1. Морозов А.В. Управленческая психология. – Москва, 2008.

  2. Немов Р.С. Психология.Т.1.-Москва, 2003.

  3. Горянина В.А. Психология общения. Москва, 2007.

  4. Панфилова А.П. Тренинг педагогического общения. – Москва, 2008.

  5. Бороздина Г.В. Психология делового общения. – М., 2001.

  6. Кузин Ф.А. Культура делового общения. М., 2000.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Федосихина Е.А. Кашник О.И. Звягинцев В.В. Психотехнология и этика делового общения. Н., 1998.

  2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

  3. Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под ред. Лавриненко В.Л. –М., 1995.

  4. Внедиктова В.И. О деловой этике и этикете. –М., 1994.

  5. Андреева Г.М. Социальная психология. – М.,1996.

  6. Абрамова Г.С. Введение в психологическую психологию. М.,1997.

Модуль 2. Қарым-қатынас мәселелері
Тақырып 7. Тұлғааралық қарым – қатынас этикасы
Жоспар:
Этика туралы жалпы түсінік. Этика, мораль, адамгершілік түсініктерінің арақатынасы. Кәсіби этиканың қалыптасуы. Мораль құрылымы және функциялары. Тұлғааралық қарым-қатынас этикасы, оның қалыптасуы.
Әдептілік адамның жоғарғы шындықты, қарапайымдылық, сабырлық көрсетуі, өзін өзі басқарып ұстамдылық жасау, әртүрлі жағдайларда, өзге адамдармен, қарым қатынас жасай білу ептілігін біріктірілетін адамгершілік тәртібі. Әдепті адам әр уақыттада құрметті адамы. Сондай ақ тұлғааралық қарым қатынастағы ең маңызды көрсеткіштерінің бірі әдепті сақтау.
Әдеп - жоғарыда айтып өткендей әдетіктен, ұстамдылықтан, адамгершіліктен т.б.қасиеттерден көрініс беруі тиіс. Әдеп – адамның сырт көркі.
Тұлға кез-келген ортада өзiн қоршаған адамдармен өмiр сүредi және қалыптасады, оған сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi. Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады. Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз. Макроорта – бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi бар қоғам. Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн шек – бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi. Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз. Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ онда мынаны байқаймыз: басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз және бағалаймыз. Жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен қабылдаймыз. Таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз. Басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз. Шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есепке аламыз.
Манипуляция, алдап – арбау ортақтасуы- жиі кездесетін тұлғааралық ортақтасу – жиі кездесетін тұлғааралық ортақтасу партнері өзінің жасырын ниетіне бағындыруды көздеген іс-әрекет. Өзмақсатына жету үшін манипулятор ортақтасу партнері нысана ретінде қарастырады. Манипуяциялық ортақтасу – Басқаны өз мақсатын жасырып өзіне қажетті іс-әрекетке баулу. Императив пен манипуляцының ұқсастығы екеуінің мақсаты бірдейлігінде: яғни, қатынас серігінің ойы мен бойын билеу, бақылау. Айырмасы: манипуляциялық стильде шынайы мақсат жарияланбайды, жасырылады не ауыстырылады. Алдап –арбау ортақтасуының қоғамдағы ресми орны –бизнес , сауда-саттық, іскерлік, насихат -, оқыту болып табылады. Оқыту барысында (тәрбиелеуде емес !) сабақты қызықты өткізу , оқушының назары мен ынтасын көтеру үшін манипуляцияны пайдалануға болады. Арбаушылық барысында қатынас серігі жеке тұлға ретінде емес, тек манипуляторға керек қасиеттердің иесі ретінде қарастырылады. Мысалы, манипулятор мейірімді адамның мейірімін, әлсіздің әлсіздігін өз мақсатында пайдалануға тырысады. Арбаушы өз арбаушылығының құрбаны болып қалады. Өзін -өзі біртұтас тұлға ретінде емес , кейбір рөлдердің орындаушысы ретінде қабылдап жалған ниеттер мен мақсаттарға бас ұрады. Манипуляторды сипаттайтын қасиеттер: өтірік, зерігу, сезімдердің қарапайымдылығы, өзін де, басқаға да сенбеушілік. Диалог ортақтасуы. Бұл –тең құқықтық субьектілердің арақатынасы, ортақтасу мақсаты- өзін-өзі және өзгені тану, білу, дамыту. Жоғарыда аталған арақатынастарын негізгі айырмашылығы –эгоцентризмнен, өзіндік ұстанымнан альтруизмге, өзгеге, басқаға бағытталған ұстанымға көшу . Бұл ортақтасу үрдісінде екі дауыс екі пікір естіледі, бұл субьект-субьект қатынасы. Диалог ортақтасуының ережелері: Сұхбаттасушының және өзінің көкейкесті күйін ескеру, «осы жерде-осы сәтте» қағидасын басшылыққа алып арақатынасын жүргізу дәл осы кездегі сезімдерін, тілектерін, психологиялық халдерін назарға алу. Ортақтасу серігінің тұлғасына баға бермеу, алдын-ала оның ниеттеріне сену, біріне-бірі сенімділік білдіру . Серікті өзіне тең, өзіндік пікірі мен шешімі бар тұлға деп қабылдау. Шешілмеген мәселе мен сұрақтар ортақтасу мазмұны болуы керек (ортақтастыру мазмұнын мәселелендіру). Сұхбат адамының өз атынан жургізілуі керек, біреудің пікіріне сілтемей, өзінің сезімдерімен тілектерін білдіру қажет (персоналандыру). Диолог ортақтасуы қатысушылардың өзара тусінушілігін тереңдетіп, бірінің жан байлығын бірі көбейтуге, әрқайсысы өз-өзінің ашылуына жағдай жасайды. Осы типтегі ортақтасуды іске асыру үшін қажетті өмірлік шарттар және қатысушылардың ішкі дайындығы керек. Оқушылармен қалай сөйлесу керек? Олардың сұрақтарына қалай жауап қайтару қажет? Біріншіден, шыдамдылықпен сұрақты соңына дейін тыңдау. Көбінесе, адамдар сұрағы анық қой деп, сұхбаттасушыны тоқтата салып жауапқа кіріседі. Сұрақты дұрыс түсінуде кішкентай ғана күмән пайда болса, қайталап анықтап алған жөн болар («Кешір мен онша түсінбей тұрмын», «Мен дұрыс түсінсем...»). Кейінгіге қалдырмай («бұл келесі сабақтың тақырыбы») міндетті түрде шәкіртке жауап беру керек. Екіншіден, жауап сұрақтан неғұрлым кең болып, қойылған мәселені жаңа қырынан көрсету тиіс. Маңызы бар сұрақ қойып тұрған шәкіртті ренжітпеу үшін асығыс жауап беруге де боламайды. Үшіншіден, оқушылар кейде сұрақты дәлме-дәл жауап алу үшін ғана қоймайды. Сұрақты өзінің ойлау қабілетін , білім деңгейін көрсету үшін де қояды. Мұғалімнен көмек күткен баланың сенімін ақтап, ашық әңгімеге жағдай жасау қажет. Ортақтасу - өте күрделі феномен. Оның әртүлігі көптеген функцияларына тәуелді, ал көп қызметтілігі жеке адам мен қоғам өміріндегі орны мен мағынасына байланысты. Ортақтасудың ішкі құрлымы да өте күрделі, оны шартты түрде үш жаққа бөлуге болады.: комуникация , перцепция, интеракция. Біртұтас, ішкі бірлігі бұзылмас процесті біз ғылыми мақсатта, терең және жан-жақты талдау үшін үшке бөлеміз. Естен шығармайтын жайт: тіршілікте ара қатынас- біркелкі, бұзылмайтын процесс. Коммуникация- арақатынас партнерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау үрдісі. Интеракция- тұлғааралық қимыл ұйымдастыру, қатысушылардың өзара қозғалыс пен әрекет алмасу. Перцепция- адамдардың бірін-бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құрылатын белгілі тұлғааралық қатынастар.
2. Мораль құрылымы және функциялары. Тұлғааралық қарым-қатынас этикасы, оның қалыптасуы.
Субъектiлердiң белгiлi құралдарымен жүзеге асыратын бiрiгiп әрекет ету қажеттiлiгiнен туындаған және серiктесiнiң жай-күйiн, мiнез-құлқымен тұлғалық маңыздылық құрылымын едәуiр өзгертуге бағытталған өзара әрекеттесу. Кезінде бірінші болып қарым-қатынастың көпдеңгейлі, иерархиялық, көпөлшемді ұйымдасуын көрсеткен белгілі кеңес психологы Б.Г.Ананьев қарым-қатынастың макро-, мезо-, микродеңгейлерін бөледі: қарым-қатынасқа түсуші адамдар өмір сүретін қоғам, өздері мүшесі болып табылатын әр типті ұжымдар, өздері жиі байланысқа түсетін жақын қоршаған ортасы, сонымен қатар осы іс-әрекет субъектісі ретіндегі өзараәрекеттесуші адамдардың қарым-қатынаста қалыптасатын және жүзеге асатын индивидуалды сипаттамалары микродеңгей тұлғааралық қарым-қатынастың ең ұсақ бөлшектерінен тұрады. Макродеңгейге басқару мен сауда сияқты ірі құрылымдар кіреді. Кез-келген әлеуметтік жағдайларда адамдар барлық деңгейлерде өзара әрекеттеседі. Әдетте тұлғааралық қарым-қатынастың екі формасын қарастырады: монологиялық, бұл кезде серіктестердің біреуіне ғана белсенді қатысушы рөлі беріледі, ал басқасына – пассивті орындаушы, және — диалогтық, қатысушылардың ынтымақтастығынан көрінеді. Екі адам қарым-қатынасы процесін білдіретін сөздер көп емес — әңгімелесу, сөйлесу, диадикалық қарым-қатынас (екеудің қарым-қатынасы). Бұл процеске қатысатын адамдарды сөйлеуші және тыңдаушы әңгімелесушілер немесе қарым-қатынас серіктестері деп атайды. Қарым-қатынасқа байланысты келесi ұғымдар бар: Тұлға диспозициясы – бұл әрекеттiң белгiлi бiр жағыдайлары және осы жағыдайлардағы белгiлi бiр мiнез-құлықты қабылдауға деген бейiмдiлiктiң жүйесi немесе кешенi. Өмiр салты – бұл адамдардың тарихи нақты әлеуметтiк қатынастары типтiк болып табылатын өмiр сүру формасы. Әлеуметтiк институт – бұл адамдардың бiрiгiп әрекет етун ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары. Фактiлiк қатынас. Коммуникативтiк құралдарды тек қатынас процесiн қолдау мақсатында ғана падаланылатын мазмұнсыз құбылыс. Әлеуметтiк психологиялық бiлiктiлiк. Индевидтiң өзiн қоршаған адам мен тұлғаарлық қатынастар жүйесiнде тиiмдi әрекеттесе алу қабiлетi құндылықты реттеумен байланысты, әлеуметтiк және мәдени дамудың деңгейi. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп жұмыс iстеймiз, қонаққа барамыз, бiр ортақ iстi орындаймыз. Егер өзiмiздi бақылап көрсек бiздер мынан байқауымызға болады. Өзге адамдармен қатынаса отырып бiз оларды қабылдаймыз және бағалаймыз, бiздiң әрқайсымыз өзiнiң ерекшелiгiн жеке қарым-қатынас тәжiрибесi арқылы қоршаған ортадағы, мектептегi, көшедегi тiкелей контакт арқылы қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет