Негізгі ұғымдар: қарым-қатынас, түрлері
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Қарым-қатынастың құрылымын сипаттаңыз.
2. Қарым-қатынастың перцептивті құрылымы деген не?
3. Қарым-қатынастағы әлеуметтік перцепция деген не?
4. Қарым-қатынастың интерактивті жағы деген не?
Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
Морозов А.В. Управленческая психология. – Москва, 2008.
Немов Р.С. Психология.Т.1.-Москва, 2003.
Горянина В.А. Психология общения. Москва, 2007.
Панфилова А.П. Тренинг педагогического общения. – Москва, 2008.
Бороздина Г.В. Психология делового общения. – М., 2001.
Кузин Ф.А. Культура делового общения. М., 2000.
Қосымша әдебиеттер:
Федосихина Е.А. Кашник О.И. Звягинцев В.В. Психотехнология и этика делового общения. Н., 1998.
Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.
Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под ред. Лавриненко В.Л. –М., 1995.
Внедиктова В.И. О деловой этике и этикете. –М., 1994.
Андреева Г.М. Социальная психология. – М.,1996.
Абрамова Г.С. Введение в психологическую психологию. М.,1997.
Тақырып 4. Тұлғааралық қарым – қатынастағы вербальды емес құралдар
Жоспар:
Вербальды емес құралдар туралы түсінік. Вербальды емес құралдардың қарым – қатынастағы маңызы. Әңгімелесушілердің ішкі жағдайын, олардың қимыл- қозғалысы, мимикалары арқылы танып білу. Қарым – қатынастың коммуникативті жағының сипаттамасы. Коммуникативті қарым – қатынастың құралдары. Көз және ерінмен берілетін белгілер. Жалғандықты білдіретін мимика, қимыл – қозғалыстар. Вербальды емес қозғалыстың маңызы.
1. Вербальды емес құралдар туралы түсінік. Вербальды емес құралдардың қарым – қатынастағы маңызы. Вербальды емес қозғалыстың маңызы.
Вербальсыз катынас - мимика, ым-ишара, пантомимика арқылы сөзсіз қарым қатынас. Мимика - адам бетінің бүлшық еттерінің қимыл-қозғалыстары арқылы оның психикалық жағдайының, сезімдерінің, көңіл-күйінің көрінісі. Ым-ишара (жест) - қарым-қатынас барысында адамның психикалық көңіл-күйіне байланысты қолдарының белсенді қимыл-қозғалыстары.
Адамдар бір-бірін қабылдау процесі қарым-қатынасының міндетті құрамды бөлігі ретінде танылып, перцепция деп аталады. Өзінің және басқа адамдардың жеке қасиеттерін танудың қисынды түрі – рефлексия, яғни кері байланыс құбылысы. бұл әрекет етіп отырған индивидтің өзінің серігімен қалай қабылданатындығын түсінуі. Қарым-қатынас күрделі әлеуметтік психологиялық процесс бола тұра төмендегідей негізгі каналдар бойынша жүзеге асады: сөйлеу тілі арқылы және сөйлеу тілінің қатысынсыз каналдары. Сөйлеу тілі қарым-қатынас құралы ретінде ақпараттың қайнар ретінде әрі әңгімелесушіге әсер ету тәсілі ретінде көрінеді. Қазіргі жүргізілгекн зерттеу жұмыстарына сүйенетін болсақ, адам қарым-қатынасының күнделікті актісіндегі сөздер оның 7% құрса, дыбыстар мен дауыс ырғағы 37% , сөйлеу тілінің қатысынсыз жүрген әсер 33% құрайды екен. Адамның ішкі күйін бейнелейтін бет әлпетіндегі бұлшық еттерінің қозғалыстары, оның күнделіктерінің шынайы мәнін табыс етеді. Ымдар ақпараттың 70% құрайды, яғни адамның көздері, көзқарасы, бет-әлпеті оның айтылған сөзінен бетер анықтама бере алады. Ал адамның маңдайы, қасы, аузы (ерні, көзі, мұрны, иегі) оның түр негізгі эмоцияларын анықтайды. Басқа адамдармен қарым-қатынасында кез-келген адамның нақты әлеуметтік рөлдері бар. Алайда қандай рөлді иеленуі адамның өзіне байланысты яғни оның күшіне, әлсіздігіне, ақыл-ой деңгейіне, өзіне қатысты сыншылдығына, мінез-құлқының икемділігіне байланысты. Адамның даралық психологиялық ерекшеліктері жоғары жүйке жүйесінің типімен анықталып, ең алдымен темперамент қасиеттерінде көрініс табады.
Қарым-қатынас стратегиясы. Қарым-қатынас стратегиясы үшке бөлiнедi. Бірінші ашық-жабық қарым-қатынас. Ашық қарым-қатынаста әр адам өзiнiң көзқарасын жеткiзе бiлуi және басқалардың позициясын тыңдауға әрдайым дайындық. Ал жабық қарым-қатынас ақпаратқа деген өзiнiң көзқарасын қатынасын жеткiзе алмауы, қарым-қатынасқа түсуге талпынбауы. Екінші Монологты стратегия. Үшіншi рөдiк тұлғаарлық стратегия (мұғалiм-оқушы, үлкен-кiшi). Қарым-қатынас: маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi; формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады; іскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады; достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi; маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады; вербалды және вербалды емес қарым-қатынас. Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу. Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар: информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру; интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету; перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру; экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту. Хабар беру мына бағыттармен жүзеге асады: -жоғарыдан төменге – жұмысшыларға бұйрық беру. -төменнен жоғарыға – басшылармен пiкiр алмасу және т.б. Коммуникация процесi жүзеге асу үшiн келесі элемент керек: хабар берушi; мәлiмет; арнайы ақпарат беру құралы; ақпарат алушы.
2. Әңгімелесушілердің ішкі жағдайын, олардың қимыл- қозғалысы, мимикалары арқылы танып білу. Көз және ерінмен берілетін белгілер. Жалғандықты білдіретін мимика, қимыл – қозғалыстар.
Эмпатия дегеніміз – басқа адамдардың ситуациядағы сезімдерді, көңіл-күйін ішінен өткізіп түсіну қабілеттілігі. Екіншіден, адамды зейініңді қойып тыңдай білу қасиеті. Егер адамның айтқанын зейін қоса тыңдайтын болсаң, ол саған симпатияның сезгенін көре аласың және де екеуің арасында қарым-қатынас жасасу оңай болады. Үшіншіден, басқа адамдардың мінез-қылықтарын бақылай алу. Бұл әдіс адам туралы, оның эмоционалдық күйі, мінезі туралы информацияны жинаудың қосымша әдісі болып келеді. Адамды оның вербалды емес сигналдар жүйесі: ым-ишара, жесттер, позалар, сөйлеу, жазу ерекшеліктерін бақылау, талдау және зерттеу қажет. Осы сигналдарды оның мінезімен байланыстыру. Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi. Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз.
Достарыңызбен бөлісу: |