Күшін жойған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1378 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1108 қаулысымен
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2015 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 19-1/718 бұйрығын қараңыз.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексi 36-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк су кадастрын жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетiмен бiрлесiп бес ай мерзiмде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк су кадастрын жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықты әзiрлесiн және бекiтсiн.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Мемлекеттiк су кадастрын жүргiзу тәртібін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 24 қаңтардағы N 75 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 3, 42-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1031 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгертулердің 30-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 35, 327-құжат).
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1378 қаулысымен
бекiтілген