№2 Дәріс. Табиғи ресурстар кадастры, түсінігі және жалпы сипаттамасы


Параграф. Орманды аралық пайдалану



бет15/20
Дата11.10.2023
өлшемі92.62 Kb.
#480485
түріМонография
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
ДӘРІСТЕР ТРК

7. Параграф. Орманды аралық пайдалану
348. Аралық пайдалануға төмендегілер жатады:

1) орманды күту үшін кесу;


2) таңдамалы санитарлық (тазартпалы) кесу;
3) бұталар мен өнімділігі аз орман алқаағаштарының сүрегін құнды ағаштарға алмастыру үшін кесу;
4) қорғаныш қасиеттері мен су реттегіштік және басқа да атқарушы қызметтерін жоғалтқан алқаағаштарды, балауса ағаштардағы пісіп жетілген және жеке тұрған ағаштарды кесу;
349. Орман орналастыру мәліметтерінде, орман өсіру талаптарына сай кесулерді қажет ететін, алқаағаштардың барлық аудандары анықталып көрсетіледі. Елді мекендер, жолдар мен өрт қауіпі бар кәсіпорындармен шектес алқаағаштарды күту үшін кесуді жобалағанда, өртке қарсы тұра алатын бөгет жыралар қарастырылады. Олардың ені сол жерде орналасқан объектілердің ерекшеліктеріне байланысты болады.
Жыл сайынғы күту үшін кесудің мөлшері, әрбір кесу түрлеріне байланысты таңдалған сүрекдіңдерінің ауданы мен көлемі арқылы анықталады. Кесу мөлшері күтіп-баптау кесулерін талап ететін алқаағаштар ауданын кесулердің қайталану мерзіміне бөлу арқылы, ал қоры - жылдық мөлшерін (ауданын) кесу қарқындылығы бойынша анықталады (1 га-дағы орташа кесу мөлшеріне көбейту арқылы).
Құрылуы тексеру кезеңіне жобаланатын орман екпелері мен балауса ағаштардағы жарықтандыру мөлшері есептік жолмен анықталады және орман орналастыру жобасында жеке көрсетіледі.
Күтіп-баптау кесулеріне белгіленген телімдерді іріктеу орамдардың игерілу кезектілігін, толымдылығын, ағаштардың жасы мен жағдайын ескере отырып жүргізіледі. Әр телім бойынша таңдалған қордың ауданы мен кесу түрі келтіріледі.
350. Таңдамалы санитарлық кесулер, дің зиянкестері мекендеген алқаағаштардың санитарлық жағдайын, телімдегі ағаштардың толықтай немесе бірен-саран өрттен зақымдануын және басқа да табиғи аппаттарға ұшырауын зерттеу нәтижелері мен белгіленген шаруашылық шаралардың негізінде Қазақстан Республикасы ормандарындағы санитарлық кесу ережелерінің талаптарына сәйкес жобаланады.
Таңдамалы санитарлық кесулерді жүргізу мерзімі зақымданған тұқымдылардың және таңдалған сүрекдің жалпы көлемінің биологиялық ерекшеліктері мен оны дайындау мүмкіндігіне байланысты 1-5 жыл болуы мүмкін.
Таңдамалы санитарлық кесулердің көлемі алқаағаштардың санитарлық жағдайына байланысты жылдарға бөлініп белгіленуі мүмкін.
Жыл сайынғы таңдамалы санитарлық кесудің көлемі таңдалған ағаш сүректерінің жалпы қорын бекітілген игеру кезеңіне бөлу арқылы анықталады.
351. Санитарлық-гигиеналық және денсаулықты жақсарту қасиеті жоғары, ерекше бағалы, орман жеміс алқаағаштарын, мемлекеттік табиғи саябақтарды, ғылыми маңызы бар және табиғи ескерткіштері бар ормандарды ескі, кеуіп қалған, жел құлатқан, қатты дауылдан сынған ағаштардан тазарту жобаланады. Басқа орманда бұл тек іске жарамды сүрегі болса немесе өртке қарсы талаптарға сай келмеген жағдайда ғана, жоспарланады.
Нақты шешімдер бірінші орман орналастыру кеңесінде қабылданады. Ескі, кеуіп қалған және шашылып жатқан ағаштардың жыл сайынғы көлемін анықтау, таңдамалы санитарлық кесуді жобалағандай жүгізіледі.
352. Іріктелініп алынған телімдердегі таңдамалы санитарлық кесуді және қураған ағаштардан тазарту жұмыстарын жоспарлаудың жалпы көлемдері арнайы дайындалған ведомостарда көрсетіледі.
353. Мемлекеттік орман қорының басты мақсатта пайдалануға тыйым салынған учаскелерінде күтіп-баптау және таңдамалы санитарлық кесу барлық алқаағаштарда, толысуға аз қалған, толысқан және толысу жасынан өтіп кеткен, біртіндеп жасартуды қажет ететін, экологиялық санитарлық қасиетін жақсартатын, қорғаныштық қасиетін сақтайтын және арттыратын ағаштарда, сонымен қоса толысқан ағаштарды техникалық қасиетін жоғалтқанға дейін және пайдалануға болатын алқаағаштардың барлығында жобаланады.
Бұндай күту үшін кесуге жобаланған телімдер, аралық пайдалану үшін кесу ведомосына, жеке тараумен жазылады. Пайдалану мөлшері және жыл сайынғы басқа да мемлекеттік орман қорының жер жағдайлары бойынша пайдалану көлемі мен жылдық көлемдері жекеленіп көрсетіледі.
354. Сүрегі құнсыз алқаағаштар мен бұталарды қайтадан жаңартып кесу жұмыстары төмендегідей учаскелерде жүргізіледі.
1) өздеріне тән емес орман өсіру жағдайларында (өнімділігі жоғары алқаағаштар өспейтін) жұмсақ жапырақты (кейде қатты жапырақты) балауса тұқымдыларда;
2) толымдылығы төмен, орта жастағы алқаағаштар мен балауса ағаштарда;
3) мақсатты пайдалануға жарамсыз алқаағаштар мен бұталарда;
Кесу және ағаш тұқымдыларын егу немесе себу арқылы жаңартуды қажет ететін құндылығы төмен алқаағаштардың ауданы қайта құру қорын құрайды. Сондықтан кесілетін ағаштардың көлемі мен алқаағаштарды жаңарту мерзімі арқылы жыл сайынғы кесілетін мөлшері анықталады.
355. Басты мақсатта пайдалануға тыйым салынған мемлекеттік орман қоры санаттарында (мемлекеттік табиғи қорықтардан басқа), ерекше қорғалатын учаскелерде қорғаныштық, және басқа да функцияларын жоғалтқан алқаағаштардың барлығында кесу жұмыстары жүргізіледі.
Олар таңдамалы санитарлық кесу сияқты жүргізіледі. Кесілетін учаскелерді таңдау және реттеу жұмыстары нормативтік іс қағаздарына сүйене отырып, жүзеге асырылады.
356. Балауса ағаштардағы жеке тұрған толысқан, көнерген және балауса ағаштар арасында өзінің тұқым беру қасиетін аяқтаған ағаштар жекелеп кесуге белгіленеді.
Орта жастағы, толысушы, толысқан және көнерген алқа-ағаштардағы ерекше айқындалатын ағаштар жекелеп кесілмейді. Олар мемлекеттік орман қорының басты мақсатта пайдалану үшін кесуге тыйым салынбаған жерлеріндегі кесулермен бірге жүргізіледі. Басқа МОҚ санаттарында олар санитарлық кесу кезінде бірге алынады.
357. Орман орналастыру аралық кесу жұмыстарын жүргізген кезде, қолданыстағы нормативтер бойынша таңдалып алынған ағаш сүректерінде тауарландыру және сортименттеу жұмыстарын жүргізеді. Ал бұл жоқ болған жағдайда, алдыңғы орман орналастырулардың кесу жұмыстарының нақты көрсеткіштері арқылы жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет