2. ДӘріс тезистері


Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің жолдары



бет8/22
Дата26.09.2023
өлшемі196.02 Kb.
#478597
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Ұлттық құндылық Лекциялар 2

Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің жолдары
Дәріс жоспары
1. «Мәңгілік ел» идеясы негізінде бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің ерекшеліктері
2. «Мәңгілік Ел» идеясы негізінде бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу әдістері
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қазіргі таңда қоғамымыздың қай саласында болмасын ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, тарихи жәдігерлеріміз жаңғырып жатқан кезеңде болашақ ұрпаққа бастауыш сыныптан бастап өресін кең жайып келе жатқан «Мәңгілік ел» идеясы негізінде патриоттық тәрбие берудің маңызы зор. Қазіргі таңда еліміз өзінің тәуелсіздігін алуымен әлемдік жаһандану үдерісінен орын алып отыр.
«Мәңгілік Ел» идеясының негізі ұлттық және халық мұратына жетуге негізделеді. Идея – грек сөзi, образ, ұғым, түсiнiк мағыналарында қолданылады. Атқаратын мiндетiне қарай идея алуан-алуан қырымен көзге түседi. Мәселен, бiрде ол сырт дүниенi бейнелейтiн қоғамдық сананың пiшiнi болса, ендi бiрде адамның басты сенiмi орнына жүредi. Әрбір тарихи даму кезеңінде өзіндік идеясы болмайтын ұлт жоқ және де кең ауқымды адамдар тобының санасы мен жүрегін жаулап алуда ешбір идея тиімділігі жағынан ұлттық идеямен теңдесе алмайтыны анық. Сондықтан да ұлттық идеяны жүзеге асыруға әрбір Қазақстан азаматы атсалысуы тиіс.
Қоғамдық пайдалы жұмыстар, сыныптан тыс өтізілетін саяси информация, әдеби кештер, оқушылар конференциясы, өлкетану музейлеріне бару, туған өлкені тану саяхаты, атақты адамдармен кездесу, кино, театрларға бару, революциялық мерекелерді өткізу және оларға дайындық сияқты жұмыстардың қайсысы болса да балаларды патриотизмге тәрбиелеу жұмысының маңызды құралдарына саналады“, - деп оқушылардың патриоттық құндылықтарын қалыптастыруда жалаң сөз емес, оларды, санасына ықпал ете отырып, сапалық қасиетін жетілдіру, патриоттық сезіміне ықпал ету керек. Автор сонымен қатар, оқушылардың кеңестік патриотизм сезімін тәрбиелеудің кейбір мәселелеріне тоқтала келіп: бастауыш сыныптардан бастап, отансүйгіштік сезімдерін тәрбиелеп тереңдету жолдары көп, - деп тұжырымдайды. Мысалы, бастауыш сыныптарға арналған «Әдебиеттік оқу» оқулығындағы материалдарға сүйене отырып, оқушылардың патриоттық сезімін оятып, дамыта беру қажет. Бұл оқулықтағы тақырыптар идеялық жағынан өте құнды пікірлерге сүйене отырып, мұғалім айналадағы өмірден алынған оқушыларға таныс фактілер арқылы олардың санасында, бір жағынан жаңа елестер мен ұғымдар тудырса, екінші жағынан сонымен бірге, олардың көңіл күйін тербете, олардың патриоттық сезімін де, отансүйгіштікке де тәрбиелейді», - деп көрсетеді. Оқулықтарда берілген батырлар кейіпкерлерінің мінезіне, олардың игілік мақсат үшін істеген жекелеген істеріне патриоттық сезім үстінде жасаған әрекеттеріне оқушылардың сүйсінуі, оларды мақтаныш етіп, үлгі ретінде мысалға алуы, «Шіркін-ай, осылардай болсам-ау»,- деп тілектенуі табиғи құбылыс. Отан, ел, жер, қоршаған орта, батырлар ерліктері туралы көркем шығармалар бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеуде олардың білімін байытумен қатар әдемі табиғаттың иесі – ел үшін сүйсіну, мақтаныш сезімін оятуға, батырлардың ерлік істеріне еліктей отырып, өз Отанын қорғайтын патриоттық рухы бар тұлға тәрбиелеуге болады, – деп тұжырымдаймыз.
Ш.Майғаранованың пайымдауынша, «Құндылықтар – тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар. ...Құндылықтар – сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді», - деген тұжырым жасаған. Тәрбиенің тұлғалық-әлеуметтік тұжырымдамасында қабылданған негізгі құндылықтар: адам, руханият, махаббат, еркіндік, шығармашылық, жауапкершілік, парыз, қауымдастық, тұлға мен қоғамның үйлесімділік мұраты – тәрбиедегі ізгілік өзегі болып табылады. Автордың пікіріне қосыла отырып, зерттеу мәселеміз бойынша, бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылықтарын оқыту үдерісінде қалыптастыру жөн, өйткені осының негізінде олардың ұлттық санасы мен патриоттық сезімін оятуға болады,- деп санаймыз.
А.С.Амирова бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде патриоттық құндылықтың көзі болып табылатын туған жердің байлықтары, мәдени ескерткіштер мен ұлтымыздың біртуар батырлары мен қаһармандары жайлы жас ұрпақтың бойына сіңіру мәселесін тәрбие бағдарламасы іске асыруда. Бүгінде бастауыш сыныптарда тәрбиемен қатар оқыту үдерісінде де оқушыларды өз елінің патриоты етіп тәрбиелеуді жүзеге асырып, халықтың рухани мәдениетін зерде мен ой елегінен өткізіп, оны қазіргі заман құндылықтарымен байланыстыра пайдалану іске асырылып отырғанын көрсетеді.
Б.Сүлейменованың бастауыш сынып материалы негізінде орындалған: «Бастауыш сынып оқушыларын қазақ батырлар жыры арқылы адамгершілікке тәрбиелеу» атты ғылыми еңбегінде оқушылардың оқу-тәрбие үдерісінде адамгершілікке тәрбиелеудің бірден-бір құралы ретінде батырлар жырының маңызына түсінік бере отырып: «Батырлар жыры бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің тиімді құралы болып табылады. Онда қазақ халқының ерте ғасырлардан келе жатқан тұрмыс-тіршілігі, тарихы, адамгершілік-гумандық қасиеттері, моральдық-этимкалық қарым-қатынастары, тағылымдық ой-пікірлері, мәдениет үлгілері көрініс тапқан. Қазақ батырлары жырының мазмұны оқушыларға туған жерін, елін сүюге, адамдарға мейірімді қарым-қатынаста болуға үйретеді», - деп, бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берумен қатар, патриоттық тәрбие берудің құрамдас бөліктеріне де тоқталады.
А.М.Жубандықова: бастауыш сынып оқушыларының өлкетану іс-әрекетіне құндылық бағдарын қалыптастыруда алдымен пән сабақтары арқылы білім беруде мұғалімнің іс-әрекетінің кезеңі өтеді. Осы берілген білімге негіздей отырып, мұғалім ұсынған тапсырмаларда орындауда оқушылар іс-әрекетке түседі. Өлкетану іс-әрекетіне құндылық бағдарын оқушылардың өздігінен орындаған іс-әрекеттерінің нәтижесінде олардың тұлғалық қасиеттерінің: отаншылдық, туған елін, жерін, ана тілін, отбасын сүю және т.б. қалыптасқанына көз жеткізіледі. Зерттеуші ғалымдардың пікірлерін пайымдай келе, бастауыш сыныптарда патриоттыққа тәрбиелеуді жүйелі түрде жүргізу қажет, - деп санаймыз. Өйткені, болашақ ұрпақты елін, жерін сүйетін азамат етіп тәрбиелеуде халық педагогикасын пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беруді жүзеге асыруда, тәрбиешілер педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әдіс - тәсілдерін, формаларын, құралдарын тиімді пайдалануды жете меңгеруі қажет. Бұдан мектепке дейінгі ұйымнан бастап, бастауыш сыныптар, одан жоғары оқу орнына дейін үздіксіз жүргізілген тәрбие жұмыстары өзінің оң нәтижесін береді, - деген қорытынды жасаймыз.
Зерттеліп отырған мәселе бойынша қарастырылған ғылыми еңбектерде ерлік пен елжандылықты қалыптастыруға себебін тигізетін қасиетті белгілерге ұлттық сана сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық парыз, ұлттық дәстүр, әдет-ғұрып, намыс жататыны көрсетіледі. Бұл ұғымдарға дәлірек тоқталатын болсақ:
Ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрып ұғымдарына Қазақстан ұлттық энциклопедиясында: «Дәстүр – белгілі бір ұлттың немесе халықтың ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын, тарихи қалыптасқан, олардың әлеуметтік ортасында ұзақ уақыт бойы сақталып отырған әлеуметтік-мәдени құндылықтар жиынтығы» , - деген анықтама берілген.
Педагогикалық энциклопедияда: «Әдет-ғұрып – белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік ортада пайда болып, оның мүшелерінің мінез-құқының, тұрмыс-тіршілігінің бұлжымас қағидаларына айналған жөн-жосық, жол-жоралғы» - делінген. Намыс ұғымына педагогика және психология, қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «Намыс – арлы адамның өзіне, айналасына, ұлтына кір келтірмеу үшін күресте бойына қайрат беретін сезімі. Қазақ халқы ұлттық намысқа ерекше мән беріп, халықтық тәлім-тәрбие жүргізеді» - деген анықтама беріледі.
Бастауыш сыныптарда отансүйгіштікке тәрбиелеуде Отанға деген сүйіспеншілік, туған жер табиғаты, ана тілі, салт-дәстүрі, тарихи ата-баба ерлігі көркем шығарма арқылы беріліп, әрбір баланың бойына намыс пен құрмет сезімдерін оятады. Өсіп келе жатқан жас ұрпақ туған тілін біліп, ата-бабасынан қалған мақал-мәтелін оқып өскендіктен олардың бойына ұлтжандылық дариды. Бұл сезім адамның Отан мүддесі үшін жан аямай еңбек етуге және Отанды қорғауға әрқашан әзір тұратын қасиетінен және сол жолда қандай қиыншылық пен қауіп-қатер кездессе де, қорықпайтын ерлік мінезінен көрінеді. Осындай кейіпкерлер бейнеленген, патриотизм тақырыбына арналған тақырыптар оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеуге зор ықпал етеді.
“МӘҢГІЛІК ЕЛ” идеясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының патриоттыққа тәрбиелеудің теориялық мәселесiн зерттеудегi ғалымдардың тұжырымдары негізінде оқыту үдерісінде бастауыш мектеп оқушыларының патриоттыққа тәрбиелеудің ерекшеліктерін көрсетеміз:
- “МӘҢГІЛІК ЕЛ” идеясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының ұлттық рәміздерге құрмет сезімінің мән-мазмұнын саналы түрде түсіндіретін оқыту үдерісін ұйымдастыру;
- “МӘҢГІЛІК ЕЛ” идеясы негізінде оқыту үдерісін ұйымдастыру арқылы оқушылардың Отанға, елге, туған жерге сүйiспеншiлiгiн құндылықтарын қалыптастыруды жетiлдiру;
- 1-4 сыныптарда оқу үдерісін ұйымдастыру негізінде оқушылардың ұлттық сана-сезiмдерi мен мінез-құлық ерлік, батырлық қасиеттерін қалыптастыру;
- “МӘҢГІЛІК ЕЛ” идеясы негізінде «Әдебиетті оқу» пәнін оқыту барысында мазмұны патриоттыққа тәрбиелейтін тақырыптарының салт-дәстүр, әдет-ғұрып, отбасы, Отаншылдық, тілі, ділі, туған жері, мінез-құлық және т.б. қамтитын тәрбиелік мәнін ашу;
- “МӘҢГІЛІК ЕЛ” идеясы негізінде оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу үшін оқу үдерісін ұйымдастырудың формаларын, әдiстерiн, технологияларын түрлендiре, саралап пайдалану;
- кіші мектеп жасындағы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеуде оқытудың дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа алу;
- ““МӘҢГІЛІК ЕЛ” идеясы негізінде ұлттық құндылықтың басты көрсеткіші болып табылатын «ЭКСПО идеяларын жүзеге асыру – дамыған 30 елдің қатарына енудің кепілі», «Туған өлкем» және т.б. тақырыптарға арналған тәрбие сағаттарын ұйымдастыру;
- ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәнін түсіндіретін оқыту үдерісінің аясында саяхаттар, сахналық көріністер ұйымдастыру;
- отбасылық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеуде «Әдебиеттік оқу» сабақтарында өткен материалдар негізінде оқушылардың шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру;
- “МӘҢГІЛІК ЕЛ” идеясы негізінде идеясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының патриоттыққа тәрбиелеуде ұлттық құндылықтардың жалпыадамзаттық құндылықтарға ұштасатындай сабақтастықта болуын қамтамасыз ету.
2. «Мәңгілік Ел» идеясы негізінде бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу әдістері
Педагогикалық әдістерді қолданғанда мұғалім өзіндік жеке тәжірибеге сүйенуі тиіс, мысалы, жағдаяттардың өзгеруі, тәуелсіз сарапшыларға жүгіну т.б. Педагогикалық үдерісте педагог көптеген педагогикалық тәсілдерді қолданса болады, себебі жаңа педагогикалық жағдаяттар жаңа педагогикалық тәсілдерді тудырады. Әр сынып жетекшісі өзіне тән, өзінің мінез-құлқына, темпераментіне, өмірлік және педагогикалық тәжірибесіне сай педагогикалық әдіс-тәсілерді қолдана алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет