2. ДӘріс тезистері


Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологиялары мен әдістері



бет5/22
Дата26.09.2023
өлшемі196.02 Kb.
#478597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Ұлттық құндылық Лекциялар 2

Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологиялары мен әдістері
Дәріс жоспары
1. Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологиялары
2. Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие әдістері

Дәрістің қысқаша мазмұны:


1. Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологиялары мен әдістері 2017-2018 оқу жылында Қазақстан республикасының Жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы
әдістемелік нұсқау хатында: практик-мұғалімге көмек ретінде оқу процесін ұйымдастырудың қазіргі заманғы тәсілдеріне, әдістеріне, технологияларына қысқаша сипаттама ұсынылған. Осылардың ішінен тақырыбымызға тікелей қатысты құндылықтарға бағытталған тәрбие технологиялары мен әдістеріне
тоқталмақпыз.
Тұлғалы бағдарлы технологияның мақсаты – тұлғаны дамытуда, әлеуметтік ортада өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруда кездесетін әртүрлі жағдайларда оң шешім таба білу. Тұлғалық - бағдарлы тәрбие технологиясының зерттейтіні оның мәні мен ондағы тәрбиелік қарым-қатынастар. Тәрбиелік қарым-қатынас орнату арқылы, тұлғаны дамытатын жағдаяттар, тұлғаның білімін, субьектілік тәжірибесін жетілдіру, өз дүниетанымын, өзіндік қолтаңбасын және өзіне тән тұлғалық қасиеттер қалыптастыру. Тәрбиенің нақты мәні – тұлғаны сомдаушы үдерісті ұйымдастыру. Тәрбиеге қамтылған субьектілік қалыптағы бірдей жағдайда тәрбиеленгенімен де, түрлі тәрбиелік үдерісті үйретеді, яғни тәрбиелік деңгейі әртүрлі болады.
Тұлғалық бағдарлы тәрбие технологиясы оқушыны әлеуметтендіруді, оның тұлғалық қасиеті субьект деңгеінде дамытуды көздейді. Жан дүниені қозғалысқа түсіру – тұлғаның ішкі дүниесін дамытудың бірден-бір жолы. Осыған орай тұлғаның жан дүниесіне түрткі тудырып, оны дамытуды ұйымдастыру – педагогтың басты қызметіне айналуы шарт.
Құндылық бағдарлы тәрбие технологиясын топта іске асырудың пайдасы зор: топтағы әр бала ойланып, әрекет етуге күш жұмсайды; топта қалыптасқан көңіл-күй ортасы баланың көңіл-күйіне әсер етеді. - тәжірибесі, білімі, дағдысы, өз күшіне сенімсіздігі, тұлғалық қасиетінің толық жетілмеуінен туатын өз басына тән мәселені нақты білу; - көңіл-күйін реттей білу, өмірлік келеңсіздіктен қажетті тұжырым жасай білу;
Н.Е.Щуркова құндылық бағдарлы тәрбие технологиясын зерттеп, оны топта іске асырудың пайдасы зор екендігіне тоқталды: топтағы әр бала ойланып, әрекет етуге күш жұмсайды; топта қалыптасқан көңіл-күй ортасы баланың көңіл-күйіне әсер етеді.
- тәжірибесі, білімі, дағдысы, өз күшіне сенімсіздігі, тұлғалық қасиетінің толық жетілмеуінен туатын өз басына тән мәселені нақты білу;
- көңіл-күйін реттей білу, өмірлік келеңсіздіктен қажетті тұжырым жасай білу;
- өмірдің мәнін іздеу, түрлі өмірлік құндылықтарға өзінің қатынасын білдіру, - деген тұжырым жасаған.
Тәрбие технологиясы ішіндегі оқушының білімге, оқуға, ғылымға, еңбекке деген ынта ықыласын қалыптастыруға ойын технологиясы негізгі орын алады. Іскерлік ойындар – заттық және әлеуметтік мазмұндағы кәсіби іс-әрекетті, белгілі бір тәжірибеге тән қарым-қатынаст модельдеу формасы. Ойын алықы адамының белгілі бір типті тәжірибелік әрекет жасауын ұйымдастыруға байланысты және қатысушылардың мақсатына орай, ойынның мынадай түрлері ажыратылады: оқу, зерттеу, басқау, аттестациялық.
Ұжымдық шығармашылық істер технологиясы. Аталған технология оқушының бойындағы шығармашылық дамуды көздейтін заманауи технологияға жатады. Заманауи технологиялар қазіргі таңда кеңінен қолдану аясында. Қоғамның сұранысына байланысты сыни тұрғыда ойлау технологиясы, миға шабуыл технологиясы, интербелсенді әдістер, ІР технологиясы т.б. тұлғаның шығармашылық дамуына ықпал ететін әдістер мен тәсілдерді жинақтаған.
Мультимедиялық технологиялар да тәрбие шарасын іске асыруда негізгі орын алады. Қазіргі таңда жоғары мектептерде өте жиі қолданылатын технологиялардың бірі. Тәрбиелік іс-шараларда аудио технология, проектор, телевизор, магнитофон т.б. пайдалана отырып, оқушының танымдық деңгейін дамытуға ықпал етеді.
SMART технологиясы әлемдік деңгейде заманауи тұрғыда жаңашылдықпен іске асып отырған технологиялардың бірі. Тәрбие жұмысында көптеген іс-әрекеттер презентациялар, слайд шоу, дыбыстық жүйелерді пайдалана отырып, қашықтықта тапсырма беру, интербелсенді әдістерді пайдалану арқылы іске асады. Бұл технологияның ерекшелігі оқушы кез-келген уақытта электронды жүйе арқылы өзінің білім көздеріне қолжетімділігі арқылы білік, білім, дағдысын жетілдіре алады, білім қорының молаюына ықпал етеді. Заманауи байланыстарға SMART технологиясы кез келген шараларға байланысты материалды еркін пайдалана отырып, өте қызықты өткізуге жағдай туғызады.
Тәрбие жұмысындағы кейс технологиясы тәрбиелік іс-шараларда әр түрлі кездесетін жағдаяттардан, әртүрлі пікір таластар шығудың жолдарын анықтайтын, өз көзқарастарын, дағдыларын, дауды, пікір талас тудыра отырып, одан шығу жолдарын,жағдаяттарды шешуге негізделген сұрақтар мен тапсырмалардың жинағын қалыптастырады. Кейс (case) ағылшын тілінен аударғанда «жағдаят» деген мағынаны береді. Білім алушының өмір сүру өзіде әр түрлі жағдаяттардың туындайтыны белгілі. Кейс технологиясын тәрбиелік іс – шараларда қолдануда жағдаяттардан мәселелердің шығудың жолдарын нақты айқындайтын әдіс-тәсілдерді, мәселелерді шешуде алгоритмдік реттілікті құра білуі керек.
Қарым-қатынас технологиясы. Педагогикалық үдерісті жүзеге асыру үшін педагогикалық міндетті шешуді көздеу керек. Біріншіден, педагогикалық міндетті шешуге екі субьект (педагог пен тәрбиеленуші ) қатысады. Екіншіден, көзделген міндетті жүзеге асырумен бірге тәрбиеші өз ісіне сырт көзбен қарап, өз ісін бағалай білуі тиіс. Үшіншіден, педагогикалық міндет үнемі оқыту міндетін мен диалектикалық тұрғыдан тығыз байланысты болғандықтан, білім алушының тәрбие міндетін шешумен байланысты. Педагогикалық міндет педагог басшылығымен, студенттің іс-әрекетін белсендірумен жүзеге асады.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері құжатында тәрбиенің мақсаты жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтетіні көрсетілген.
2. Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие әдістері
«Әдіс дегеніміз - тәрбиешінің баланың бойына тұрақты моральдық көзқарастар мен адамгершілік сезімдерді, дағдыларды сіңірудің құралы» деген анықтама беріп келді. Бұл жерде әдіс дегенді тәрбие құралы деген мағынаның синонимі ретінде алынып отыр.
Әдіс деген сөз гректің ”metodos “ деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққы, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Ал, кейінгі шыққан оқу құралдарында тәрбие әдістерін тәрбиенің тәсілдерімен, оқушының бойына белгілі бір қасиеттерді сіңірудің жолдарымен бірлікте алып қарастырады. Ең алдымен адамның жеке бас қасиеті мен қабілеті іс-әрекет барысында қалыптасады. Бұл қарым-қатынасты да қалыптастыруға қатысты. Мысалы, оқушының айналамен қарым-қатынасы арқылы өмірге деген көзқарасы қалыптасады. Ал ол қоғамдық іс-әрекетке қатысу арқылы туындайды. Сондықтан оқушы білім мен тәрбие алуы үшін оны оқу мен қоғамдық іс-әрекетке белсенділікпен араласуын қарастыру қажет.
Тәрбие әдісі бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылатын мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол. Тәсілдер – тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары. Тәрбие тәсілі – жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты іс. Тәсілдер - бұл тәрбиешінің қойылған мақсатқа тез жетуі үшін тәрбиеленушімен бірге салатын соқпақ жол деуге болады, Егер оны басқа тәрбиешілер де пайдалана бастаса, біртіндеп ол үлкен соқпақ жолға - әдіске айналады. Тәрбие әдістері мен тәсілдері бірімен-бірі тығыз байланысты.
Сендіру – тәрбиенің ең маңызды әдісі. Сендіру әдісінің тәрбиедегі орнын, оның педагогикалық процестегі көп қырлылығы мен әсерлілігін Н.И.Болдырев бастаған педагогтар зерттеп, тереңдетті. Н.И.Болдырев «Сендіру - баланың сана-сезіміне, еркіне, оның бойындағы жағымды мінез-құлықты қалыптастыруда күшті әсер ететін ең тиімді тәрбие әдісі»,- деп көрсетеді.
Жағымды үлгі өнеге арқылы тәрбиелеу әдісі. Жеке бастың қалыптасып дамуы тек сөз әсерімен сендіру арқылы іске асырылып қана қоймайды, тәрбие ісінде жеке адамның үлгі-өнегесі де зор рөл атқарады. Оқушылар басқаның аса жоғары идеал іс-әрекетін байқап, бақылай отырып, ерлік, еңбексүйгіштік, саналылық дегендердің мазмұны мен мәнін ой елегінен өткізіп, өзінше тебіреніп барып қабылдайды. Басқаның іс-әрекетіне өзінше баға беретін болады. Баланың өскен сайын басқаға еліктеуі оны көшіре салуы емес, өмірге өзінше баға беріп, сана-сезімінде сыннан өткізу арқылы басқаның адамгершілік сезімі мен көзқарасына сын көзімен қарап, өзінше түсініп, өзінше қабылдайды. Жеке басқа үлгі болатындар: белгілі қоғам қайраткерлері, соғыс және еңбек ардагерлері, өнер және мәдениет қайраткерлерінің іс-әрекеті, өмір жолы. Оларды оқушыларға үлгі ету ісі әңгіме, саяси хабар, кездесу кештері, т.б.
Жаттықтыру әдісі. Жек бастық қасиеттерді қалыптастыруда аса маңызды рөл атқаратын тәрбие әдісінің бір түрі - жаттықтыру. Мінез-құлықты оқушы бойына дарытып, әдет, дағдыға айналдыруы үшін жаттықтыру, қайталап үйрету қажет. Психолог Л.И.Божович: «Жеке бастың қасиетін сенім, талап ету, мадақтау және жазалау әдістерімен ғана тәрбиелеп жетілдіруге болмайды. Тұрақты жағымды мінез-құлықты бала бойына сіңіру оларға тіл мен математика сабақтарын үйреткендегі сияқты, жаттықтыру әдісімен іске асырылады»,- дейді. Сонымен «Жаттықтыру әдісі дегеніміз – оқушының бойына қажетті жағымды іс-әрекетті, мінез-құлықты бала бойына сіңіру, оны қалыпты мінез –құлық дағдысына біртіндеп айналдырып қалыптастыру».
Осы әдісті жүзеге асыру үшін, оқушыны әр түрлі сыныптан тыс қоғамдық жұмыстарды атқаруға, еңбеке, мәдени-көпшілік, саяси тәрбие, спорт жұмыстарына араласуға тәрбиелеу абзал. Бір сөзбен айтқанда оқу-тәрбие процесіне байланысты мектепте істейтін іс-әрекеттердің бәрі жаттықтыру арқылы іске асырылады. Жаттықтырудың мәні адамның іс-әрекеті мен қимылын әлденеше қайталау арқылы сол мінез-құлық нормасына деген адам бойында қажеттілікті туғызу екенін психологиялық жағынан дәлелдей, нақтылай түсуде жатыр.
Мадақтау және жазалау әдістері. Мадақтау әдісі дегеніміз - тәрбиешінің баланың жағымды іс-әрекетін, мінез-құлқын көріп бағалай білуі және оны көпшілік, ұжым алдында жария етуі. Ал, бұған қарама-қарсы жазалау, баланың іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы кедір-бұдырларды жөндеу жолындағы тәрбиешінің өз әрекеті деп түсінген абзал. Бұл әдіс баланы өз іс-әрекетіне өзі талдау жасап, өзіне-өзінің баға беруіне бағыттайды. Демек, өзін теріс іс-әрекеттен тежей білуге үйретеді. Олай болса, мадақтау немесе жазалау әдісі оқушылардың адамгершілік сана-сезімінің оянуына, дамуына ықпал етеді . Мадақтаудың құралына мұғалімнің оңаша мақтауы, алғыс жариялауы, мақтау қағаздарымен марапаттауы, құрмет кітабына жазу, құрмет тақтасына суретін ілу, т.б. жатады.
Жазалау әдісіне мыналар жатады: мұғалімнің ескертуі, сөгіс жариялауы, педагогикалық кеңесте қарау, қиын балаларды тәрбиелейтін арнаулы мектепке жіберу. Мадақтау да, жазалау да өте нәзік тәрбиенің қатаң әдісі болғандықтан, оны байқап пайдаланған жөн.
Оқушылардың мінез-құлқына бақылау жасау, талап қою әдісі. Баланың мектептен тыс уақыттағы мінез-құлқын бақылаудың немесе еңбектің бір түрінен екінші түріне ауыстырудың тәлімдік маңызы зор. Талап қою дегеніміз – баланың іс-әрекетін белгілі бағытқа бейімдеу. Талап қою - баланың жауапкершілік сезімін ояту. Бұл әдісті іске асырудың құралы – мұғалімнің сұрауы және орынды нұсқау беруі. Бұл әдістің ерекшелігі - баланың тез іс-әрекет етуіне, оның мінез–құлқын, өзін-өзі реттеп тәртіпке келтіруге үйретеді. Ол көбінесе мұғалім мен оқушының арақатынасы дұрыс, бірін-бірі түсінген, дұрыс талап қойған кезде болатын жағдай.
Бақылау әдісі дегеніміз - баланың іс-әрекетін, мінез-құлқын, белгілі нормалар мен ережелерді орындауға ынталандыруды көздейтін әдіс. Ол белгілі тапсырмалар мен талаптарды орындауға бағытталады. Ал оны орындату құралына баланың күнделікті мінез-құлқын, іс-әрекетін, жұмысын бақылау, тапсырмалардың орындалу барысы туралы әңгімелесу, оқушының мұғалім мен жолдастарының алдында есеп беруі сияқты іс-әрекеттер жатады. Бақылау баланың іс-әрекеттерін бақылай отырып, бағыт-бағдар беруге бейімделе жүргізіледі.
Баланың бір іс-әрекет түрінен екінші іс-әрекет түріне ауысуының психологиялық негізі педагогикадан өзгеше. Бала өзі дағдыланған іс-әрекетін өзгертуге бастапқы кезде қарсылық білдіреді. Ондай балаға жаңа іс-әрекеттің пайдалы жағын жайлап түсіндіріп, ол істі атқаруға ынтасын ояту керек. Тәрбие әдісін орынды жерінде қолдану ғана оң нәтиже береді. Тәрбиенің әдіс-тәсілдерін кешенді түрде қолданғанда ғана тәрбие ісі жемісті болады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологияларын мысал келтіре дәлелдеңіз
2. Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологияларын пайдаланып тәрбиелі іс-шара жоспарын құрыңыз.
3. Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие әдістеріне сипаттама беріңіз
4. Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие әдістерін пайдаланып тәрбие сағатының жоспарын құрыңыз.




№ 6 дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет