Нәтиже: smart-pedagog.kz педагогикалық порталы әзірленді және ашылды. Аталған виртуалды лабораторияны ондағы ақпараттармен танысуға болады. Төмендегі сілтемемен қазір көруге болады. https://smart-pedagog.kz/kk/
2022-2023 оқу жылында «Бастауыш білім беру» кафедрасы Ғылым және жоғары білім министрлігінен екі жоба жеңіп алдық, бірінші жобаның тақырыбы: «Мобильді білім беру ортасын құру арқылы болашақ бастауыш білім педагогтерін ұлттық құндылыққа баулу» жетекшісі: п.ғ.д., профессор Жұмабаева Азия Елеупановна. Екінші жобаның тақырыбы: «Хайфлекс (Heiflex) технологиясы арқылы болашақ мамандардың кәсіби сапасын қамтамасыз ету» жетекшісі: п.ғ.д., профессор Амирова Амина Слямхановна. 2022-2024 жылдар аралығында орындалу үстінде.
Осы ғылыми жобалар жоғары оқу орнында цифрлық технологиялардың қол жетімді болуына қарай педагогтер оны пәндік міндеттерді шешуге жиірек қолдануына мүмкіндік туғызады. Оған жобалардың аясында арнайы кабинеттерді электрондық ресурстар мен құралдармен жабдықтауды атауға болады. Оқытушылар мұндай міндеттерді шешуде заманауи технологиялдарды бейнедәрісті жазу, бейнероликтерді, интерактивті тақтаны тақта мен электрондық оқулықтарды мүмкіндіктеріне қарай қолданыла алатын болады.
Қазіргі цифрлы қоғамға цифрлы педагог қажет. «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау мәселесінде заманауи технологияларды пайдалану жолдары меңгертілуі тиіс. Соңғы жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы «6D010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша жұмыс істейтін диссертациялық кеңес республика бойынша мамандардың ғылыми әлеуетін көтеруге өзіндік үлесін қосып келеді. Мамандық бойынша оқитын докторанттардың зерттеу тақырыптары да бүгінгі қоғам сұранысына жауап беретін өзекті тақырыптарға арналып отырғанын айта кеткеніміз жөн. Мұның барлығы келешекке цифрлы педагог даярлаудың алғышарттары деп түсіну керек.
Педагогтің цифрлық құзыреттілігі:
Білім беру үдерісінде ең көп сұранысқа ие болатын технологиялық бағыттар:
Дәйекті блоктар тізбегіне жинау технологиясы (блокчейн)
Үлкен деректер технологиясы (Big data)
Цифрлік комуникация технологиялары
Интернет заттары
Толықтырылған шындық (AR)
Виртуалды шындық (VR)
Жасанды интеллект
Т.А.Бороненко мектептің білім беру ортасын цифрландыру жағдайында мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін зерттеген
Ең таңымал - мәтіндік және электрондық редакторлар, презентацияларды дайындау бағдарламалары, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер, онлайн сабақтарды өткізуге арналған құралдар, цифрлық білім беру және қашықтықтан оқыту платформалары құжаттармен жұмыс істейтін онлайн сервистер, деректерді сақтау бұлттары, бейне қызметтер
Ірі-шама танымал - онлайн біргей жұмыс атқару тақталары , онлайн тестілеу және сауалнамалар жүргізетін сервистер, электрондық портфолио
Сұранысы аз-тарту сервистер, диаграммалар, жобалық әрекеттер ұйымдастыру құралдары
Достарыңызбен бөлісу: |