Пәннің мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін ғылым мен білім туралы жалпы түсініктеріне сипаттама беріп кетейік.
Ғылым – бұл кез-келген басқа – педагогикалық, индустриалдық және т.б. сол сияқты сондай кәсіби адам іс-әрекетінің саласы. Ғылымның жалғыз ғана өзіне тән қасиеті адам іс-әрекетінің басқа салаларында ғылыммен табылған білімдер пайдаланылатынынан тұрса, онда ғылым – бұл негізгі мақсат ғылыми білімнің өзін алу болып табылатын іс-әрекет саласы.
Білім – адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдарының деректері мен пайымдарының жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады.
Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, зияттық, мәдени және дене дамуы, мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту үдерісі.
«Ғылым» термині нағыз мағынасында ғылыми білімнің жеке салаларын белгілеу үшін қолданылады: «психология», «педагогика», «физика, «химия» және т.б. ғылымдар.
Ғылым феномен сияқты – өте көп аспектілі құбылыс. Қалай болса да, ғылым туралы айтқанда, ең кемінде оның үш негізгі аспектісін естен шығармаған жөн:
– ғылым әлеуметтік институт ретінде (ғалымдар қоғамдастығы, ғылыми мекемелер және ғылыми қызмет көрсету құрылымдары жиынтығы);
– ғылым нәтиже ретінде (ғылыми білімдер);
– ғылым үдеріс ретінде (ғылыми іс-әрекет) яғни әрбір нақты жағдайда мәселе не жөнінде екенін айқын ажырату қажет.
Ғылым – философиялық зерттеудің нысаны ретінде көптеген салаларымен қарастырылады, бірақ бұл оның философиялық қарастырылуының қажеттілігін жоққа шығармайды. Ғылым философиямен екі қырынан – әдіснамалық және дүниетанымдық болып талданады. Ғылымның әдіснамалық талдануы келесі мәселелерді талқылайды: ғылымның пәні мен нысанының ара қатынасы диалектикасын; ғылым дамуының ішкі логикасын, сабақтастығын, заңдылықтарын; танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлері ара қатынасын, категориялары мен заңдарын, формалары мен әдістерін (жеке, жалпы, бәріне ортақ); әлемнің ғылыми бейнесін, ойлау стилін; білімнің объективтілігін (ғылыми шындықтың теориясы) қарастырады.
Ғылымның дүниетанымдық талдануы оның әлеуметтік-мәдени байланысты факторларымен детерминацияланған мәселелерге шоғырланады. Олар: материалды өндіріс, техника, технология, ғылыми-техникалық прогресс; әлеуметтік-саяси, философиялық, адамгершілік-эстетикалық, идеологиялық факторларды қамтиды.
Ғылымның негізгі субъектісі яғни саналы, мақсатқа бағытталған іс-әрекетті тасушысы, ғылыми қызметкерлер, ғалымдар ұжымы болып табылады.
Ғылым нысаны деп субъектінің белсенділігі көрінетін болмыстың барлық күйі жатады. Ғылым объектісіне қоршаған ортада тікелей ұқсастығы жоқ теориялық құрылымдар жатады. Мысалы, табиғатта идеалды газ жок, бірақ осы құрылыммен нақты жаратылыстану-ғылыми зерттеу облысында ғалымдар кең қолданады. Бұл ғылымды шындықты үйреншікті сезімдік қабылдаудан ажыратады.
Ғылыми білім белгілі заңдылық бойынша құрылады және ұйымдастырылады. Ғылыми білімнің ерекше қасиеттеріне – жүйелілік және негізделуі жатады. Білімді ғылыми жүйелеу үшін толықтыруға ұмтылу, жүйелі негіздеу туралы және оның қарама-қайшылығы тән. Мұнда ерекше ғылыми әдіс анықталынады. Ғылыми әдіс – білімді қайта жаңғыртуға, тексеруге, басқаларға таратуға болатын білімдерді алу шаралары. Ғылыми білім элементтеріне фактілер, заңдылықтар, теориялар жатады. Алынатын білімнің негізділігі және дәлелділігі – ғылымилыққа тән белгілер. Эмпирикалық білімді негіздеудің маңызды әдісі бақылау және эксперимент арқылы тексеру сонымен қатар түп дерек, статистикалық мәліметтерге сүйену болып табылады. Теориялық тұжырымдарды негіздеуде оған қойылатын басты талап қарама-қайшылық, эмпирикалық мәліметтерге сәйкестілік, белгілі құбылыстарды сипаттау және жаңа құбылыстарды болжау мүмкіндігі жатады. Ғылыми білімді негіздеу, оны бір жүйеге келтіру ғылым дамуының маңызды факторы болып табылады.
Жеке зерттеушінің ғылыми жұмысы негізгі ерекшелігі ретінде келесі жағдайды айтуға болады:
ғылыми қызметкер өзінің ғылыми жұмысының мақсатын анықтау керек. Бұл үшін жұмыс бағытын тұжырымдау керек, нақты мақсат қойып, оған жету үшін ретпен жүру керек. Зерттеушінің жолында әрқашан қызықты құбылыстар мен фактілер кездеседі. Бұл құбылыстар зерттеушінің қызығушылығын тудырады және ол осы құбылылыстарды жете зерттегісі келеді. Бұл кезде өз ғылыми жұмысының негізгі ойынан алыстап кету қаупі бар; сөйтіп жұмыс «шашырап» кетеді және нәтижесінде қорытындылар дұрыс болмайды. Бұл көптеген жас зерттеушілердің қателігі болып табылады;
ғылыми жұмыс «бастапқы идеяны ұсынушылар негізінде» құрылады. Қандай да бір мәселе бойынша, ғылыми жұмысқа кірісу үшін, осы облыста бастапқы ғылыми әдебиеттерде не істелгендігін зерттеу керек;
ғылыми қызметкер ғылыми терминологияны меңгеріп, өзінің ұғымдық аппаратын құру керек. Нағыз ғалымның құндылығы күрделі тілмен жазу емес, күрделі заттарды қарапайым тілмен жеткізу болып табылады. Зерттеуші ешқандай талап қойылмайтын күнделікті тілмен, қолданылатын терминология және ғылыми тіл арасына шек қою керек. Әрбір нақты жағдайда зерттеуші мына сұраққа жауап беру керек: «Қандай да бір ұғымды ол қандай мағынада қолданады».
Кез-келген ғылыми жұмыс нәтижесі ғылыми білімдерде көрінетіндіктен, осы білімдер белгілі бір формаларда көрініс табуы қажет. Ғылыми білімді ұйымдастырудың нысандары болып табылатындар:
– факті (синонимдері: оқиға, нәтиже). Ғылыми фактіге белгілі бір түрде белгіленген, тіркелген байланыстар және қатынастар, оқиғалар, құбылыстар, олардың қасиеттері жатады. Фактілер ғылымның түп негізін құрайды. Фактілердің белгілі бір жиынтығынсыз тиімді ғылыми теорияны құру мүмкін емес.
И.П.Павлов: «фактілер - бұл ғалым ауасы», - деген тұжырым жасаған. Ғылыми санат ретіндегі фактінің құбылыстан айырмашылығы бар. Құбылыс – объективті болмыс, жеке оқиға, ал факті – көптеген құбылыстар мен байланыстардың жиыны, оларды пысықтау, бекіту болып табылады. Факті, көбінесе, барлық осы тектес құбылыстарды жалпылау нәтижесінде оларды құбылыстың кейбір белгілі топтарына жатқызады;
– ереже – ғылыми анықтама, қалыптасқан ой;
– ұғым – заттарды, құбылыстарды және қасиеттердің, заттар мен құбылыстардың жалпы және өзіндік белгілерін сипаттау арқылы олардың арасындағы байланысты жалпыланған және затты белгісінен, қасиетінен ажырататын түрдегі берілетін ой. Мысалы, «білім алушылар» ұғымына жалпы білім беру мектептерінің оқушылары және кәсіби білім беру ұйымдары докторанттері, курсанттары, докторанттары, докторанттары енеді.
Ғылымның дамуы дегеніміз – бір-бірімен байланысқан теориялардың ауысу үдерісі. Ол зерттеудің нормативті қағидаларын түсіндіреді оған болашақты болжау мен эвристика кіреді. Бұл бағдарламаның құрылымдық элементтері – мықты өзек және қорғаушы тетік болып табылады. Мықты өзек дегеніміз – ғылымның салыстырмалы жоққа шығаруға болмайтын іргелі негіздері, қорғаушы тетік дегеніміз - өзекті қорғайтын қосалқы болжамдар жүйесі болып табылады.
Ғылыми бағыт – пәні, әдіснамасы және іргелі теориямен біріктірілген пәндер қатары.
Ғылыми мектептер – білім алу стратегиясымен біріккен зерттеушілер ұжымы. Бұл бір немесе екі, үш ғылым докторлары және оларда қорғаған кандидаттар мен аспиранттар, докторанттар.
Классикалық ғылыми мектептер университет негізінде пайда болады және ғылым мен сабақ беруді қатар жүргізеді.
Пәндік ғылыми мектептер – зерттеу мекемелері негізінде пайда болады және ғылыми жоспар бойынша жұмыс істейді (қазір неғұрлым танымал).
Ғылыми ұжым – оларды зерттеудің жалпы стратегиясы емес жалпы мәселе біріктіреді.
Зерттеуші топ – мәселенің нақты аспектілерін зерттейді.
Парадигма дегеніміз – ғылыми қауымдастық қабылдаған және ғылыми дәстүрдің өмір сүруін қамтамасыз ететін сенімдер, құндылықтар және техникалық дәстүрлердің жиынтығы болып табылады.
Теория дегеніміз – біркелкі, тұтас құбылыстардың қатынасы немесе оның элменттерінің үйлесімді қызметі сипаттайтын тұжырымдамалар, ұғымдар, түсініктер, заңдылықтар ұстанымдар жүйесі.
Қауымдастық (лат. associatio – бірігу, қосылу) – жеке адамдардың немесе
мекеме, қоғамдардың бірігуі; топтасу, үйлесуі. Заңды түрде тіркеуден өткен,
адамдардың өз еркімен белгілі бір мақсатты орындауға біріккен қоғамдық
ұйымы.
Ғылыми қауымдастық ұғымын, ұжым ретінде XX ғасырдың 40 жылдары Батыс ғылым әлеуметтануында М.Поляни енгізген; 50 жылы оны Э.Шилз дамытып нәтижесінде ол ғылым философиясы, әлеуметтану және ғылымтанудың іргетасының көрінісі ретінде пайда болды.
Ғылымның әлеуметтік жоспарда өмір сүруінің негізгі формасы ғылыми қауымдастық болып табылады, ол төрт мәнде түсіндіріледі:
- әлемнің барлық ғалымдарын түсіндіру;
- ұлттық ғылыми қауымдастық;
- пәндік ғылыми қауымдастық (химия, физика, педагогика, психология...);
- мәселелі ғылыми қауымдастық (бір мәселенің шешімімен айналысатын барлық ғылымдар).
Ғылыми қауымдастықтың позитивті қызметі:
- ғылыми қауымдастық өз зерттеуінің пәнін анықтайды және оның құрылымын қолдайды;
- алынған білімді негіздеу мен дәлелдеу әдістерін жасайды;
- зерттеу әдіснамасын жасайды;
- олар парадигманы қорғайды және дәстүрді сақтайды.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. «Бастауыш мектеп педагогикасы мен ғылымының өзекті мәселелері» курсының мақсаты мен міндеттері, мазмұны
2. Педагогикалық зерттеу әдіснамасы
3. Қазіргі ғылым мен бастауыш білімнің әдіснамалық тұғырлары
4. Оқыту нәтижелері сапасын бағалауға құзыреттілік тұрғысынан келу
7. Әдіснамалық рефлексия және оның зерттеу жұмысындағы мәні.
8. Дамытушылық білім беру үдерістерін психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық жобалау
9. Отандық бастауыш білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі.
10. Жаңартылаған бастауыш білім беру оқу бағдарламаларының басты идеялары. (1-4 сыныптар).
11. Бастауыш мектептегі әмбебап оқу әрекетттерді жобалау технологиялары
12. Педагогика ғылымы дамуының жаңа тұжырымдамалық идеялары мен бағыттары.
13. Бастауыш білім берудегі инновациялық үдерістердің мәні.
14. Білім беру философиясының тұжырымдамалары
15.Бастауыш оқыту педагогикасы саласында ғылыми білім алудың заманауи әдістерінің бірі – интербелсенді әдістер.
16. Жаңартылған бастауыш білім берудің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама.
17. Жеке пәндердің оқу-әдістемелік кешендеріне талдау жасаңыз.
18. Бастауыш білім сапасын бағалаудың халықаралық жүйесі.
19. Ғылымның жүйесцентристік және антроцентристік пардигмалары.
20. Парадигма – әдіснамалық категория ретінде
21. Білім берудің мониторингі – ғылыми және практикалық мәселе.
22. Интелектуальды интерфейс тұжырымдамасы.
23. Тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясының тұжырымдамасы.
24. Деңгейлеп, саралап, даралап оқыту технологияларына сипаттама.
25. Ақпараттық технологиялардың теориясы мен әдістемесі
26. Коммуникативті технологиялардың теориясы мен әдістемесі
27. Мультимедия технологиялары және оларға сипаттама
28. Отандық білім жүйесі мен шетелдік білім кеңістігін кіріктіру
29. Бастауыш білімді дамытудың бағыттары мен жаңа тұжырымдамалық идеялары
30. Бастауыш оқыту педагогикасы саласындағы ғылыми таным әдістері
|