2. ДӘріс тезистері



бет30/30
Дата02.04.2024
өлшемі4.37 Mb.
#497387
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
БМПед.ғыл. Дәріс 4

Педагогикалық жобалаубілім беру, тәрбиелеу, дамыту «өнерін» үнемі жүзеге асырушы мұғалім шығармашылығынан байқалатын педагогикалық іс-әрекеттің ең жоғары деңгейі.
Білім беруді жобалаудың өзіндік ерекшелігі болады. Ол білім беру мақсаттарына бағдарланған әлеуметтік практикалардың басқа түрлерімен байланыстарды орнатуды, қоғамдық одақтарды құруды, білім берудің мүлдем жаңа қорларын анықтауды, білім берудің қоғамдық маңызды саясатын тиянақтауды, іске асырылатын бастамалардың әлеуметтік салдары үшін жауапкершілікті алуды талап етеді.
Әлеуметтік-педагогикалық жобалау – бұл қоғамдық практиканың формасы ретіндегі білім беруді дамыту және өзін-өзі дамыту саласындағы кешенді зерттемелер мен көппәндік зерттеулерді жүзеге асыру жөніндегі арнайы ұйымдастырылған, әртүрлі кәсіптік іс-әрекет.
Жобалау үдерісінің кезеңдік құрылымы дұрыс анықталса, бұл мақсатты бағытталған жобалаудың сапасының дұрыстығына жол ашады.
Оқытуды жобалау бастауыш сыныпта білім беру жүйесінде оқу-танымдық іс-әрекетке тән ерекшеліктерді білдіреді. Ол мыналармен байланысты: мазмұнды талдап қорыту, яғни білім берудің теориялық жүйесімен; жалпыдан нақтыға ауысудың танымдық қарама-қайшылықтарымен; осы қарама-қайшылықтар білім берудің ерекшеліктерін анықтайды және ойлаудың белгілі стилін қалыптастырады; нәтижелі іс-әрекетке ие оқу міндеттерін шешу әдістерімен; бастапқы шарттардың өзгеруі, бөлінген қарым-қатынастарды құрылымдау, бақылау, бағалау, рефлексия.
Біздің пікіріміз бойынша, қазіргі кездегі білім беру практикасындағы теориялық мәселелерді шешу арнайы осындай бағытты талап етеді, ал бұны әлеуметтік-педагогикалық ретінде: қолдану саласында педагогикалық (білім беру саласы) және өзінің салдары бойынша әлеуметтік (қоғамдық өмірдегі өзгерістер) деп белгілеуге болады. Бүгінгі таңда әлеуметтік-педагогикалық жобалау білім беру жүйесінің әртүрлі деңгейлерінде жүзеге асырылып отыр.
3. Бастауыш мектептегі әмбебап оқу әрекеттерді жобалау технологиялары
«Әмбебап оқу әрекеті» термині кеңінен алғанда оқи білуді білдіреді, яғни субъектінің жаңа әлеуметтік тәжірибені саналы және белсенді меңгеруі арқылы өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруіне ықпал етуі. Осы терминді тар ұғымда (психологиялық) осы үдерісті ұйымдастыруды қоса алғанда жаңа білімдерді өздігінен меңгеру, дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқушының іс-әрекет әдісінің (сондай-ақ онымен байланысты оқу жұмысының дағдылары) жиынтығы ретінде анықталады.
Оқушының жаңа білімді өздігінен сәтті меңгеру қабілеті, осы үдерісті ұйымдастыруды қоса алғандағы дағды мен құзыреттілікті қалыптастыру қабілеті, яғни оқи білуі әмбебап оқу әрекеттерінің жалпылама іс-әрекеті ретінде оқушыларға әртүрлі пәндер бойынша да, сондай-ақ оқудың мақсаттылығын, құнды-мазмұндық және амалдық сипаттамаларын түсінуді қамтитын оқу әрекетінің құрылымы бойынша да кең бағдар береді. Осылайша, оқи білуге қол жеткізу оқушылардың оқу әрекеттерінің барлық компоненттерін толыққанды меңгеруін қамтиды. Олар:
1)танымдық және оқу себептері; 2)оқу мақсаты; 3)оқу міндеті; 4)оқу әрекеттері мен операцияларды (бағдар, материалды қайта өзгерту, бақылау және бағалау) болжайды. Оқи білу – оқушылардың пәндік білімдерді меңгеру тиімділігін арттыру, дағды мен құзыреттілікті, тұлғалық адамгершілікті таңдаудың әлемдік бейнесі және құнды-мағыналық негіздерін қалыптастырудың негізгі факторлары.
Әмбебап оқу іс-әрекеттерінің түрлері.
Жалпы білім берудің шешуші мақсаттарына сәйкес келетін әмбебап оқу әрекеттерінің негізгі түрлерінің құрамындағы мына төрт блокты бөліп көрсетуге болады: 1) тұлғалық; 2) өзін-өзі реттеу әрекетін қамтитын; 3) танымдық; 4) коммуникативтік.
Әмбебап оқу іс-әрекет жүйесін баланың тұлғалық және танымдық аясының нормативтік-жастық дамуы шеңберінде жүзеге асырылатын тұлғаның психологиялық қабілеттерінің дамуын анықтайтын тұлғалық, регулятивтік, танымдық және коммуникативтік әрекеттер құрамында дамыту. Оқу үдерісі баланың оқу іс-әрекетінің мазмұны мен сипаттын береді, осылайша аталған әмбебап оқу әрекеттерінің жақын арадағы даму аймағын және олардың сипатын анықтайды.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. «Бастауыш мектеп педагогикасы мен ғылымының өзекті мәселелері» курсының мақсаты мен міндеттері, мазмұны
2. Педагогикалық зерттеу әдіснамасы
3. Қазіргі ғылым мен бастауыш білімнің әдіснамалық тұғырлары
4. Оқыту нәтижелері сапасын бағалауға құзыреттілік тұрғысынан келу
7. Әдіснамалық рефлексия және оның зерттеу жұмысындағы мәні.
8. Дамытушылық білім беру үдерістерін психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық жобалау
9. Отандық бастауыш білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі.
10. Жаңартылаған бастауыш білім беру оқу бағдарламаларының басты идеялары. (1-4 сыныптар).
11. Бастауыш мектептегі әмбебап оқу әрекетттерді жобалау технологиялары
12. Педагогика ғылымы дамуының жаңа тұжырымдамалық идеялары мен бағыттары.
13. Бастауыш білім берудегі инновациялық үдерістердің мәні.
14. Білім беру философиясының тұжырымдамалары
15.Бастауыш оқыту педагогикасы саласында ғылыми білім алудың заманауи әдістерінің бірі – интербелсенді әдістер.
16. Жаңартылған бастауыш білім берудің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама.
17. Жеке пәндердің оқу-әдістемелік кешендеріне талдау жасаңыз.
18. Бастауыш білім сапасын бағалаудың халықаралық жүйесі.
19. Ғылымның жүйесцентристік және антроцентристік пардигмалары.
20. Парадигма – әдіснамалық категория ретінде
21. Білім берудің мониторингі – ғылыми және практикалық мәселе.
22. Интелектуальды интерфейс тұжырымдамасы.
23. Тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясының тұжырымдамасы.
24. Деңгейлеп, саралап, даралап оқыту технологияларына сипаттама.
25. Ақпараттық технологиялардың теориясы мен әдістемесі
26. Коммуникативті технологиялардың теориясы мен әдістемесі
27. Мультимедия технологиялары және оларға сипаттама
28. Отандық білім жүйесі мен шетелдік білім кеңістігін кіріктіру
29. Бастауыш білімді дамытудың бағыттары мен жаңа тұжырымдамалық идеялары
30. Бастауыш оқыту педагогикасы саласындағы ғылыми таным әдістері

1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет