Тақырып 9. Заманауи технологиялардың бастауыш білім берудегі әлеуеті
Бастауыш білім берудегі цифрлық технологиялар
1.Заманауи технологиялардың бастауыш білім берудегі әлеуеті
2.Бастауыш білім берудегі цифрлық технологиялар
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Цифрлық қоғам – адамдардың өмір жағдайына, олардың біліміне және жұмысына, сонымен қатар мемлекет, бизнес және қоғам арақатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы шешуші әсер ететін, қоғам өмірінің барлық салаларында білім мен ақпараттық доминантты рөлімен ерекшеленетін өркениет дамуының заманауи кезеңі. Заманауи технологиялардың бірі цифрлы технологиялар десек, аталған технология қазіргі білім беру жүйесінің сенімді құралы болып табылмақ.
XXI ғасыр ақпараттық ғасыр болғандықтан білім алушылардың оқыту үдерісін түбегейлі өзгертетін замануи технологиялардың бірі – цифрлық технологиялар. Цифрлық технологиялар білім алушылардың білім алуының жаңа тәсілдерін меңгеруді қажет етеді. Бұл еліміздегі білім беру ұйымдарының электрондық ресурстарға қолжетімділігінің артуымен байланысты болмақ. Бұл бастауыш сынып оқушыларының цифрлық білім алуда электрондық ресурстарды пайдаланып, білім қорларынан оқу материалдарын белсенді, саралап меңгеруде цифрлық дағдыларын дамытуға негіз болады.
Бастауыш сыныптардацифрлық технологияларды қолдану үшін студенттерді білімді өздігінен меңгеру, өзіндік жұмыстарда зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми жобалар орындау, интернет желісінің қолжетімділігін атап айтсақ, бейнежазбалар, дәрістік материалдар, даярланған білім беру қорларының электрондық кітапханасын цифрлық сауаттылықпен пайдалануға даярлау.
Елімізде 2020 жылы «Ақпаратты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жарық көрді. Онда: болашақтағы білім – бұл аралас білім, яғни білім беру процесіне күндізгі және желілік оқу нысандарының тартылу дәрежесі әртүрлі симбиозы. Қазіргі уақытта әлемде аралас (дәстүрлі және электрондық) оқыту тәжірибеге енгізілген.
Білім беру саласын цифрландырудың ең басты мақсаты – білім беру сапасын арттыру, яғни халықаралық дейгейде әртүрлі зерттеу бағдарламаларында, оның ішінде «жасанды интеллект» және «ауқымды деректер» жасау саласында бәсекеге қабілетті болашақ ұрпақты дайындау.
Білім беруді цифрландырудың негізгі элементтерінің бірі цифрлық (сандық) сауаттылық болып табылады. Цифрлық сауаттылық – білім берудің басты басымдығы, бұл компьютерлік бағдарламалауды, графикалық техниканы қолдана отырып, цифрлық технологияларды қолдана отырып, мазмұнды жобалау және пайдалану мүмкіндігі визуализация, компьютерлік графика, мультимедиялық тапсырмаларды және т.б. ақпаратты іздеу және алмасу, басқа білім алушылармен байланысты қамтиды.
В.А.Плешаков: цифрландыру жағдайында педагогтің келесі жетекші функцияларын ұсынған:
цифрлық білім беру ортасында студенттердің жеке және топтық (соның ішінде дербес, жобалық, бөлінген желі) іс-әрекетін ұйымдастыру;
цифрлық білім беру ортасында студенттердің жеке және топтық (соның ішінде дербес, жобалық, бөлінген желі) іс-әрекетін ұйымдастыру;
білім беру маңызды коммуникация жағдайларын жобалау және ұйымдастыру, соның ішінде желілік коммуникация;
цифрлық ортада ақпаратты іздеу және таңдау үдерісінде сыни ойлауды қалыптастыру және дамыту;
бір оқушымен жұмыс істейтін басқа мұғалімдермен тұрақты сындарлы өзара әрекеттесу (оқу тобы, жобалық топ және т.б.).
жеке маңызды тәжірибені рефлексиялық талқылауды ұйымдастыру; сондай-ақ «табысты маман» рөлдік образдарын тасымалдаушы ретінде;
студенттердің оқу мотивациясын басқару, оның ішінде топпен жұмыс кезінде, фасилитация құралдарын қолдану.
В.И.Блинов, И.С.Сергеев, Е.Ю.Есенина: тұлғаның дамуындағы цифрлық білім беру идесын іске асыруда цифрлық білім беру ортасының қажеттігін ескере отырып, «цифрлық білім беру ортасы – бұл адамды оқыту, дамыту, әлеуметтендіру және тәрбиелеу үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер кешені, - деген анықтама берген.
Цифрлы білім беру жүйесі негізгі үш бағыт бойынша жүргізілуде: білім беру үдерісін цифрландыру, цифрлық білім беру контенті, білім беруді басқаруды цифрландыру.
Қазақстанда мектептік білім беруді цифрландыру оны реформалау үдерісіндегі басты тенденциялардың бірі болып табылады. Болашақ мектептерінің көрінісі көбінесе барлық пәндердің бұлтты білім беру жүйесіне біртіндеп көшуімен байланысты. Бұл жерде онлайн оқулықтар мен виртуалды зертханалар туралы, ашық білім беру мазмұны, әрбір қатысушыға икемді және жеке көзқарас болады. Мектеп кітапханалары ақпараттық және компьютерлік орталықтарға айналды. Оқу үдерісі әрбір білім алушының идентификаторымен байланыстырылатын болады, бұл бағалау және бағаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
2021-2023 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры К.Ж.Бұзаубақовамен бірге Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылыми жобасын аяқтадық. Жоба тақырыбы: «Жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру: Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспектілері».
Достарыңызбен бөлісу: |